Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-семестр Кадиша УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.91 Mб
Скачать

Жұмысқа орналасу

1-тапсырма. Жұмысқа орналасу, жұмыс беруші, үміткер, түйіндеме еңбек өтілі, түйіндеме, еңбек тәжірибесі, әуестенетін іс, жеке қасиеттер, жеке мәліметтер, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, отбасы жағдайы, үйленген, үйленбеген, тұрмыста, тұрмыста жоқ, ажырасқан, компьютерлік дағды.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Мейлі сұраныс жоғары мамандық иесі болыңыз, мейлі өз ісіңіздің нағыз шебері болыңыз, жұмысқа тұру үшін, жұмыс берушімен сұхбаттасуға баруыңызға тура келеді. Жұмыс берушімен сұхбаттан сәтті өту үшін, мамандардың кеңесін ескермеуге болмайды. Олардың айтуынша, жұмыс берушінің алдына дайындықсыз баруға болмайды. Жұмыс берушімен сұхбатқа төмендегі бағыттар бойынша дайындалып бару қажет.

  1. Өзіңіз баратын мекеме туралы мейлінше көп ақпарат жинаңыз.

  2. Өзіңізбен бірге түйіндемеңізді, диплом, біліктілігіңізді растайтын куәлік,

сертификат сияқты құжаттарыңызды ала барыңыз.

3. Мекемеге баруға кететін уақытты есептеп, кешікпеуге қам жасаңыз. Мекемеге ертерек барсаңыз, мекемемен танысып, оны жақсырақ білуге мүмкіндігіңіз болады.

4. Уақытты жоспарлағанда, сұхбаттасуға көбірек уақыт бөліңіз. Сұхбаттасу созылған жағдайда бір жерге кешігемін-ау деп алаңдамайтын боласыз.

5. Іскерлік стильде немесе өзіңіз баратын мекеме қызметіне сай киініңіз.

6. Өзіңізге қойылып қалады-ау деген кәсіби сұрақтар мен жеке басыңызға байланысты сұрақтарға жауап дайындаңыз.

7. Еңбекақы төлеу мәселесін талқылауды ойластырыңыз.

8. Өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды дайындаңыз. Өйткені жұмыс беруші үшін оның өз сұрақтарына жауап алғанынан гөрі сіздің оған қоятын сұрақтарыңыз маңыздырақ болады.

3-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз.

1) жұмыс берушінің а) қалдырыңыз

2) үміткермен ә) сұрау

3) қызметкердің б) сұрақтары

4) түйіндемеңізді в) сұхбаттасу

5) хабарландыру г) еңбек өтілі

6) еңбек тәжірибесін ғ) мүмкін

7) созылуы д) бойынша

4-тапсырма. Ілік септігінің дұрыс қолданысын табыңыз. Дұрыс емес нұсқаны сызыңыз.

Үлгі: Теңгенің/теңге қандай номиналдары бар? – Теңгенің қандай номиналдары бар?

Үміткерлердің/үміткерлер түйіндемесімен таныстық. Жас кезінен әр баланың/бала белгілі бір салаға деген қызығушылығы байқалады. Осы аптада доллардың/доллар бағамы көтерілді. Банктің/банк қызметкері депозит ашудың шарттарын түсіндіріп берді. Жұмыста жеке басыңыздың/жеке басыңыз мәселелерін талқылау дұрыс па? Өнімнің/өнім сапасын арттыру біздің ең басты міндетіміз.

5 -тапсырма. Берілген сөйлемдерді керекті сөздермен толықтырыңыз.

Керек сөздер: жеке қасиеттері, алаңдамаңыз, мақсатшылдық, жеке басыңызға қатысты, қам жасау, тәртіп сүйгіштігіңіз, қызықтыратынын, жеке мәліметтеріңізді, тура келді, жұмысқа тұрғыңыз, әуестенетін ісім.

1.Маған сіздің ........................... ұнап отыр. 2. ............................. қандай мәліметтер бересіз? 3. Жақсы жұмыс табуға ертерек .............................. керек. 4. Сұхбаттасуда отырғанда басқа шаруларыңызды ойлап, ............................. . 5. Болашақ мамандығыңызды дұрыс таңдау үшін, өзіңізді .......................... істерді анықтаңыз. 6. Кез келген табысқа жеткісі келетін адамда ........................... болуы керек. 7. Өзіңіз туралы ........................... де беруіңіз қажет. 8. Түйіндемеде үміткердің .............................. көрсетіледі. 9. Менің ............................ – ұлттық киімдер жинау. 10. Сұхбаттасуға кешікпеу үшін, үйден ерте шығуыма ............................. . 11. Сіздің біздің компанияға .......................... келе ме?

6 -тапсырма. Графика көмегімен өз ойыңызды білдіріңіз.

3-сабақ