
- •Практикалық сабақтардың қысқаша конспектісі
- •Отбасындағы әйел мен ер адамның рөлі
- •Отбасы бюджеті.
- •Еліміздегі демографиялық мәселе
- •Сабақты қорытындылауға арналған лексика-грамматикалық тест
- •Тіршіліктің жасыл тірегі
- •Қазақстандағы экологиялық дабыл
- •Балқаш – байлығымыз
- •Каспий экологиясы қандай жағдайда?
- •Келер ғасыр табиғатты сыйлау ғасыры
- •Келер ғасыр табиғатты сыйлау ғасыры
- •Жастар және әлемдік бәсеке
- •Әлемдік бәсеке және ұлттық мүдде
- •Әлемдегі ең үлкен, ең көп, ең мықты ...
- •Жан басына шаққанда табысы ең көп ел
- •Ең көп жалақы
- •Әлемдегі ең қымбат әрі ерекше турлар
- •Ең қымбат қалалар
- •Ең биік мұнара
- •Әлемдегі ең бай адамдар
- •Мексикалық Карлос Слим – әлемдегі ең бай адам
- •Қазақстандағы ең бай 5 адам
- •Еліміздің ұлтжанды жастары
- •Асыл – тастан, ақыл - жастан. Тірек сөздер: мұрагер, аманат, зая, әдетке айналуы, қасиет тұту, мойынсұнушылық, ардақтау, өнегелі.
- •Ел ертеңі - жастар
- •Өнегелілік туралы
- •Адамның жасыра алмайтыны - өлім
- •Ұлттық рухы күшті адам.
- •Талант пен тәрбие.
- •Ғалам және ғасыр.
- •Ғасыр ғажайыптары
- •Аз білетініңізді ұғыну үшін көп оқып үйрену керек.
- •Жоғалған арал
- •Ғасыр сыйлығы
- •Әлемге әйгілі қазына
- •А лтын адам
- •Еліміздің сыртқы саясаты
- •Мемлекеттік және саяси қоғам қайраткерлері
- •Экономика және оның қоғам өміріндегі бағасы
- •Экономикалық жүйе және оның түрлері.
- •Экономиканың түрлері
- •Саяси экономиканың алғашқы көрнекті өкілдері
- •Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
- •Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
- •Жұмыс іздеу
- •Түйіндеме
- •Жұмысқа орналасу
- •Менің жұмыс орным
- •Іскер адамның жұмыс күнін жоспарлауы
- •Іскер адамның жұмыс күнін жоспарлауы
- •Жұмыс күнін жоспарлауға арналған ақыл-кеңестер
- •Іскер адамның жұмыс аптасын жоспарлауы
- •Жұмыс аптасын жоспарлауға арналған ақыл-кеңестер
- •Табысты болудың сыры неде?
- •Табысты болудың сыры неде?
- •Басшы келбеті
- •Басшы келбеті
- •Басшының басқару стилі
- •Басшының басқару стилі
- •Қазіргі заман менеджерлеріне қойылатын талаптар
- •Қазіргі заман менеджерлеріне қойылатын талаптар
- •Сабақ Ақша – ерекше тауар
- •Ұлттық валюта
- •Теңге тарихы
- •Шетелдік валюталар
- •Д оллар атауы қашан шықты?
- •Еліміздегі банк жүйесі туралы не білеміз?
- •Ұлттық Банк
- •Банк қызмет көрсетулері
- •Банк қызмет көрсетулері
- •Төлем карталарын пайдалана аламыз ба?
- •Қазақстандағы мұнай кен орындары
- •Сабақ Қазақстанның әкімшілік бөлінуі мен шаруашылығы
- •Тірек сөздер:Әкімшілік, құрамы,ішкі жалпы өнімі, жабдықтар,айналымы, қарқынды.
- •Қазақстанның әкімшілік бөлінісі
- •Сабақ Қазақстанның егін және мал шаруашалығының дамуы
- •«Алтын сапа» белгісі
- •2011 Жылдың 7-9 желтоқсан аралығында
- •Астананың халықаралық сауда-көрме орталығы «Көрме» кешенінде «Қазақстанның
- •Үздік тауары 2011» байқау-көрмесі
- •«Мінсіз» халықтық сапа белгісі
- •«Мінсіз» халықтық сапа белгісі
- •Адам және табиғат – егіз
- •Жастар және әлемдік бәсеке.
