
- •Практикалық сабақтардың қысқаша конспектісі
- •Отбасындағы әйел мен ер адамның рөлі
- •Отбасы бюджеті.
- •Еліміздегі демографиялық мәселе
- •Сабақты қорытындылауға арналған лексика-грамматикалық тест
- •Тіршіліктің жасыл тірегі
- •Қазақстандағы экологиялық дабыл
- •Балқаш – байлығымыз
- •Каспий экологиясы қандай жағдайда?
- •Келер ғасыр табиғатты сыйлау ғасыры
- •Келер ғасыр табиғатты сыйлау ғасыры
- •Жастар және әлемдік бәсеке
- •Әлемдік бәсеке және ұлттық мүдде
- •Әлемдегі ең үлкен, ең көп, ең мықты ...
- •Жан басына шаққанда табысы ең көп ел
- •Ең көп жалақы
- •Әлемдегі ең қымбат әрі ерекше турлар
- •Ең қымбат қалалар
- •Ең биік мұнара
- •Әлемдегі ең бай адамдар
- •Мексикалық Карлос Слим – әлемдегі ең бай адам
- •Қазақстандағы ең бай 5 адам
- •Еліміздің ұлтжанды жастары
- •Асыл – тастан, ақыл - жастан. Тірек сөздер: мұрагер, аманат, зая, әдетке айналуы, қасиет тұту, мойынсұнушылық, ардақтау, өнегелі.
- •Ел ертеңі - жастар
- •Өнегелілік туралы
- •Адамның жасыра алмайтыны - өлім
- •Ұлттық рухы күшті адам.
- •Талант пен тәрбие.
- •Ғалам және ғасыр.
- •Ғасыр ғажайыптары
- •Аз білетініңізді ұғыну үшін көп оқып үйрену керек.
- •Жоғалған арал
- •Ғасыр сыйлығы
- •Әлемге әйгілі қазына
- •А лтын адам
- •Еліміздің сыртқы саясаты
- •Мемлекеттік және саяси қоғам қайраткерлері
- •Экономика және оның қоғам өміріндегі бағасы
- •Экономикалық жүйе және оның түрлері.
- •Экономиканың түрлері
- •Саяси экономиканың алғашқы көрнекті өкілдері
- •Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
- •Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
- •Жұмыс іздеу
- •Түйіндеме
- •Жұмысқа орналасу
- •Менің жұмыс орным
- •Іскер адамның жұмыс күнін жоспарлауы
- •Іскер адамның жұмыс күнін жоспарлауы
- •Жұмыс күнін жоспарлауға арналған ақыл-кеңестер
- •Іскер адамның жұмыс аптасын жоспарлауы
- •Жұмыс аптасын жоспарлауға арналған ақыл-кеңестер
- •Табысты болудың сыры неде?
- •Табысты болудың сыры неде?
- •Басшы келбеті
- •Басшы келбеті
- •Басшының басқару стилі
- •Басшының басқару стилі
- •Қазіргі заман менеджерлеріне қойылатын талаптар
- •Қазіргі заман менеджерлеріне қойылатын талаптар
- •Сабақ Ақша – ерекше тауар
- •Ұлттық валюта
- •Теңге тарихы
- •Шетелдік валюталар
- •Д оллар атауы қашан шықты?
- •Еліміздегі банк жүйесі туралы не білеміз?
- •Ұлттық Банк
- •Банк қызмет көрсетулері
- •Банк қызмет көрсетулері
- •Төлем карталарын пайдалана аламыз ба?
- •Қазақстандағы мұнай кен орындары
- •Сабақ Қазақстанның әкімшілік бөлінуі мен шаруашылығы
- •Тірек сөздер:Әкімшілік, құрамы,ішкі жалпы өнімі, жабдықтар,айналымы, қарқынды.
- •Қазақстанның әкімшілік бөлінісі
- •Сабақ Қазақстанның егін және мал шаруашалығының дамуы
- •«Алтын сапа» белгісі
- •2011 Жылдың 7-9 желтоқсан аралығында
- •Астананың халықаралық сауда-көрме орталығы «Көрме» кешенінде «Қазақстанның
- •Үздік тауары 2011» байқау-көрмесі
- •«Мінсіз» халықтық сапа белгісі
- •«Мінсіз» халықтық сапа белгісі
- •Адам және табиғат – егіз
- •Жастар және әлемдік бәсеке.
- •Еліміздің ұлтжанды жастары
- •Ғалам және ғасыр
- •Адам және саясат
- •Адам және экономика
- •Жұмыс іздеу
- •Іскер адам және уақыт
- •Басшы келбеті
- •Төл теңге тарихы
- •Банк қызметі
- •Қазақстанның табиғи ресурстары мен әкімшілік бөлінуі
- •Отандық тауар өндірісін дамыту
- •Обсөж-ді жүргізу кестесі
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •2. Бағиева ш.М. Іскери қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. *
- •Қосымша әдебиеттер:
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Басшы келбеті
- •Сіз қайсынын таңдар едіңіз? Пікірталас!
- •Қазыбектің қалмақ еліне елшілікке баруы
- •Кейси және Интернет
- •Логикалық есептер
- •Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы Қазақ тілі (в2-негізгі стандартты деңгей)
Әлемге әйгілі қазына
1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Әлем, әйгілі, дүниежүзілік, тереңдік, тектілік, түп-тамыр, жария ету, түсінік, әлемет, сұлулық, шеберлік.
2-тапсырма. Мына сөз тіркестерінің баламасын табыңыз.
Дүние жүзілік маңызы, аса зор жаңалық, құнды қазына, әлемге әйгілі, асыл қазына, тарихымыздың тереңдігі, дала туралы түсінік, әсер ету, алтынмен апталған, ежелгі заман, өзіңдік өркениет.
