Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-семестр Кадиша УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.91 Mб
Скачать

Басшы келбеті

1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

Басшы, келбет, ұйым, мекеме, құрылымдық бөлімше, басқару, басқару ісі, қарамағындағылар, іскерлік қатынастар, іскерлік қасиеттер, қалыптастыру, абырой, нұсқан келтіру, жағдай жасау.

2-тапсырма. Берілген сөздерден синонимдік қатар жасаңыз.

Ұйым, бастық, іске асыру, басшы, билеуші, жүзеге асыру, мекеме, іс, жұмыс, кәсіп, шаруа, кәсіпорын, жұмыс.

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Басшы келбеті

Фирманы, ұйымды, мекемені немесе оның құрылымдық бөлімшесін басқару дегеніміз – ең алдымен адамдармен, әрбір жеке адаммен жұмыс жүргізу. Басқару ісінде табысты болу үшін, біріншіден, қарамағыңыздағы адамдардың көңілін тауып, өзіңізге қарата білуіңіз қажет. Екіншіден, олардың өзіңізге деген сеніміне қол жеткізуіңіз керек, үшіншіден, ортақ істі орындауға олардың барын салуын қамтамасыз етуіңіз тиіс. Басшының басқару ісі оның іскерлік қасиеттері мен жеке қасиеттеріне байланысты. Басшының іскерлік қасиеттері мен жеке қасиеттері дегеніміз не?

Басшының іскерлік қасиеттеріне оның әр түрлі жағдайларда шешім қабылдау, қарамағындағыларды ұйымдастыру мен басқару іскерліктері жатады. Басшының жеке қасиеттерін оның білімі, қабілеттері, ақыл-ойы, ерік-жігері, мінезі құрайды. Жеке қасиеттер адамның іскерлік қасиеттерінің қалыптасуына негіз болады. Сондықтан адамның жеке қасиеттерін қалыптастырғаннан гөрі оның іскерлік қасиеттерін қалыптастыру анағұрлым жеңілірек. Іскерлік қасиеттерді толықтыруға, түзетуге болады, ал адамның ойлау жүйесін, мінезін өзгерту өте қиын. Басшы бойындағы жеке қасиеттер мен іскерлік қасиеттердің болу, болмауына байланысты түрлі басшы бейнесі қалыптасады. Кейде басшы өзінің жылдар бойы жинаған абыройын кейбір іс-әрекеттерімен жоғалтып алуы да мүмкін.

Басшы абыройына нұқсан келтіретін іс-әрекеттер:

  • шешім қабылдауды кейінге қалдыру;

  • жұмысты жартылай орындау;

  • бәрін бір уақытта орындауға ұмтылу;

  • бәрін өзі істеуге ұмтылу;

  • бәрін менен артық білетін адам жоқ деп ойлау;

  • қызметтер мен міндеттерді бөле алмау;

  • кінәні басқалардан іздеу.

Адам өз жұмыс уақытының көп бөлігін адамдармен қарым-қатынас жасауға жібереді. Сондықтан іскер адам үшін адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрену аса маңызды. Жұмыстағы кейбір адамдардың жеке қасиеттерінің ұнамайтынына қарамастан, ортақ істі орындауда сол адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау әрбір басшының, іскер адамның міндеті. Тек жеке қасиеттері мен іскерлік қасиеттері жетілген басшы ғана өз қызметкерлерімен дұрыс қарым-қатынас орнатып, жұмыс жасауға жайлы жағдай жасайды.

4-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарды мәтіннің баяндалу ретімен орналастырыңыз.

А) Қандай басшы өз қызметкерлерімен дұрыс қарым-қатынас орната алады?

Ә) Басқару ісінің табысты болуы неге байланысты?

Б) Басшының жеке қасиеттерін қандай қасиеттер құрайды?

В) Басшы абыройына зиянын тигізетін нелер?

Г) Басшының іскерлік қасиетіне нелер жатады?

Ғ) Адамның іскерлік қасиеттерін қалыптастыруға бола ма?

5-тапсырма. Сөз тіркестерін жасап, сөйлем құраңыз.

...................., ..................., ..................... қабылдау

................., ................, ................ қамтамасыз ету

..................., ................., ............... қалыптастыру

6-тапсырма. Салыстырмалы шырай жасаңыз.

Сын есімдер

Қажетті қосымшалар

Салыстырмалы шырай

Үлкен, кіші, жақсы, жаман, нашар, жоғары, төмен, ұзын, қысқа, қалың, жұқа, қымбат, арзан, ерте, кеш, сапалы, маңызды,

жарық, пайдалы, дұрыс, күшті.

-рақ, -рек,

-ырақ, -ірек,

-лау, -леу,

-дау, -деу,

-тау, -теу,

7-тапсырма. Сын есімдерді салыстырмалы шырайда қойып, сөздерге тиісті жалғауды жалғаңыз.

Үлгі: Сіздерде көрші дүкен....... қарағанда азық-түлік арзан.......... екен. – Сіздерде көрші дүкенге қарағанда азық-түлік арзандау екен.

Біздің бастық сендердің бастықтарың......... қарағанда қатал........... . Менің бойым ағамның бойы............ ұзын........... . Мына үміткердің түйіндемесі кешегі үміткердің түйіндемесі........... жақсы........... . Жаңа жұмысыңыздың жалақысы бұрынғы жұмысыңыз............ салыстырғанда жоғары........... па? Компаниямыз үшін бірінші мәселе........... де екінші мәселе маңызды............. . Өзімшіл басшы үшін қызметкерлердің мүддесін ойлау......... өзінің қамын ойлау пайдалы............. .

2-сабақ