
- •Практикалық сабақтардың қысқаша конспектісі
- •Отбасындағы әйел мен ер адамның рөлі
- •Отбасы бюджеті.
- •Еліміздегі демографиялық мәселе
- •Сабақты қорытындылауға арналған лексика-грамматикалық тест
- •Тіршіліктің жасыл тірегі
- •Қазақстандағы экологиялық дабыл
- •Балқаш – байлығымыз
- •Каспий экологиясы қандай жағдайда?
- •Келер ғасыр табиғатты сыйлау ғасыры
- •Келер ғасыр табиғатты сыйлау ғасыры
- •Жастар және әлемдік бәсеке
- •Әлемдік бәсеке және ұлттық мүдде
- •Әлемдегі ең үлкен, ең көп, ең мықты ...
- •Жан басына шаққанда табысы ең көп ел
- •Ең көп жалақы
- •Әлемдегі ең қымбат әрі ерекше турлар
- •Ең қымбат қалалар
- •Ең биік мұнара
- •Әлемдегі ең бай адамдар
- •Мексикалық Карлос Слим – әлемдегі ең бай адам
- •Қазақстандағы ең бай 5 адам
- •Еліміздің ұлтжанды жастары
- •Асыл – тастан, ақыл - жастан. Тірек сөздер: мұрагер, аманат, зая, әдетке айналуы, қасиет тұту, мойынсұнушылық, ардақтау, өнегелі.
- •Ел ертеңі - жастар
- •Өнегелілік туралы
- •Адамның жасыра алмайтыны - өлім
- •Ұлттық рухы күшті адам.
- •Талант пен тәрбие.
- •Ғалам және ғасыр.
- •Ғасыр ғажайыптары
- •Аз білетініңізді ұғыну үшін көп оқып үйрену керек.
- •Жоғалған арал
- •Ғасыр сыйлығы
- •Әлемге әйгілі қазына
- •А лтын адам
- •Еліміздің сыртқы саясаты
- •Мемлекеттік және саяси қоғам қайраткерлері
- •Экономика және оның қоғам өміріндегі бағасы
- •Экономикалық жүйе және оның түрлері.
- •Экономиканың түрлері
- •Саяси экономиканың алғашқы көрнекті өкілдері
- •Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
- •Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
- •Жұмыс іздеу
- •Түйіндеме
- •Жұмысқа орналасу
- •Менің жұмыс орным
- •Іскер адамның жұмыс күнін жоспарлауы
- •Іскер адамның жұмыс күнін жоспарлауы
- •Жұмыс күнін жоспарлауға арналған ақыл-кеңестер
- •Іскер адамның жұмыс аптасын жоспарлауы
- •Жұмыс аптасын жоспарлауға арналған ақыл-кеңестер
- •Табысты болудың сыры неде?
- •Табысты болудың сыры неде?
- •Басшы келбеті
- •Басшы келбеті
- •Басшының басқару стилі
- •Басшының басқару стилі
- •Қазіргі заман менеджерлеріне қойылатын талаптар
- •Қазіргі заман менеджерлеріне қойылатын талаптар
- •Сабақ Ақша – ерекше тауар
- •Ұлттық валюта
- •Теңге тарихы
- •Шетелдік валюталар
- •Д оллар атауы қашан шықты?
- •Еліміздегі банк жүйесі туралы не білеміз?
- •Ұлттық Банк
- •Банк қызмет көрсетулері
- •Банк қызмет көрсетулері
- •Төлем карталарын пайдалана аламыз ба?
- •Қазақстандағы мұнай кен орындары
- •Сабақ Қазақстанның әкімшілік бөлінуі мен шаруашылығы
- •Тірек сөздер:Әкімшілік, құрамы,ішкі жалпы өнімі, жабдықтар,айналымы, қарқынды.
- •Қазақстанның әкімшілік бөлінісі
- •Сабақ Қазақстанның егін және мал шаруашалығының дамуы
- •«Алтын сапа» белгісі
- •2011 Жылдың 7-9 желтоқсан аралығында
- •Астананың халықаралық сауда-көрме орталығы «Көрме» кешенінде «Қазақстанның
- •Үздік тауары 2011» байқау-көрмесі
- •«Мінсіз» халықтық сапа белгісі
- •«Мінсіз» халықтық сапа белгісі
- •Адам және табиғат – егіз
- •Жастар және әлемдік бәсеке.
- •Еліміздің ұлтжанды жастары
- •Ғалам және ғасыр
- •Адам және саясат
- •Адам және экономика
- •Жұмыс іздеу
- •Іскер адам және уақыт
- •Басшы келбеті
- •Төл теңге тарихы
- •Банк қызметі
- •Қазақстанның табиғи ресурстары мен әкімшілік бөлінуі
- •Отандық тауар өндірісін дамыту
- •Обсөж-ді жүргізу кестесі
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •2. Бағиева ш.М. Іскери қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. *
- •Қосымша әдебиеттер:
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Басшы келбеті
- •Сіз қайсынын таңдар едіңіз? Пікірталас!
