Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-семестр Кадиша УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.91 Mб
Скачать
  1. Сабақ Қазақстанның әкімшілік бөлінуі мен шаруашылығы

1-тапсырма. Берілген сөздердің орысша баламасын табыңыз.

Тірек сөздер:Әкімшілік, құрамы,ішкі жалпы өнімі, жабдықтар,айналымы, қарқынды.

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.

Қазақстан Республикасы - унитарлы мемлекет. Әкімшілік құрылымы бойынша құрамына 14 облыс, 86 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Астана,Алматы, Байқоңыр), 168 аудан, 174 ауылдық округ кіреді.

Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімі - $188 млрд. (2011 жылға), адам басына шаққанда $11,245 құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан орташа экономика ретінде қарастырылады. 

Қазақстан экономикасының әлемдік экономикадағы үлесін анықтаудың негізгі көрсеткіші - елдің халықаралық саудадағы үлесіне қарап анықтауға болады. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жылдан жылға өсіп келеді: 1995 жылы $9 млрд болатын болса 2008 жылы $109 млрд болды. Негізгі өсім мұнай өндіру және металлургия саласыныңеншісіне тиесілі. Экспорт өндірілетін өнім көлемінің өсуіне жәнебағаның қымбаттауына байланысты. Ал импорттың өсуі тиісінше өнімді өндіруге қажетті машиналар мен жабдықтарды сатып алудың нәтижесінде өсті.

2009 жылы сыртқы сауда айналымы 34%-ға төмендеп кеттті, оның негізгі себепшісі мұнай мен металл бағасының төмендеуі. 2010 жылдан бастап бағалардың қайта өсуіне байланысты қарқынды даму байқалды.Экспорттық-импорттық операциялар көлемі $137 млрд. құрады. Экспорт ($92 млрд) импорттан екі есе көп болды ($45 млрд).

Экспорттың 75% – минералды ресурстар, ең үлкен бөлігі мұнай, газ, көмір, уран сияқты пайдалы қазбаларға тиесілі. Қалған 13% - металлдар және 3,4% - ауылшаруашылық өнімдері құрайды (негізгісі бидай), 4,2% - химия өнеркәсібінің өнімдері. Негізгі өндіретін тауар - өңделмеген табиғи қазбалар құрайды. Қазақстан әлемдік сауда нарығында табиғи ресурстарды қамтамасыз етуші ретінде қызмет етеді.

3-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша 5 сұрақ жазыңыз.

4-тапсырма. Сұрақтар көмегімен көршіңізбен сөйлесіңіз.

5-тапсырма. Берілген кесте бойынша тақырыпты әңгімелеңіз.

Қазақстанның әкімшілік бөлінісі

Аймақ

Әкімшілік орталығы

Ауданы, км²

Тұрғыны(1.01.11 ж.)

1

Алматы облысы

Талдықорған

223 924

1 857 781

2

Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО)

Өскемен

283 226

1 396 746

3

Қарағанды облысы

Қарағанды

427 982

1 351 905

4

Жамбыл облысы

Тараз

144 264

1 043 617

5

Оңтүстік Қазақстан облысы(ОҚО)

Шымкент

117 249

2 563 081

6

Қызылорда облысы

Қызылорда

226 019

699 132

7

Ақтөбе облысы

Ақтөбе

300 629

777 256

8

Қостанай облысы

Қостанай

196 001

881 234

9

Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО)

Петропавл

97 993

588 910

10

Ақмола облысы

Көкшетау

146 219

732 964

11

Павлодар облысы

Павлодар

124 800

746 010

12

Батыс Қазақстан облысы (БКО)

Орал

151 339

607 975

13

Атырау облысы

Атырау

118 631

531 562

14

Маңғыстау облысы

Ақтау

165 642

523 301

15

Алматы

319

1 434 755

16

Астана 

710,2

697 257

17

Байқоңыр 

57

6-тапсырма.Өз еліңіздің әкімшілігі туралы ойыңызды ортаға салыңыз.