- •Еліміздің ұлтжанды жастары
- •Ғалам және ғасыр
- •Адам және саясат
- •Адам және экономика
- •Жұмыс іздеу
- •Іскер адам және уақыт
- •Басшы келбеті
- •Төл теңге тарихы
- •Банк қызметі
- •Қазақстанның табиғи ресурстары мен әкімшілік бөлінуі
- •Отандық тауар өндірісін дамыту
- •Обсөж-ді жүргізу кестесі
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •2. Бағиева ш.М. Іскери қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. *
- •Қосымша әдебиеттер:
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Басшы келбеті
- •Сіз қайсынын таңдар едіңіз? Пікірталас!
- •Қазыбектің қалмақ еліне елшілікке баруы
- •Кейси және Интернет
- •Логикалық есептер
- •Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы Қазақ тілі (в2-негізгі стандартты деңгей)
Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс
Ақиқат-шындық, дұрыстық;
индустриялы-техника жетістіктерімен жабдықталған фабрика, зауыт, өнеркәсіп;
жаһандану-бүкіл әлемдегі өзгерістерге сай келу;
ауқымды-үлкен, кең, көлемді;
үдеріс- қауырт, қозғалыс, қарбалас;
қарқынды- жедел, шұғыл, тез, жылдам;
жаңғырту-жаңару, өзгеру;
заманауи-осы заманға сай, қазіргі;
тұрпатты-тектес, пішіндес;
бастама-бір істің басы, алғашқы ұйытқысы;
мәлімдеу-болған оқиғаны хабарлау, айтып жеткізу;
тұтыну-пайдалану, қолдану, керегіне жарату;
тиімділік-пайдалы, көп табыс беретін;
шыны-кварц құмының ерітіндісінен жасалған мөлдір түсті жұқа зат;
2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, ой бөлісіңіз.
Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
«Ғылым» деп – адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы қызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім кәдімгі Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады.
Ғылымның негізгі мақсаты ақиқатқа жету және табиғат, қоғам, ойлау заңдылықтарын ашу. Ғылым ежелгі заманда (Қытайда, Үндістанда, Грекияда) пайда болды. Ұзақ уақыт бойы ғылыми білім баяу дамыды. Тек XVI-XVII ғасырлардан бастап Батыс Еуропада ғылым қуатты күшке айналып, индустриялы қоғамның құрылуы мен дамуына септігін тигізді. Сол кезеңнен осы ұрпаққа дейінгі аралықта ғылым адамдардың практикалық қызметіне қатты әсер етті.
Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын бірқатар білім салаларына жіктеледі. Табиғат туралы ғылымдар – жаратылыстану, қоғам туралы – қоғамтану (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар); таным мен ойлау туралы – логика, геносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы құрайды. Математика – өзі бір арнайы ғылым. Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының кұрамына – механика, физика, химия, биология; қоғамтану ғылымдарына – тарих, экономикалық ғылымдар, құқықтану, психология жатады. Аталған жеке ғылымдардың әрқайсысы бірқатар ғылыми пәндерді құрайды. Мысалы, физика – оптикаға, қатты денелер физикасына, ядролық физикаға жіктеледі. Өзінің пәніне орай философия барлық ғылымдармен байланыста болады. («Ғылым – ақиқатты білу әдісі» Уикипедия жобасынан)
Қазақстан Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық экономика құруды жалпыұлттық өрлеу идеясы ретінде жариялады. Бұл - Тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды экономикалық жобасына айналғалы тұр. Шын мәнінде, жаһандану үдерістері үдей түскен қазіргі заманда инновациялық өрлеу - ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің ең басты бір факторы ретінде айқындалуда. Сондықтан Қазақ елі өз өндірісін қарқынды жаңғырту жолына шықты.
Осыған қол жеткізу үшін мемлекет инновациялық өнімдерді шығару бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыруға кірісті. («Инновациялық экономика құру – жалпыұлттық өрлеу идеясы». Шәріпови Айхан Пішенбайұлы. Innovus.kz)
3-тапсырма. Берілген жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.
1. Ежелгі заманғы ғылым туралы түсінік
2. Ғылым – қуатты күш
А) Өнеркәсіп саласындағы ғылымның орны
Ә) Ауылшаруашылығын дамытудағы ғылымның рөлі
Б) Адам денсаулығын жақсартудағы ғылымның атқаратын қызметі
В) жаңа технологияларды дамытудағы ғылымның маңызы
3. Қазақстандағы қазіргі ғылымның даму деңгейі
4-тапсырма. «Ғылым» және «ғылымның дамып келе жатқан салалары» деген ұғымдарға түсініктеме бере отырып, мәтіннің мазмұнын толықтырыңыз.
