
- •Практикалық сабақтардың қысқаша конспектісі
- •Отбасындағы әйел мен ер адамның рөлі
- •Отбасы бюджеті.
- •Еліміздегі демографиялық мәселе
- •Сабақты қорытындылауға арналған лексика-грамматикалық тест
- •Тіршіліктің жасыл тірегі
- •Қазақстандағы экологиялық дабыл
- •Балқаш – байлығымыз
- •Каспий экологиясы қандай жағдайда?
- •Келер ғасыр табиғатты сыйлау ғасыры
- •Келер ғасыр табиғатты сыйлау ғасыры
- •Жастар және әлемдік бәсеке
- •Әлемдік бәсеке және ұлттық мүдде
- •Әлемдегі ең үлкен, ең көп, ең мықты ...
- •Жан басына шаққанда табысы ең көп ел
- •Ең көп жалақы
- •Әлемдегі ең қымбат әрі ерекше турлар
- •Ең қымбат қалалар
- •Ең биік мұнара
- •Әлемдегі ең бай адамдар
- •Мексикалық Карлос Слим – әлемдегі ең бай адам
- •Қазақстандағы ең бай 5 адам
- •Еліміздің ұлтжанды жастары
- •Асыл – тастан, ақыл - жастан. Тірек сөздер: мұрагер, аманат, зая, әдетке айналуы, қасиет тұту, мойынсұнушылық, ардақтау, өнегелі.
- •Ел ертеңі - жастар
- •Өнегелілік туралы
- •Адамның жасыра алмайтыны - өлім
- •Ұлттық рухы күшті адам.
- •Талант пен тәрбие.
- •Ғалам және ғасыр.
- •Ғасыр ғажайыптары
- •Аз білетініңізді ұғыну үшін көп оқып үйрену керек.
- •Жоғалған арал
- •Ғасыр сыйлығы
- •Әлемге әйгілі қазына
- •А лтын адам
- •Еліміздің сыртқы саясаты
- •Мемлекеттік және саяси қоғам қайраткерлері
- •Экономика және оның қоғам өміріндегі бағасы
- •Экономикалық жүйе және оның түрлері.
- •Экономиканың түрлері
- •Саяси экономиканың алғашқы көрнекті өкілдері
- •Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
- •Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
- •Жұмыс іздеу
- •Түйіндеме
- •Жұмысқа орналасу
- •Менің жұмыс орным
- •Іскер адамның жұмыс күнін жоспарлауы
- •Іскер адамның жұмыс күнін жоспарлауы
- •Жұмыс күнін жоспарлауға арналған ақыл-кеңестер
- •Іскер адамның жұмыс аптасын жоспарлауы
- •Жұмыс аптасын жоспарлауға арналған ақыл-кеңестер
- •Табысты болудың сыры неде?
- •Табысты болудың сыры неде?
- •Басшы келбеті
- •Басшы келбеті
- •Басшының басқару стилі
- •Басшының басқару стилі
- •Қазіргі заман менеджерлеріне қойылатын талаптар
- •Қазіргі заман менеджерлеріне қойылатын талаптар
- •Сабақ Ақша – ерекше тауар
- •Ұлттық валюта
- •Теңге тарихы
- •Шетелдік валюталар
- •Д оллар атауы қашан шықты?
- •Еліміздегі банк жүйесі туралы не білеміз?
- •Ұлттық Банк
- •Банк қызмет көрсетулері
- •Банк қызмет көрсетулері
- •Төлем карталарын пайдалана аламыз ба?
- •Қазақстандағы мұнай кен орындары
- •Сабақ Қазақстанның әкімшілік бөлінуі мен шаруашылығы
- •Тірек сөздер:Әкімшілік, құрамы,ішкі жалпы өнімі, жабдықтар,айналымы, қарқынды.
- •Қазақстанның әкімшілік бөлінісі
- •Сабақ Қазақстанның егін және мал шаруашалығының дамуы
- •«Алтын сапа» белгісі
- •2011 Жылдың 7-9 желтоқсан аралығында
- •Астананың халықаралық сауда-көрме орталығы «Көрме» кешенінде «Қазақстанның
- •Үздік тауары 2011» байқау-көрмесі
- •«Мінсіз» халықтық сапа белгісі
- •«Мінсіз» халықтық сапа белгісі
- •Адам және табиғат – егіз
- •Жастар және әлемдік бәсеке.