- •Қазыбектің қалмақ еліне елшілікке баруы
- •Кейси және Интернет
- •Логикалық есептер
- •Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы Қазақ тілі (в2-негізгі стандартты деңгей)
Іскер адамның жұмыс күнін жоспарлауы
1-тапсырма. Жұмыс күні, жоспарлау, нәтижелі, орындау мерзімі, жұмыс күнінің басы, жұмыс күнінің соңы, көрсету, көрсетілген, қолайлы, бөлік, белгілеу, белгіленген, тапсырма, жоспарланған, жоспарланбаған. |
2-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркесін жасап, сөйлемдер құраңыз.
1) жоспарланбаған а) көрсетілген
2) жұмыс күнінің ә) түрде
3) мерзімі б) нәтижелі
4) міндетті в) басы
5) жоспар г) жұмыс
6) жұмысы ғ) құру
3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Іскер адамның жұмыс күнін жоспарлауы
Кез келген іскер адам үшін жұмысының жүруі, нәтижелі болуы оның жұмысын қалай жоспарлайтынына байланысты. Жұмыстың дұрыс жоспарлануы көп жағдайда уақытты үнемдеуге көмектеседі. Мәселен, сіздің жұмыс күнін жоспарлауға кеткен 10 минутыңыз жұмыс күніңіздің 2 сағатын үнемдейді екен. Олай болса, жұмыс уақытын жоспарлаудың басты қағидаларымен танысып көрейік.
Алдымен жоспарлаудың оңтайлы жолдарын анықтап алыңыз. Жоспар қысқа әрі анық болғаны дұрыс. Ұзақ жоспар дайындау көп уақытыңызды алуы мүмкін.
Әр тапсырманың нақты әрі шынайы орындалу мерзімін көрсетіңіз.
Әр жұмыстың маңыздылық дәрежесін анықтаңыз.
Жұмыс уақытыңыздың тек 60%-ын ғана жоспарлаңыз, кездейсоқ туындайтын жұмыстарға 20%-ын, ал қалған 20%-ын жоспарланбаған істерге қалдырыңыз.
Жұмыстарыңызды маңыздылық дәрежесіне қарай үшке бөліңіз: аса маңызды, маңыздылығы орташа және қалғандары.
Аса маңызды жұмыстарға жататындар:
- орындау мерзімі белгіленген жұмыстар;
- көп күш пен уақытты қажет ететін стратегиялық міндеттер;
- орындалуы сіз үшін қиындықтар тудыратын жұмыстар.
Маңыздылығы орташа жұмыстарды сіздің күнделікті қайталанып отыратын міндеттеріңіз бен жұмыстарыңыз құрайды.
Қалғандарына орындалмай қалса да, сіз үшін жағымсыз салдары болмайтын істер жатады.
Жоспарланған істің міндетті түрде 50%-ының орындалатынын ұмытпаңыз. Олай болса, іске сәт!
4-тапсырма. Берілген сұрақтарды мәтіннің баяндалу ретімен орналастырып, жауап беріңіз.
А) Жұмыстарды маңыздылық дәрежесіне қарай қаншаға бөлу керек?
Ә) Жоспарланған жұмыстың міндетті түрде қаншасы орындалады?
Б) Уақытты үнемдеуге не көмектеседі?
В) Жұмыс уақытын жоспарлаудың қандай қағидалары бар?
Г) Аса маңызды жұмыстарға қандай жұмыстар жатады?
5-тапсырма. Мәтін бойынша берілген ақпараттың дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз.
Сөйлемдер |
Дұрыс |
Бұрыс |
1. Кез келген іскер адамның жұмысқа орналасуы жұмысын қалай жоспарлайтынына байланысты. |
|
|
2. Уақытты үнемдегіңіз келсе, жұмысыңызды жоспарлаңыз. |
|
|
3. Он минутыңызды жұмысыңызды жоспарлауға арнасаңыз, жұмысыңызды екі сағат ерте бітіресіз. |
|
|
4. Ұзақ жоспар дайындау көп уақытыңызды алмайды. |
|
|
5. Әр тапсырманың орындалу мерзімін жазып қойыңыз. |
|
|
6. Жоспарланбаған жұмыстарға уақытыңыздың 60%-ын арнаңыз. |
|
|
7. Орындау мерзімі көрсетілген жұмыстар аса маңызды жұмыстарға жатады. |
|
|
8. Күнделікті қайталанып отыратын жұмыстар да аса маңызды жұмыстар. |
|
|
9. Көп уақытты қажет ететін жұмыстар маңызды жұмыстар емес. |
|
|
10. Жоспарланған жұмыстың жартысы жүзеге асады. |
|
|
6-тапсырма. Етістіктерді жедел өткен шақ формасына қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.
Мен жұмысқа кеше (шығу) ...................... . Ол жақсы жұмысқа (орналасу) ..................... . Сіз жұмысқа неге (кешігу) ...................... ? Сен бүгін жұмысқа сағат нешеде (келу) ...................... ? Сіздер бүгінге қанша жұмыс (жоспарлау) ...................... ? Сендер қай банктен несие (алу) ...................... . Олар бастықтың тапсырмаларын (орындау) ...................... .
7-тапсырма. Мәтінді керекті сөздермен толықтырыңыз.
Керек сөздер:жайсыз жұмыстарды, аса маңызды, орындалмаған істерді, жұмыс күнінің соңына, келесі істі.