Мысалы, валеология, өзін-өзі тану, салауатты өмір салты...
Жағдаяттық тапсырмалар!
Егер сіз білім министрі болсаңыз, білім саласына жаңа реформа енгізер ме едіңіз ...
Сіз өз салаңыз бойынша белгілі ғалым болсаңыз, еліміздің көркеюіне қандай үлес қосар едіңіз ...
5-тапсырма. Ш.Құдайбердіұлының ғылым туралы ой-толғауларын пайдаланып, ғылымының пайдасы туралы әңгімелеңіз.
Ғылымсыз адам – айуан
Ғылымсыз адам – айуан
Не қылсаң да ғылым біл
Ғылымға да керек жан
Ақылсыз болса, ғылым тұл
Мініңді тапса кім сынап,
Аяғына бар, жығыл.
Қап бәлем деп кекті ұнап,
Сақтай көрме ойға зіл.
Бақ-дәулетке сыйынып,
Болма боран жел-дауыл.
Аса сәнді киініп,
Қуыршақ болма, сән қуып.
Адамның ең асылы –
Қиянатсыз, ақ пейіл.
Ең зиянкес жасығы, –
Тайғақ мінез, екі тіл.
Дұспанға да бол әділ,
Түсірме ойға тап пен ніл,
Ұмытпа, болсаң біздің ұл,
Осы өлеңді құлаққа іл.
6-тапсырма. Абайдың 17-қара сөзін оқи отырып, Шәкәрім өлеңі арасындағы ұқсастықты айқыңдаңыз, ғылымның орнын анықтай түсіңіз.
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп ғылымға жүгініпті.
Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмілетке жетпейді. Әуелі өзіңді білуге, ерінбей, жалықпай үйрену керек. Ол менің ісім. Адасқан жолда бара жатқан бойды, қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?».
Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ақыретке, не пайдалы болса, не залалы болса, білетұғын мен, сенің сөзінді ұғатұғын – мен. Менсіз өздері неге жарайды?».
Жүрек айтыпты: «Мен – адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын. Жақсылыққа елжіреп, еритұғын, жаманшылықтан жиреніп тулайтын – мен. Осы екеуі қалай маған таласады?».
Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, былай депті:
Ей, қайрат! Сенің айтқанының бәрі рас, қаттылығын да мол, пайдаң да мол, бірақ залалын да мол. Кейде жақсылықта берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман.
Ей, ақыл! Сенсіз еншәрсе табылмайтыны рас, бірақ амал да, айла да сенен шығады. Жақсының, жаманның сенгені, сүйенгені – сен, соның жаман, - депті.
Сенің үшеуіңнің басынды қосатын – мен. Бірақ соны билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырына жүрмейді. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол. Сенің де еркіне жібермейді. Осы үшеуін басыңджы қос, бәрін де жүрекке билет, – деп ұқтырып, айтушының аты ғылым екен.
9-апта
Модульдік тақырып: Жұмыс іздеу
Тақырып мазмұны:
1. Жұмыс іздеу.
2. Жұмысқа орналасу.
3. Менің жұмыс орным.
9-тақырып. Грамматикалық тақырып: Сөйлемдер арасындағы объектілік, анықтауыштық қатынастар.
Мақсаты: «Жұмыс іздеу тақырыбы бойынша жаңа сөздерді, сөз тіркестерін меңгерту, грамматикалық тұлғаларды игерту, тақырып бойынша сөйлесім әрекетін дамыту.
Айтылым бойынша: жаңа сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға, тақырып бойынша сұрақ қоя алуға, қойылған сұрақтарға жауап бере алуға, ойын ауызша жеткізе алуға, мәтіннің мазмұнын айта алуға үйрету.
Жазылым бойынша: жазбаша ойын жеткізе алу, сұхбат, шағын мәтіндер құрастыра алуға төселдіру.
Оқылым бойынша: тақырыпқа қатысты материалдарды оқып түсінуге, қойылған сұрақтарды түсініп, оларға жауап бере алуға машықтандыру.
Тыңдалым бойынша: тақырыпқа қатысты естіген монолог, сұхбаттарды түсінуге, қойылған сұрақтарды түсініп, оларға жауап бере алуға үйрету.
1 – сабақ