Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-семестр Кадиша УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.91 Mб
Скачать

Қазақстандағы экологиялық дабыл

Тақырып мазмұны:

1. Балқаш -байлығымыз

2. Каспий экологиясы қандай жағдайда?

3. Келер ғасыр табиғатты сыйлау ғасыры

Грамматикалық тақырып: Қосымшалардың орындалу тәртібі

Мақсаты: «Қазақстандағы экологиялық дабыл» тақырыбы бойынша өтілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, грамматикалық тұлғаларды меңгеру, оларды тілдесімде қолдана алуға машықтандыру.

Айтылым бойынша: жаңа сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырып бойынша сұрақ қоя алу, қойылған сұрақтарға жауап бере алу, ойын ауызша жеткізе алу, мәтіннің мазмұнын айта алуға үйрету.

Жазылым бойынша: жазбаша ойын жеткізе алу, сұхбат, шағын мәтіндер құрастыра алуға төселдіру.

Оқылым бойынша: тақырып бойынша оқыған мәтіндері мен сұхбаттарын түсінуге үйрету.

Тыңдалым бойынша: тақырып бойынша тыңдаған сұхбаттарын, монологтарын түсіну, ауызша қойылған сұрақтарды түсінуге үйрету.

1 - сабақ

Балқаш – байлығымыз

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Б алқаш көлі Қазақстанның оңтүстік шығысында орналасқан. Оның ұзындығы -614 шақырым, ал ені - 74 шақырым. Іле Қытайдан басталады. Балқаш көліне Іле, Лепсі, Аякөз, Бақанас, Қаратал, Мойынты сияқты өзендер құяды. Балқаш көлінің орташа тереңдігі -6 метр, кейбір жерлерде 27 метр. Балқаштың өзіндік бір ерекшелігі ол жіңішке ¥зынарал бұғазымен екіге бөлінген.

1989 жылы «Әлем көлдерін қорғау» атты халықаралық форумға қатысушылар Балқашта болды. Ол көлдегі экологиялық жағдайды ашық мәлімдеді. Жапонның эколог ғалымы Қуросаваның айтуынша, көлге назар аудармасақ, көл жоғалуы мүмкін.1992 жылы Балқаш мәселесі мемлекеттік деңгейде талқыланып, оны қорғау туралы арнайы Үкімет қаулысы шықты.

1969 жылға дейін көлге бір жылда 14 мың текше метр су қосылса, қазір оның көлемі 6-8 мың текше метрден аспайды. 4-5 жылдан кейін бүл мөлшер тағы азайса, Балқаш тағдырын кімнен көреміз. Табиғат-Ана жіберген қателігімізді кешірмейді. Балқаш сияқты қымбат қазынамызға қауіп төніп тұр.Біз үшін Балқаш теңдессіз ұлт байлығы, табиғи байлығымыз. Ресей үшін Байкал, АҚШ үшін Мичиган қандай қымбат болса, Балқаш та біз үшін қымбат қазына.

Байкал туралы А. Сахаров былай дейді: «Байкал - элемдегі ұлы көлдердің бірі, оның құны күннеи күнге көтерілуде. Ал ең бастысы - бұл табиғаттың ерекше жаратылысы, еліміздің көркі мен мақтанышы, тіпті символы да».

Жағалаудағы мыс комбинаты өзінің қалдықтарын көлге төгеді. Нәтижесінде балықтар уланып жатыр. Бағалы балықтар сиреп барады. Қазір комбинат мұржаларынан бір жылда 500 мың тоннаға дейін залалды заттар ұшып, жерге қонады.

Балқаш аймағы адамдарының орташа емір сүру жасы - 1996 жылы 58 жас болса, қазір 50 жас болып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, сәбилердіңде денсаулығы нашар. Мұның бәрі экологиялық жағдайдың өте төмендігінен.

Ресей мемлекетінде «Байкал көлі туралы» заң бар. Біздің республикамыздың Парламенті «Балқаш көлі туралы» заң кабылдаса, артық болмас еді. Балқаш көлінің еліміз үшін маңызын ештеңемен алмастыруға болмайды.

(«Егемен Қазацстан», тамыз, 2000)

2-тапсырма. Мәтінге берілген жоспарды оқыңыз. Жоспар атауларын мәтін абзацтарынан табыңыз.

  1. Балқаштың географиялық суреттемесі.

  2. Балқаш көліне құятын өзендер.

  3. Ғалымдар Балқаш туралы.

  4. А. Сахаров Байкал туралы.

  5. Балқаштың улану себептері.

  6. Тұрғындардың денсаулығы.

  7. Балқаш туралы заң.

3-тапсырма. Жоғарыдағы жоспарға қарап отырып, мәтіннен негізгі ақпаратты теріп жазыңыз, сонда мәтін мазмұнын білдіретін тезистік жоспар пайда болады.

Үлгі:. Алтын Балқаштың улану себептері.

— Жағалаудағы мыс комбинаты өз қалдықтарын көлге тастайды. Сондықтан балықтар уланып, азайып жатыр.

4-тапсырма. Мына сұрақтарга оқып, өз пікіріңізді білдіріңіз.

1. Балқаш суы оттегіге ( О,) бай су. Қалай ойлайсыз? Мұның қандай маңызы бар?

  1. Балқаш балыққа бай. Мұның қандай маңызы бар?

  2. Балқаш қасиетті көлдердің бірі. Неге қасиетті?

  1. Әлемде Балқаш сияқты тағы қандай көлдер бар?

  2. Қазақстанда тағы қандай көлдер бар? Олар туралы не білесіз?

  3. Балқаш пен Байкалды салыстырыңыз.

  4. Балқаштың деңгейі қазір төмендеді. Балқаш мыс комбинатының зияны көп. Бұл мәселелер туралы не дейсіз?

5-тапсырма.Сипаттама қай көл туралы?

Аты айтып тұрғандай беті ала-ала. Ақ пен көк кезек-кезек алмасып жатады. Ақ жері - жылы, көгілдір тұсы - салқындау. Бірақ негізінен көл жанға жайлы, жып-жылы. Ыстықкөлдің суы бұдан әлдеқайда суық. Жылы болғандықтан да жұп-жұмсақ.

Қазақ жеріндегі осындай мөлдір көлдің өзі - жарты бақыт. Суы тұзды, денсаулыққа пайдасы зор. Мың да бір дертке шипа.

6-тапсырма. Мына сипаттама қай көлді есіңізге түсіреді?

Көл Жетісудың шығыс жағына орналасқан. Көлемі - 2696 шаршы шақырым. Ұзындығы - 1011, ені - 92 шақырым. Орташа тереңдігі - 22,5 метр. Көлдің дәл ортасьнда үлкен және кіші Арал төбе бар. Көлге он бестен аса өзен құяды.

2 - сабақ