Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-семестр Кадиша УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.91 Mб
Скачать

Банк қызмет көрсетулері

1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

Қызметкер, бағам, несиелендіру, түбіртек, комиссиялық алым, жеке куәлік, СТН (Салық төлеушінің тіркеу нөмірі), деректеме, кепіл, төлеу, қол қою, шарт, шарттық сома, шарт жасау, ресімдеу, жинақ ақша кітапшасы, салым, салымшы.

2-тапсырма. Берілген сөздеден жаңа сөздер жасаңыз.

деңгей – ................... мемлекет – ......................

орта – ....................... комиссия – ......................

салым – .................... экономика – ....................

ұлт – ......................... басқару – .........................

құқық – .................... тұтыну – ..........................

шарт – ...................... тұрақты – ........................

3-тапсырма. Мәтінді оқып, өзіңіз банктің қандай қызмет түрлерін пайдаланатыныңызды айтыңыз.

Банк қызмет көрсетулері

Б анк мынадай қызметтер көрсетеді:

несие операцияларындағы делдалдық;

- қарыз беру;

- валюта айырбастау;

- коммерциялық вексельдерді есепке алу;

- кәсіпорындарға несие беру;

- несие беруде делдалдық жасау;

- аманат салымдар;

- құндылықтарды сақтау;

- есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету;

- қаржы жөнінен кеңестер беру;

- жабдық лизингі;

- бағалы қағаздармен операциялар жасау;

- трастылық (сенімгерлік) қызметтер көрсету;

- банк аралық несие.

Б анк заңды және жеке тұлғалар үшін қандай қызметтер көрсетеді?

Жеке және заңды тұлғалар үшін банк мынадай операцияларды жүзеге асырады:

- жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражатын салымдарға тарту;

- тартылған ақшалай қаражатты өз атынан және өз есебінен орналастыру;

- жеке және заңды тұлғалардың банкілік шоттарын ашу және жүргізу;

- жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражатын, вексельдеріне төлемдік және есеп айырысу құжаттарын инкассалау;

- жеке және заңды тұлғаларға кассалық қызмет көрсету;

- қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысандарда шетел валютасын сатып алу-сату;

- асыл металдарды салымға тарту және орналастыру;

- банк кепілдіктерін беру;

4-тапсырма. Сөйлемді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

Қажетті сөздер: жеке тұлғаларға, төлем, заңды тұлғаларға, валюта айырбастау, деректемелері, бағамы, несиелендіріп, несие, ақша аударымы, шотыма.

1. Доллардың ...................... қанша болып тұр? 2. Сіз .................... картасын пайдаланасыз ба? 3. Мен сіздердің банктеріңізден ...................... алайын деп едім. 4. Сіздерде жедел ....................... бар ма? 5. Жақын жерде ...................... пункті бар ма? 6. Біздің банк жаңа жыл қарсаңында пайызсыз ...................... жатыр. 7. Менің ....................... ата-анам ақша аударуылары керек еді. 8. ........................ шот ашуға бола ма? 9. Сіздің банк ....................... қызмет көрсете ме? 10. Банк ....................... бланкіде көрсетілген.

5-тапсырма. Белгіленген сөздерге үлгі бойынша сұрақ қойыңыз.

Үлгі: Халық банкі зейнеткерлерге қызмет көрсетеді. - Халық банкі кімдерге қызмет көрсетеді?

1. Халық банкінен кепілсіз несие алуға болады. 2. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Бастау», «Өркен», «Болашақ» деген депозиттері бар. 3. Несие алу үшін кепілге үйді қоюға болады. 4. Мен сіздердің банктеріңіз туралы ғаламтордан білдім. 4. Қажетті ақпаратты мына кітапшадан оқуға болады. 5. Депозит ашу үшін мынадай құжаттар керек. 6. Несие алуды ресімдеу үшін банктің шарттарымен танысу керек. 7. Шарт жасамас бұрын шарттық соманы анықтап алу керек. 8. Шарт жасауға қажетті құжаттардың бәрі дайын.

.

6-тапсырма. Қандай сөздер жасырынғанын табыңыз.

7-тапсырма. Сұхбатты оқып, тақырып бойынша сұхбаттасыңыз.

  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсіз бе?

  • Мен доллар сатып алайын деп едім.

  • Қанша доллар сатып аласыз?

  • Мың доллар.

  • Біздегі доллар бағамы – 185,5.

  • Осы бағаммен депозит ашсам болады ма, пайызы қанша?

  • Иә! 9,4% өсіммен.Құжаттарыңызды алыңыз.

  • Рақмет. Сау болыңыз.

  • Сау болыңыз.

3-сабақ