Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-семестр Кадиша УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.91 Mб
Скачать

Еліміздегі демографиялық мәселе

1-тапсырма. Берілген сөздердің орысша баламасын табыңыз.

Тірек сөздер: санақ, тiркелген, қарқынды, үлес, мекен, кемiген,тығыздық, қартаю, сүйену.

2-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркесін құрастырыңыз.

Мысалы: халық санағы, санаққа қатысу, санақ талабы.

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда халық саны 16 млн 954 мыңға жетті. Ал 1920 жылы елімізде не бары 4 миллион 400 мың халық болған. Оның 7 %-ы қалада, 93 %-ы ауылда тұрған екен. Қазақстанда 1989 жылғы халық  санағында 16199,2 мың адам тiркелген, оның 57%-ы қалада, 43-і ауылда тұрған. Ал қалада тұратын ерлер 48,5%, ауылда тұратын әйелдер саны 51,5% болған.Тәуілсіздік алғанға дейiн Қазақстан халқының демографиялық жағдайы - тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуiмен сипатталды.

Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. 9 жасқа дейiнгi балалар саны - 22,0%. 19 жасқа дейiнгi жастар 43,9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесi 6,1%. Орташа арифметикалық жас — небәрi 25 жас. Яғни қазақ халқының басым бөлiгi жастар мен балалар.

1 999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан  халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның  басты себебi орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының өз ата мекендерiне көшуi болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қалаларында байқалды. Жалпы ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құраған.Бүгінгі таңда ресми статистикалық мәлiмет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елдi мекендерде, 44%-ы ауылдық елдi мекендерде тұрады.

4-тапсырма. Сұрақтар көмегімен көршіңізбен тілдесіңіз.

  1. ҚР-ның халық саны қаншаға жетті?

  2. 1920 жылы халық саны қанша еді?

  3. 1989 жылғы санақ бойынша халық саны қанша еді?

  4. Неліктен қазақ халқы жас ұлтқа жатады?

  5. 1999 жылы халық санының кему себебі неде?

5-тапсырма. Қажет сөздерді қойып мәтінді оқыңыз.

Қажет сөздер: әйелдерден, миллион, жүргізілген, көрсеткіш, ұлттың, құрайды, үшінші.

Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5,5 адамды .............. Ал Қытайда бұл ............. бір шаршы километрге 140 адамнан келеді. 

Қытайда ........... қартаюы мен гендерлік баланс (гендерлік асимметрия) демографиялық мәселелер бар. Еркектердің саны ...............18 млн. адамға көп.

Үндістан елінің халқы 2010 жылғы ....................... халық санағының мәліметіне сүйенсек, соңғы 10 жылда 181 млн. адамға жетіп, жалпы саны 1,21 млрд-тан артқан. Сөйтіп Қытай елінен небары 120 ................ адамға аз болып отыр.

АҚШ халық саны жағынан Қытай мен Үндістаннан кейін әлемде ................. орын алады. АҚШ-та 2041 жылы 400 млн. адамға жетпек.

6-тапсырма. Қазақстанның демографиялық жағдайы тақырыбы бойынша графиканы пайдаланып өз ойыңызды айтыңыз.

5-тапсырма. «Қазақстанның демографиялық жағдайына менің қосар үлесім» тақырыбына шағын эссе жазу.

2-апта

Модульдік тақырып. Адам және табиғат – егіз

Грамматикалық тақырып: Демеуліктер, жалғаулықтар, септеуліктер.

Тақырып мазмұны:

1. Су – әлемдік маңызы бар мәселе.

2. Тіршіліктің жасыл тірегі.

3. Жер-ананы аяла.

Мақсаты: «Адам және табиғат – егіз.» тақырыбы бойынша өткен жаңа сөздер мен клишелерді, грамматикалық бірліктері меңгеру, тақырып бойынша тілдесімге түсе алуға үйрету.

Айтылым бойынша: жаңа сөздері, клишелерді дұрыс айтуға машықтандыру;

Жазылым бойынша: жазбаша ойын жеткізе алу, сұхбат, шағын мәтіндер құрастыра алуға үйрету.

Оқылым бойынша: тақырыпқа қатысты сұхбаттарды, мәтіндерді оқып түсінуге машықтандыру.

Тыңдалым бойынша: тақырыпқа қатысты сұхбатты, монологты тыңдап түсінуге үйрету.