- •Еліміздің ұлтжанды жастары
- •Ғалам және ғасыр
- •Адам және саясат
- •Адам және экономика
- •Жұмыс іздеу
- •Іскер адам және уақыт
- •Басшы келбеті
- •Төл теңге тарихы
- •Банк қызметі
- •Қазақстанның табиғи ресурстары мен әкімшілік бөлінуі
- •Отандық тауар өндірісін дамыту
- •Обсөж-ді жүргізу кестесі
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •2. Бағиева ш.М. Іскери қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. *
- •Қосымша әдебиеттер:
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Басшы келбеті
- •Сіз қайсынын таңдар едіңіз? Пікірталас!
- •Қазыбектің қалмақ еліне елшілікке баруы
- •Кейси және Интернет
- •Логикалық есептер
- •Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы Қазақ тілі (в2-негізгі стандартты деңгей)
Сабақты қорытындылауға арналған лексика-грамматикалық тест
1. Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.
а) Су туралы көп жазылып жүр. ә) Мен су туралы көп жазамын.
б) Ол су туралы көп жазды.
2. Дұрыс жауапты танда: Қазіргі таңда су проблемасы... мәселенің бірі.
а) аса өзекті;
ә) маңызды емес;
б) қажет емес.
3. Нақ осы шақтағы сөйлемді керсетіңіз.
а) Өзендер мен көлдердің суын уландырып жатыр. ә) Өзендер мен көлдердің суын улаңдырады.
б) Өзендер мен көлдердің суын уландырды.
4. Тәуелдік жалғаулы сөзді керсетіңіз.
а) Біздің экологияға жауапсыз қарауымыз. ә) Біз экологияға жауапсыз қарадық.
б) Олар экологияға жауапсыз қарады.
5. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіңіз.
Сомалидегіішкісоғыстада... қолданылған.
а) қару-жарақ; ә) су терроры;
б) атом бомбасы.
6. Африка онсыз да тапшы суды... қоддануда.
а) егіске;
ә) көршіге;
б) арандатушылық әрекетке.
7. Африка мен Босниядағыдай... бүкіл дүниегс жайылу қаупі бар.
а) мұнай соғысы; ә) су соғысы;
б) жұлдызды соғыс.
8. 2025 жылы дүние жүзі халықтарының үштен екісі ........зардапшегеді.
а) нан тапшылығынан; ә) су тапшылығынан;
б) мұнай тапшылығынан.
9. Мұнай үшін болған соғыстар су үшін болатын соғыстардан ......қалады.
а) әлдеқайда артта; ә) әлдеқайда алда;
б) көп-көп.
10. Су — табиғат-ананың....
а) сыйы; ә) құрметі;
б) құрметті.
11. Судың да сұрауы ....
а) бар; ә) жоқ;
б) болмайды.
2-сабақ
Тіршіліктің жасыл тірегі
1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс:қорықтар, ұлттық парктер,табиғат ескерткіштері,ботаникалық бақтар,тұқымы,құлан, көк шалғынды,қоқиқаз, қорғалады.
2-тапсырма. Оқыңыз!
Д
үние
жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған
қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын
қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі.
Сондықтан қорғауға алынған жерлерді
қорықтар, қорықшалар, резерваттар,
ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері
деп бөледі. Қазір дүние жүзінің 124 елінде
2600-ден артық ірі қорық бар екен. Олардың
ішіндегі ең үлкені Гренландия ұлттық
паркі. Оның жер көлемі 7 млн. гектар.
Біздің республикамызда жалпы 784,1 мың
гектар жерді алып жатқан 7 қорық бар.
50-дей аңшылық қорықша, 42 зоологиялық
және 24 ботаникалық бақтар мен қорықша,
3 табиғат ескерткіштері бар.
