Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-семестр Кадиша УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.91 Mб
Скачать
  1. Сабақ Қазақстанның егін және мал шаруашалығының дамуы

1-тапсырма. Берілген сөздердің орысша баламасын табыңыз.

Тірек сөздер: аграрлық өнеркәсіп кешені, аграрлық сала, жаңартылды,қашарлар, жабайы, арқар, таутеке, дәлелденген.

2-тапсырма.Берілген сөздердің антонимін табыңыздар.

Жаңартылды -

жабайы -

жарамды –

ұлғайды –

3-тапсырма.Мәтінді оқыңыз.

Қазақстанның аграрлық өнеркәсіп кешені

Қазақстанның аграрлық өнеркәсіп кешенінде (АӨК) кейінгі жылдары ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 7-8 пайыз, яғни еліміздің сыртқы тауар айналымының орта есеппен 4 пайызға жуығы АӨК үлесінде. 

Еңбекке жарамды халықтың үштен бір бөлігінен астамы осы аграрлық салада қызмет етеді. Ұлттық индустриалдық-инновациялық экономиканы қалыптастыруда АӨК-нің стратегиялық рөлі қомақты. Инвестициялардың ұлғая түсуіне қарамастан, АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігі төмен деңгейде қалып отыр. Аграрлық секторы дамыған елдер жоғары экономикалық дамуға ие. Мысалы: АҚШ, Австралия, Дания, Голландия, Аргентина, Бразилия және Канада. ХХ ғасырдағы әлемдік ауыл шаруашылығы өндірілетін өнімнің ғылыми сыйымдылығын арттыруға бағытталған. Қазақстан да аграрлық секторды инновациялық тұрғыда дамыту міндеттерін ұтымды шешуге талпынуы қажет.

ҚР-сы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында 30 миллион тоннаға жуық астық жиналды. Солтүстікқазақстандық диқандар 8,8 миллион тонна астық бастырды. Биылғы жылдың өзінде өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніне 7 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы техникалары паркі 80 пайызға жаңартылды. Соңғы 10 жылдың ішінде аграрлық сектордағы өндіріс көлемі 6 еседен астам ұлғайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, облыста ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жоба табысты жүзеге асырылуда. Асылтұқымды репродукторлар құру үшін еттік бағыттағы шетелдік мал сатып алынуда. Биыл 9 мың бастан астам мал жеткізілді, оның ішінде 2 мың басқа жуығы – жоғары өнімді шетелдік қашарлар. Үш мал шаруашылығы кешені ашылды.Осының бәрі өңірдің агроөнеркәсіптік кешені зор әлеуетті мүмкіндікке ие екендігін білдіреді.

4 -тапсырма.Сұрақтар көмегімен көршіңізбен тілдесіңіз.

  1. Еліміздің сыртқы тауар айналымының қанша пайызы АӨК үлесінде?

  2. Еңбекке жарамды халықтың қаншасы осы салада қызмет жасайды?

  3. АӨК қанша ақша бөлінді?

  4. Ауыл шаруашылығы техникалары паркі қанша пайызға жаңартылжы?

  5. Өндіріс көлемі қанша есеге артты?

  6. Мемлекет басшысының қандай тапсырмасы орындалуда?

5-тапсырма. Оқыңыз. Қызық.

Қазақ жері — мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі. Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары — қой мен ешкі. Қойдың арғы тегі — арқар (муфлон), ал ешкінікі — таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8—7-мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Осы кезге жататын Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкінің сүйегі табылған.

Сиыр тұқымының дәл қай жерден шыққаны әлі анықталмаған. Сиырдың да ең көне заманғы сүйегі б.з.д. 7-мыңжылдыққа жатады, ол Оңтүстік Анадолы жерінде (Түркия) табылған. Б.з.д. 6—5-мыңжылдықта Месопотамия жерінде мал шаруашылығы болғандығы бүгінде дәлелденген.

5-тапсырма.Ауылшаруашылығы саласында өзіңіз қандай қызықты дерек білесіз?

6-тапсырма.Қоныс, жерінде, жайылым, жабайы, негізінен.

Мал шаруашылығының тарихы 10 мың жылдай бұрын ................ жануарларды қолға үйрету кезеңінен басталған. Қазақстан мал шаруашылығы ежелден ................. ауыстырып отыруды талап ететін.Қазақ жерінде .................... қой, ешкі, жылқы және түйе өсірілді. Шошқа өсірудің қолға алынуы ХІХ-ХХ ғасырларда Ресейден орыс шаруаларының аударып келе бастауымен тығыз байланысты.

7-тапсырма.Егер сіз болашақта ауыл шаруашылығы министрі болсаңыз, елімізге қандай жаңалықтар енгізер едіңіз.

15-апта

Модульдік тақырып: Отандық сауда өндірісін дамыту

Тақырып мазмұны:

2. «Алтын сапа» белгісі

3. «Мінсіз» халықтық сапа белгісі

Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлемді қайталау

Мақсаты: «Отандық сауда өндірісін дамыту» тақырыбы бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, клишелер мен грамматикалық тұлғаларды меңгерту, оларды күнделікті сөйлесім әрекетінде қолдана алуға машықтандыру.

Айтылым бойынша: жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыпты ауызша баяндай алуға төселдіру.

Жазылым бойынша: тақырып бойыншаөз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.

Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды оқып түсінуге төселдіру.

Тыңдалым бойынша: тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.

1 – сабақ