Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-семестр Кадиша УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.91 Mб
Скачать

Мемлекеттік және саяси қоғам қайраткерлері

1- тапсырма. Сөздікпен жұмыс. .

Дербес сыртқы саясат, алғашқы өкілетті өкілі, дербес протокол, консул бөлімі, баспасөз және ақпарат бөлімі, әлемнің мойындауы, мемлекетті таныту, мәртебесі түбірімен өзгерді, насихаттау, қолтаңба, еске саларлықтай, тағайындау, адал, бауырлас, хаттама, тұңғыш, елшілік қалашығы, қол қою, мақала жариялау, адал қызмет ету,

2- тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Бүгінде Қазақстан мемлекеттігін танытатын бірден-бір белгі – оның дербес сыртқы саясаты және біздің елімізді бүкіл әлемнің мойындауы болып отыр.

1944 жылға дейін республика үкіметінің құрамында ең болмаса оның сыртқы әлеммен байланыс жасайтын бөлімшесі де болған жоқ.

Мәскеуде, Одақтық сыртқы істер министрлігінің орталық аппараттарында және оның шетелдердегі өкілдерінде 20-дан астам ғана дипломат қазақ еңбек етті. Олар негізінен Азия және Африка елдерінде жұмыс істеді.

ХХ ғасырдың 20-жылдары жас Кеңес өкіметінің Сауд Арабиясындағы алғашқы өкілетті өкілі белгілі шығыстанушы Нәзір Төреқұлов болды.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанға дейін Қазақстан бойынша жалғыз ғана Мәлік Сабырұлы Фазылов Кеңестер Одағының Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

М.С.Фазылов 1927 жылы 15 тамызда Қостанай облысында дүниеге келген. МГИМО-ны бітіргеннен кейін дипломатиялық қызметі жолын Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен бастайды.

Республика СІМ тарихында М.С.Фазылов еңбек еткен кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар: Республика СІМ-нің мәртебесі түбірімен өзгерді, оның ролі артты. Өз алдына дербес протокол және консул бөлімдері құрылды, кейінірек баспасөз және ақпарат бөлімі, сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі құрылды.

3 - тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша тілдесіңіз.

Сөйлесім үлгілері:

  • Қазақтың тұңғыш өкілетті және төтенше елшісі кім?

  • Мәлік Сабырұлы Фазылов

  • Мәлік Сабырұлы Фазылов қай мемлекеттерде дипломатиялық қызметте болды?

  • Морокко Карольдігінде т.б.

  • М.С.Фазылов қандай тілдерді меңгерген?

  • Қазақ, француз, араб, орыс, т.б. тілдерін меңгерген.

  • М.Фазылов ҚР сыртқы істер министрлігінде қандай қызмет атқарады?

  • Кеңесші қызметін атқарады.

4 - тапсырма. Мына сөздерге жіктік жалғауын жалғаңыз.

Мен дипломат... . Біз кеңесші... . Сен елші... . Сіз мәмілегер... . Сендер хатшы... .

5 -жаттығу.Мына сөз тіркестерді пайдалана отырып сөйлем құраңыз. Дипломатиялық қатынас, дипломатиялық лауазым, дипломатиялық дәреже, ІІ сыныпты хатшы, Бас консул, вице-консул, тұрақты өкіл.

Үлгі: Т.Түймебаев - Төтенше және Өкілетті Елші.

Т.Түймебаев Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалды.

Т.Түймебаев Ресейге Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалды.

6-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазақстанның сыртқы істер министрі кім?

2. Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі кім?

3. Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі кім?

4. Қазақстандағы Түркия елшілігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі кім?

7 - тапсырма. а) Қазыбек бидің ашық нотасында нотаның мағыналық өзегі (смыславое ядро) қандай сөйлемдермен берілген?

ә) Қазыбек би қай ғасырларда өмір сүрген? Төмендегі нұсқаны пайдаланып Кім жақын, не қымбат, не қиын?» сұрақтарына Қазыбек бидің жауаптарын айтып көріңіз.

«Атым Қазыбек, әкем Келдібек, халқым қазақ, руым Қаракесек. Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, дәмі, тұзын ақтай білген елміз. Қазақ, қалмақ табысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы келгенбіз, берсең, бітіміңді айт, бермесең жөніңді айт, не тұрысатын жеріңді айт.»

8 - тапсырма. Тестіге жауап беріңіз.«Кім жақын», «Не қымбат», «Не қиын».Сіздердің мақсаттарыңыз мына сөйлемдердің екінші сыңарын табу.

«Кім жақын»

Тату болса - 1) апайың жақын

2) ағайың жақын

3) досың жақын

Ақылды болса - 1) інің жақын

2) туысың жақын

3) нағашың жақын

Сыйлас болса 1) шөберең жақын

2) келінің жақын

3) нағашың жақын

Өз ұрпағың - 1) шөберең жақын

2) досың жақын

3) әйелің жақын

«Не қымбат»

Алтын ұяң - 1) атаң қымбат

2) анаң қымбат

3) елің қымбат

Мейірімді- 1) апаң

2) атаң

3) жерің

Туып өскен- 1) жерің

2) атаң

3) елің

«Не қиын»

Таусылмайтын - 1) сөз

2) дау

3) дерт

Өзің түскен - 1) серт

2) жау

3) дерт

Жазылмаса- 1) серт

2) дерт

3) дау

8-апта

Модульдік тақырып:Адам және экономика

Тақырып мазмұны:

1. Экономика және оның қоғам өміріндегі бағасы.

2. Экономикалық жүйе және оның түрлері.

3. Ғылым – инновациялық экономиканың негізі

Грамматикалық тақырып: Грамматикалық тақырып: Сөйлемдер арасындағы себеп-салдарлық қатынастар.

Мақсаты: «Адам және экономика» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді, сөз тіркестерін меңгерту, грамматикалық тұлғаларды игерту, оларды қарым-қатынаста пайдалана алуға машықтандыру.

Айтылым бойынша: жаңа сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға, тақырып бойынша сұрақ қоя алуға, қойылған сұрақтарға жауап бере алуға, ойын ауызша жеткізе алуға, мәтіннің мазмұнын айта алуға үйрету.

Жазылым бойынша: жазбаша ойын жеткізе алу, сұхбат, шағын мәтіндер құрастыра алуға төселдіру.

Оқылым бойынша: тақырыпқа қатысты материалдарды оқып түсінуге, қойылған сұрақтарды түсініп, оларға жауап бере алуға машықтандыру.

Тыңдалым бойынша: тақырыпқа қатысты естіген монолог, сұхбаттарды түсінуге, қойылған сұрақтарды түсініп, оларға жауап бере алуға үйрету.

1 – сабақ