Қорық – ерекше қорғауды қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер. Мысалы, Барсакелмес қорығы – құланды, Қорғалжын қорығы – қоқиқазды, Үстірт қорығы – дала қойын, Алматы қорығы - Тянь-Шань шыршасын сақтап, көбейту мақсатында құрылған.
Көптеген ғалымдардың еңбектерінде VІ-VП ғасырларда қазақ жерінде ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады. Мысалы, В.В.Бартольд еңбектерінде "Жер жанаты - Жетісу" аталған мекенде өмір сүрген үйсін тайпалары шұрайлы, көк шалғынды, бау-бақшалы салқын жерлерді қорыққа айналдырып, ретсіз мал жаймағандығын, мезгілсіз аң ауламағандығын жазған. Бұдан бабаларымыз ерте кезде-ақ келешек ұрпақ үшін туған табиғаттың әсем жерлерін аялай білгенін байқаймыз.
Ал Ұлттық парктердің қорықтардан айырмасы бар. Ұлттық парктерде өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы түрін сақтаумен қатар, адамдардың мәдени демалысын ұйымдастыратын, туризммен шұғылдануға мүмкіндік жаcайтын орындар бар.
Қазақстанда алғаш рет ұлттық парк Баянауыл таулы орман алқабында ұйымдастырылды. Мұнда 40-қа тарта аңдардың, 50-ден аса құстардың түрлері қорғалады. Олардың көпшілігі "Қызыл кітапқа" енген.
Табиғат ескерткіштері деп сирек, құрып бара жатқан, желдің, судың әрекетінен мүжіліп, бұзылып жатқан ғылыми, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат обьектілерін айтады.
Табиғат ескерткіштерін қорғау – бұл жанды табиғатқа тән затты қорғау деген сөз. Табиғат ескерткіштері дүние жүзінің көптеген елдерінде бар. Қазақстанда қазір 24 табиғат ескерткіші бар. Олардың ішіндегі аса маңыздыларына "Жетісу маржаны", "Шың түрген" шыршасы, Павлодардағы "Жыл құстары" табиғат ескерткіштерін жатқызуға болады.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қандай жерлер ерекше қорғауға жатады?
"Қорықтың" қандай айырмашылығы бар?
"Ұлттық парк" дегеніміз не?
"Табиғат ескерткіштері" дегеніміз не?
Өздеріңіз тұратын жерлерде қандай саябақтар мен қорықтар бар?
4-тапсырма.Мәтінен демеуліктер, жалғаулықтар, септеуліктерді табыңдар. Шылаулардың мағыналық ерекшеліктері мен қызметін ауызша айтыңыз.
5-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз.
Қорғауға алынған жерлерді …
Біздің республикамызда …
Қорық - ерекше қорғауды қажет ететін …
В.В.Бартольд еңбектерінде "Жер жанаты – Жетісу" аталған мекенде өмір сүрген үйсін тайпалары …
Табиғат ескерткіштерін қорғау …
6-тапсырма. Мына сұрақтарды пайдаланып, сұхбат құрыңыз.
Айналаңызды, қоршаған ортаңызды қалай қорғайсыз?
Құстар мен аңдардың қандай пайдасы бар? Мінездеме беріңіз.
Хайуанаттардың қанша жасайтыны туралы не білесіздер?
Олардың өмір сүру ортасы туралы әңгімелеп беріңіздер.
Құстарға және аңдарға қандай қамқорлық жасадаңыздар?
Жан-жануарлар, құстар туралы қандай ертегі, аңыз-әңгіме білесіздер?
7-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, жаттап алыңыз.
А
таңнан
мал қалғанша, тал қалсын.
Ер - елдің көркі,
Орман-тоғай - жердің көркі.
Бір тал кессең, он тал ек.
Бағбан болсаң - бақ өсір,
Балама деп тағы өсір.
Д
ала
көркі - мал,
Өзен көркі - тал.
Орман - ел дәулеті, жер сәулеті.
8-тапсырма. Алматы қаласында "Ағашты күту", "Бақ өсіруде" қандай іс-шаралар жасалынып жатыр
Баспасөз беттеріне әртүрлі ұйымдар, мемлекеттік органдардың табиғатты қорғауға байланысты қабылдаған қаулылары туралы мәліметтерді жазып, әңгімелеңіз.
