Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-семестр Кадиша УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.91 Mб
Скачать

Еліміздегі банк жүйесі туралы не білеміз?

1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

Банк жүйесі, жоғары деңгейлі банк, төменгі деңгейлі банк, Ұлттық банк, ақша-кредит саясаты, әзірлеу, төлем, қаржылық тұрақтылық, қаржы нарығы, қызмет көрсетулер, жеке тұлға, заңды тұлға, төлемдер қабылдау, ақша аударымы, валюта айырбастау, шот ашу, депозит ашу, несие, сейфте сақтау, бағынышты (болу), үйлестіреді, тұтынушылардың құқықтары.

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, ой бөлісіңіз.

Ұлттық Банк

Ұ лттық Банк Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, әрі өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді. Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

  • мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • валюталық реттеуді және валюталықбақылауды жүзеге асыру;

  • қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

  • қаржы нарығын және қаржы ұйымдарынодан әрі дамыту;

  • қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз ету.

Ұлттық Банк «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры»; Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің «Q-BRO» Резервтік Орталығы»; «Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады. Ұлттық Банк  «ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының акционерлерінің бірі болып табылады.

Екінші дәрежелі банктердің міндеті жеке және заңды тұлғаларға келесі қызмет көрсету түрлерін ұсынады, олар: төлемдер қабылдау, ақша аударымдары, валюта айырбастау операциялары, шоттармен жүргізілетін операциялар, салымдар, депозиттер, несиелер, сейфте сақтау.

3-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша әр абзацқа сәйкес келетін сұрақты көрсетіңіз.

А) Ұлттық банк өз қызметін қалай жүзеге асырады?

Ә) Екінші дәрежелі банктердің міндеттері қандай?

Б) Қазақстан Республикасы банк жүйесінің қанша деңгейі бар?

В) Ұлттық банк басқару әрекетін қалай жүргізеді?

Г) Ұлттық банк түрлі қарым-қатынастарда нені білдіреді?

Ғ) Ұлттық банктің мақсаты мен міндеттері қандай?

4-тапсырма. Берілген қатарлардан синоним болатын сөздерді іріктеп жазыңыз.

  • ақшажанды, ақшашыл, кең пейілді, ақшақұмар, шыншыл;

  • қаражатты, пұлды, қалталы адам, ақшалы адам, әділ, арам;

  • бағалы, құнды, әшекейлі, қымбат, татымды, пұлды;

  • қаржы, қаражат, ақша, қорқақ, пұл, теңге, тиын;

  • тегін, бос, ақысыз, пұлсыз, тегіннен тегін, ақшалай;

5-тапсырма. Сұраулы сөйлем жасайтын сөздердің астын сызыңыз.

1. Не үшін несие алғалы жүрсің? 2. Енді депозит ашатын шығарсың? 3. Екінші дәрежелі банк дегенді түсінесің бе? 4. Сіз ше? 5. Мүмкін, банк менеджерімен сөйлесіп көрерсің? 6. Мен сізге түсіндірдім ғой? 7. Қанша жылға несие ресімдегіңіз келеді? 8. Сіздің жұмыс орныңыз қай банкпен жұмыс істейді? 9. Төменгі жағына қолыңызды қойдыңыз ба? 10. Салымымды бір айда бір рет салатын шығармын? 11. Мүмкін, тағы сөйлесерміз? 12. Сәуле ше?

6-тапсырма. Сөйлемді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

Қажетті сөздер: жеке тұлғаларға, төлем, заңды тұлғаларға, валюта айырбастау, деректемелері, бағамы, несиелендіріп, несие, ақша аударымы, шотыма.

1. Доллардың ...................... қанша болып тұр? 2. Сіз .................... картасын пайдаланасыз ба? 3. Мен сіздердің банктеріңізден ...................... алайын деп едім. 4. Сіздерде жедел ....................... бар ма? 5. Жақын жерде ...................... пункті бар ма? 6. Біздің банк жаңа жыл қарсаңында пайызсыз ...................... жатыр. 7. Менің ....................... ата-анам ақша аударуылары керек еді. 8. ........................ шот ашуға бола ма? 9. Сіздің банк ....................... қызмет көрсете ме? 10. Банк ....................... бланкіде көрсетілген.

7-тапсырма. Белгіленген сөздерге үлгі бойынша сұрақ қойыңыз.

Үлгі: Халық банкі зейнеткерлерге қызмет көрсетеді. - Халық банкі кімдерге қызмет көрсетеді?

1.Халық банкінен кепілсіз несие алуға болады. 2. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Бастау», «Өркен», «Болашақ» деген депозиттері бар. 3. Несие алу үшін кепілге үйді қоюға болады. 4. Мен сіздердің банктеріңіз туралы ғаламтордан білдім. 4. Қажетті ақпаратты мына кітапшадан оқуға болады. 5. Депозит ашу үшін мынадай құжаттар керек. 6. Несие алуды ресімдеу үшін банктің шарттарымен танысу керек. 7. Шарт жасамас бұрын шарттық соманы анықтап алу керек. 8. Шарт жасауға қажетті құжаттардың бәрі дайын.

2-сабақ