Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-семестр Кадиша УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.91 Mб
Скачать

Отбасы бюджеті.

Сөздік

кикілжің – конфликт

түсініспеушілік – недопонимание

жетіспеу – нехватка

керек-жарақ – необходимые вещи

жұбайлар – супруги

дау-дамай – спор

дөңгелек үстел – круглый стол

ынтымақтастық әдісі – метод сотрудничества

есеп-қисап жүргізу – расчитывать, вести бухгалтерию

санасу – считаться

қаржы тәуелсіздігі – финансовая независимость

ерлі-зайыптылар – супруги

тағайындау – назначать

ауыртпашылық – тяжесть, трудность

орынбасар – заместитель

1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз:

Кикілжіңнің тууы, түсініспеушілікті болдырмау, ақшаның жетіспеуі, керек-жарақты сатып алу, жұбайлардың дау-дамайы, дөңгелек үстел өткізу, ынтымақтастық әдісін пайдалану, орынбасарды тағайындау.

2-тапсырма. Сөздердің синонимін жазыңыз.

жанұя – басшы –

табыс – дау-дамай –

ерлі-зайыптылар – ата-ана –

3-тапсырма.Мәтінді оқып, сұрақтарды мәтіннің мазмұндалу ретімен орналастырыңыз.

  1. Ерлі-зайыптылардың тапқан табыстарын жұмсауда тәуелсіз болуын қамтамасыз ететін әдіс қандай әдіс?

  2. Жас отбасылары бастапқыда қаржы мәселесіне қалай қарайды.

  3. Қай әдісті қолданғанда отбасының қаржы басшысын тағайындау қажет?

  4. Қай әдісте отбасы мүшелері тапқан табыстарын ортаға салады?

Жаңадан отбасын құрып, ортақ өмірді бастаған екі жас көбіне қаржы мәселесіне баса назар аудармайды. Бірақ отбасын құрған алғашқы күннен бастап-ақ өздерінің ортақ шаруашылығын жүргізулері, яғни ақшаны ортақ мақсатқа жинаулары керек екенін ұмытпағандары жөн. Отбасылық кикілжің мен түсініспеушіліктің көбі дәл осы қаржының дұрыс жұмсалмауынан немесе жетіспеуінен басталады. Қаржы мамандары отбасында "әділ" бюджет орнату үшін, ақша жұмсаудың үш негізгі әдісін ұсынады.

Тәуелсіз әдіс.Бұл әдіс отбасын енді ғана құрған жастарға ыңғайлы. Себебі, екі жұбай тапқан қаржыларын өз еріктері бойынша қалаған затын сатып алып, қалаған мақсаттарына жұмсайды. Әдістің кикілжіңге әкелетін кездері де болады. Мысалы, коммуналдық қызметтерге төленетін қаржы, үйге қажетті тұрмыстық заттар мен жиһаз сияқты керек-жарақты кім сатып алуы тиіс? Мұндайда жұбайлардың бірі өз қаражатын көбірек жұмсап қойса, дау-дамай шығуы мүмкін. Aй сайынғы ортақ шығындарды есептесіп, ол соманы теңдей бөлісулері де тиіс. Сонымен қатар, мамандар "кімде бар, сол төлейді" немесе "қарыз" әдістерін де пайдалануға кеңес береді.

Ынтымақтастық әдісі. Қаржылық ортада бұл әдіс кеңінен тараған. Бұл әдісті "ортақ қазан" әдісі деп те атайды. Бірақ, отбасы мүшесінің қайсысы көбірек қаржы тапса, табыскер де көбірек ақша салуы тиіс. Бұл ер азаматтың да, әйелдің де отбасы алдындағы жауапкершілігін арттырып, ортақ мүддеге жетелейді. Отбасы мүшелерінің саны артқан сайын, шығынның да көп болатыны белгілі. Сондықтан, табыс табу жасына жеткен балаларыңызды да осы әдіске үйретсеңіз және жиналған қаржы қандай қажеттілікке жұмсалғанын айтып, есеп-қисап жүргізіп отырсаңыз, үлкен даудың туындамасы анық.

Отбасылық банк.Отбасы мүшелері өз орталарынан немесе ерлі-зайыптылар ақылдаса келе, отбасылық банктің "бастығын" тағайындап алулары керек. Ол бастық қаржыны орынды жаратуды, несие беруді және қаржыны табыс көзіне айналдыруды үйлестіре алуы қажет. Баланың керек-жарақтары, азық-түлік, киім-кешекке бөлінетін барлық қаражатты есеппен жұмсап үйренуі тиіс. Кез-келген бастықтың көмекшісі немесе орынбасары болатыныны білерсіз. Aраларыңыздан орынбасар мен көмекшілерді тағайындап, қаржылық операцияларды бірлесе атқарған дұрыс.

4-тапсырма. Мәтінді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

Қажетті сөздер: отбасы мүшесі, түсініспеушіліктің, «ортақ қазан», жалақыңыздан, дау-дамай, туралы мәлімет, өз бюджетін, анықтап алыңыз, жеке шығындарымыздан, 60 мыңын.

Әрбір отбасы .......................................................... жүргізу үшін әр түрлі әдісті пайдаланады. Соның бірі – .............................................. әдісі. Бұл әдістің де ............................................... тудыратын жақтары бар. Мәселен, тапқан табысты осы "қазанға" саламыз да, есесіне ................................................ арыла алмай қаламыз. Әсіресе ол "қазанның" құлағын ұстайтын ................................................... сіздің қанша табыс табатыныңыздан хабардар болса, жағдай одан сайын күрделене түспек. Сондықтан, жеке шығындарыңызды өзіңіз өтеуіңіз үшін, .................................................... белгілі бір соманы ажыратып алыңыз. Мысалы, 80 мың теңге айлығыңыз бар болса, ........................................................... ортақ қазанға салыңыз да, қалған 20 мың теңгені жеке шығындарыңызға арнаңыз. "Қазаншыға" ай сайынғы құятын сомаңызды да айтып, ортақ қаржының қанша болатындығын ................................................. . Сонда, біраз .......................................................... алдын алуға болады. Тағы бір ескеретін жайт, жеке шығыныңыз туралы тек өзіңіз білгеніңіз жөн. Ортақ бюджеттен бөлек, қанша ақша жұмсағаныңыз ............................................................. беріп отырсаңыз, соңы жақсы аяқталмайтыны дәлелденген жағдай.

5-тапсырма. Мәтін бойынша бес сұрақ дайындаңыз.

3- сабақ