3-тапсырма. Берілген сөздердің антонимін табыңыз.
Ежелгі —
Оңай —
Терең —
4-тапсырма. Топ болып ойтүрткі сұрақтарға жауап іздеп көріңіз.
а) Әлемге әйгілі қандай қазыналарды білесіз? ө) Әлемге әйгілі қандай кереметтерді білесіз?
А лтын адам
Қазақ археологы Кемел Ақышевтың ашқан сенсациялық жаналығы әлем ғалымдарының дала туралы түсінігіне әсер етті. Ол тапқан алтын киімді адам әлемге әйгілі болып шыға келді. Бұл — археологтардьщ айтуынша, 17-18 жасар сақ жауынгері еді. Есік қорғанынан табылған осы қазынаның бағасын жеткізе айту оңай шаруа емес. Бұдан 25 ғасыр, яғни екі жарым мың жылдай бұрын осындай байлық болған, осындай сұлулық болған, осындай шеберлік болған деген ойдың өзі таң-тамаша қалдырады.
Ең ғажабы, ол бүтіндей алтынмен апталған! Бірге жерленген жауынгерлік қаруы — алмас қылыш пен болат қанжардан басқасы бүтіндей алтыннан! Жұқа көйлегі де, бешпеті де, етігі де, шошақ бөркі де, асатаяғы да, қамшысы да — бәрі алтыннан ... Ал бас киімі 200 ден астам неше түрлі алтын зер, әшекей заттармен безендірілген.Олардың көпшілігі барыстың, таутекенің, арқардың, аттың, құстың кескінімен таңбаланған. Бас киімнің маңдай жағы мүйізді, қанатты қос аттың кескінімен өрнектелген.
Есік қорғанынан барлығы төрт мың алтын бұйым табылса, соның демі бір адамның бойында тұр. Бір ғана бешпет үш мыңға жуық алтын заттармен безендірілген дегенге қалайша қайран қалмайсыз, осындай мұра қалдырған бабаларымыз үшін қалайша мақтанбассыз!
5-тапсырма. Сіздің пікіріңіз. Келісіңіз немесе қарсылығыңызды білдіріңіз.
«Алтын адам» — XX ғасырдың ғажап жаңалығы.
«Алтын адам» Жетісу жерінен, Есік қаласының маңынан табылды.
«Алтын адам» — біздің дәуірімізге дейінгі (б.д.д) V—IV ғасырдағы сақ жауынгері.
Бір ғана бешпент төрт мыңға жуық алтын заттармен безендірілген.
Қанатты аттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасыңда бар.
6-тапсырма. Лексикалық түсініктеме.
апталу — безендірілу
қылыш — қару, болат қанжар
қару бешпет — жеңсіз ұлттық киім
асатаяқ — хандар, патшалар ұстайды
қорған — зиратты қорған деп те атайды
мұра — бабадан қалған зат
соның дені — барлығы
қайран қалу — таң қалу
бұйым — зат, нәрсе
7-тапсырма. Сөйлемдерді мәтінге сәйкес аяқтаңыз.
Қазақ археологы Кемел Ақышевтың ашқан сенсациялық жаңалығы әлем ғалымдарының дала туралы түсінігін төңкеріп тастардай ....
Ол тапқан алтын киімді адам ә дегеннен-ақ ... .
Ең ғажабы — ол бүтіндей алтынмен ....
Бірге жерленген жауынгерлік қаруы — алмас қылыш пен болат қанжардан басқасы ....
Жұқа көйлегі де, бешпеті де, етігі де, асатаяғыда, қамшысы да бәрі....
Ал бас киімі 200-ден астам неше түрлі алтын зер, әшекей заттармен ... .
Олардың көпшілігі барыстың, таутекенің, арқардың, аттың кұстың .... ' '
Есік қорғанынан барлығы төрт мың алтын бұйым табылса, дені бір адамның ....
Бір ғана бешпет үш мыңға жуық алтын заттармен безендірілген дегенге....
Осындай мұра қалдырған бабаларымыз үшін қалайша ....
8-тапсырма. Жыр жаттаңыз (толық нұсқасын іздеңіз).
Шежіремді ұрлапты....
Зулапты күн.
Ғасырлардан бір ызың тыңдап тұрмын.
Алтын адам шынымен
Қазақболса,
Білген екен құнының қымбаттығын.
(М. Мақатаев)
9-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Мәтінде қандай қару түрлері аталған?
Мәтінде қандай қазақ киімінің түрлері аталған?
Мәтінде қаңдай аң түрлері аталған?
7-апта
Модульдік тақырып: Адам және саясат
Тақырып мазмұны:
Еліміздің сыртқы саясаты
Мемлекеттік және саяси қоғам қайраткерлері.
Грамматикалық тақырып: Мақсат мәнді құрылым
Мақсаты: тақырып бойынша өтілген жаңа лексика мен грамматикалық бірліктерді меңгеру, оларды пайдалана отырып, жазбаша, ауысша әңгімелеуге, сұхбаттасуға машықтандыру.
Айтылым бойынша: жаңа сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырып бойынша сұрақ қоя алуға, қойылған сұрақтарға жауап бере алуға, ойын ауызша жеткізе алуға, мәтіннің мазмұнын айта алуға үйрету.
Жазылым бойынша: жазбаша ойын жеткізе алу, сұхбат, шағын мәтіндер құрастыра алуға төселдіру.
Оқылым бойынша: тақырып бойынша оқығандарын еркін түсінуге машықтандыру.
Тыңдалым бойынша: тыңдаған сұхбаттарын түсініп, өзіне керекті мәліметті ала білуге үйрету.
1 – сабақ