1-сабақ

Су – әлемдік маңызы бар мәселе

1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

Маңызды, табиғи, жауапсыз қарау, салдар, бүлдіру, уландыру, қару-жарақ, ауыз су, жою, қолдану, тапшы, арандатушылық әрекет, жайылу, қауіп, зардап шегу, өзекті, әлдеқайда, артта, пайдалану, үнемдеу, қорғау.

2-тапсырма. Берілген сөздерді зат есімге, сын есімге, етістікке топтаңыз.

Маңызды, қарау, табиғи, қару-жарақ, ауыз су, бүлдіру, уландыру.

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

СУ - ӘЛЕМДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ

С у туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Қазіргі су проблемасы аса өзекті мәселенің бірі.Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздың нәтижесі қаншама теңіз, тұщы суларды бүлдіріп, өзендер мен келдердің суын улаңдырьш жатыр.Босниядағы соғыс кезінде сербтер қарау-жарақпен соғыс орнына басқа әдіс тапқан — қарсыластарының ауыз су алатын көздерін жойған.Су терроры Сомалидегі ішкі соғыста да қару ретінде қолданылған. Тек қана Сомалиде емес, Африканың көптеген аудаңдарында онсыз да тапшы суды арандатушылық әрекеттерге қолдануда.

Статистер мен зерттеуші ғалымдар Африка мен Босниядағыдай су соғыстарының бүкіл дүниеге жайылу қаупі бар екенін ескертеді.Иордания королі Хусейннің төмендегі сөздері ғалымдардың пікірін растай түсетіндей:«Израильмен арадағы түсініспеушілік келісімдерімізге тек қана су мәселесі кедергіболуы мүмкін».

БҰҰ-ның зерттеулеріне қарағанда, 2025 жылы дүние жүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан зардап шегетін көрінеді.1992 жылы Рио-де-Жанейрода Англияның БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Гриспин Тикелл бүкіл дүниеде ауыз су — өзекті мәселеге айналып отырғанын ескертіп былай деген болатын: «Мұнай үшін болған соғыстар су үшін болатын соғыстардан әлдеқайда артта қалады».

Табиғат тәңірдің сыйы — суды пайдалану, үнемдеу, тазалығын қорғау мәселесі — адамзат алдындағы халықаралық ұйымдар алдындағы және БҰҰ-ның алдындағы, ең маңызды мәселе.Табиғат-ананың сыйы — судың да сұрауы бар екенін ұмытпайық.

4-тапсырма. Берілген сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша шын (Ш) немесе жалған (Ж) екенін анықтаңыз.

1.

Су туралы көп жазылып жүр.

2.

Су - өзекті меселе емес.

3.

Біз экологияға жауапты қараймыз.

4.

Өзендер мен көлдердің суы уланып жатыр.

5.

Су соғыстары әлемде жоқ.

6.

3025 жылы дүниежүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан зардап шегеді.

7.

Мұнай үшін болған соғыстар су үшін болатын соғыстардан әлдеқайда артта қалады.

8.

Су — табиғат сыйы.

5-тапсырма. Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар.

а) Әлемнің қай елдерінде су тапшы?

б) Қазақстанның қай облыстарында су тапшы?

г) Қай елдерде суды сатып ішеді, тасып ішеді?

г) Қай елдерде су өте қымбатқа бағаланады?

6-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Республикадағы осы мақсаттағы құбырлар желісінің 70% жұмыс істемейді және 23 пайызы санитарлық-техникалық талаптарға сай емес. Соңғы 15 жылда инфрақұрылымға тиісті қамқорлықтың болмауынан көптеген жүйе істен шықты. Атырау облысы тұрғындарының 20 пайызы кермек суларды пайдаланады. Оны былай қойғанда, республикада қазіргі қолданыстағы су жүйелерінің көпшілігі 25-30 жыл бойы дұрыс жөндеу жұмыстарын көрген жоқ. Таза сумен қамтылған делінетін Алматыдағы үлкенді-кішілі құбырлардың 70% тұрмысқа жарамсыз.

7-тапсырма. «Судың тазалығьн қорғау, үнемдеу, дұрыс пайдалану» деген тақырыптарда конвеференция өткізіңіздер. Топ үшке бөлінеді; екі топ өз ұсыныстарын айтады, үшінші топ талқылайды.