3-сабақ
Жер-ананы аяла
1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс: ауыз суы, қоршаған ортаны, жақсарту, нашарлауы, Қатерлі ісік, жүйке, қан аздық, өрши түсуде, климаттың өзгеруі, жұқаруы, жердің шөлейттенуі, тозуы, ластану, экологиялық білім, экологиялық мәдениет.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030 жылы ауасы таза, ауыз суы мөлдір, жасыл да жайқалған мемлекет болуы тиіс», - деді. Табиғатты қоршаған ортаны қорғау – экологияны жақсарту бүгінде өткір проблема. Табиғат – адам баласының тіршілік тынысы, әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғатпен біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады. Еліміздегі экологиялық жағдайдың қалыпты емес екендігі халық денсаулығының жылдан-жылға нашарлауынан көрінеді. Қатерлі ісік, жүйке, тері, қан аздық, т.б. аурулар өрши түсуде. Республикамызда адам денсаулығын жақсарту мақсатында қоршаған ортаның сапасына көңіл бөлініп, ауаның, судың, азық-түліктің сапасына бақылау жасап, баға беру іс-шаралары күшейтілуде.
ҚР Президентінің 2003ж. 03.02.№1241 Жарлығымен мақұлданған «ҚР 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі» тұжырымдамасындағы мәселелер:
климаттың өзгеруін;
озон қабатының жұқаруын;
биоәртүрлілікті сақтауды;
жердің шөлейттенуі мен тозуын шешу жолдары айқындалды;
Экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін өткізу кезеңдері белгіленді:
І кезең – 2004-2007 ж. Қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және тұрақтандыру,
ІІ кезең – 2008-2010 ж. Қоршаған ортаның сапа көрсеткішін тұрақтандыру, экологиялық талаптарды жетілдіру,
ІІІ кезең – 2011-2015ж. Қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу.
Ұлттық экологиялық мәселелер экономиканы экологияландыру, халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениетін көтеру қажет.
2-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша пікір алмасу.
3-тапсырма. Мәтіннен демеуліктер, жалғаулықтар, септеуліктерді табыңыз.
4-тапсырма. Ата-бабамыз табиғаттың қадіріне жете білген. Шұрайлы жайылымын, орман-тоғайын, өзен-көлін қорғауды мақсат еткен. Экология тақырыбына қалам тартқан ақын-жазушылар мен журналистерді «Авторы кім?» ойын арқылы атау.
Оқытушы:
1.Орман да сиреп барады,
Барады сиреп аңдар да.
Тауыңа түскен жараны,
Жазатын балам, жан бар ма?!
(М.Мақатаев)
2. Су мен жер туралы ой – бұл сайып келгенде, адамның өзі туралы ойы.
(Ш.Айтматов)
3. Мынау Жетісудың ағашының әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс.
(Асан Қайғы)
4. Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар?
5. Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйкімді, жанға жақын бір нәрсе бар.
(Ш.Уәлиханов)
5-тапсырма. Картаны пайдаланып экологиялық апатты аймақтар туралы мағлұмат беру.
7-тапсырма. Сөзжұмбақты шешу.
|
|
|
|
|
1 |
|
Э |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
К |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
О |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
Л |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
О |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
Г |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
|
И |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Я |
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
Көлемі мкм 1-ден өз бөлшектерін армосфераға шығаратын затты шығарындының қай тобына жатады.? (аэрозоль)
Экология сөзі грек тілінен аударғанда нені білдіреді? (мекен)
Табиғи ортада жүретін процесстерге қозғаушы күш ретінде жүретін күш? (фактор)
Әр жердің өзіне тән ауа – райы? (климат)
Жердің газ қабаты? (атмосфера)
Жердің су қабаты? (гидросфера)
Жердің тіршілік қабаты? (биосфера)
Экология ғылымының зерттеу объектісі? (биологиялық)
Үй тапсырмасы: «Қазақстандағы экологиялық мәселелерді шешу үшін менің өз үлесім» атты тақырыпта шығарма жазу.
3-апта