Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-семестр Кадиша УМКД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.91 Mб
Скачать

Талант пен тәрбие.

1 -тапсырма. Мәтіндегі өнеге сөздердің мәнін ашыңыз.

  • Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе.

  • Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяу адамға, аз адам көпке сәлем береді.

  • Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс. Мешітке, үйге «ассалаумағаләйкүм» деп кіру керек, кешке «кеш жарық» деп кіру керек.

  • Әйел алдында әдепті бол, сыпайы сөйле.

  • Үйге кісі келсе орныңнан тұрып жайдары қарсы ал, киімін іл, төрге шығар.

  • Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі алдындағыға қол созба.

  • Дастархан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле.

  • Көршілеріңмен жылы сәлемдес.

  • Атақты адам болғың келсе, сондай адамдар туралы оқы да тоқы. Құрметті адам болғың келсе, көптің сөзін сөйле, халық жағында бол. Бақытты болғың келсе, ізгі істерге бойыңды үйрет, жаман әдеттен қаш.

  • Тәрбиеліден – тәлім, ғалымнан – ғибрат, өнерліден - өнеге ал.

2-тапсырма. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз. Өзгелік етіс жұрнағын көрсетіңіз.

1. Біз қазақ тілін ... үйреніп жүрміз. 2. Тіл үйрену ... 3. Сондықтан ... біз тек қазақша сөйлесеміз. 4. Оқытушы бізге көп ... орындатқызды. 5. Қазақша, орысша мәтіндерді ... оқытқызып, аудартқызады. 6. Сөйлемдерді ... жазғыздырады. 7. Сабақта ... де көп көңіл бөледі. 8. Сурет бойынша ... жазғызады. 9. Өлеңдер мен мақалаларды ... айтқызады.

3- тапсырма. Төменде берілген ар-ұят, адами қасиеттер туралы мақал-мәтелдердің мәнін ашыңыз.

  1. Ұят – жаман ойдың жүгені.

  2. Кісі қылығымен танылар.

  3. Ең жақсы әдет – жомарттылық.

  4. Жомарт ерге ел алғысын төгеді,

Сараң атын естісе, жұрт сөгеді.

  1. Тәкаппар – қасірет тартады.

  2. Әдептің не екенін –

Әдепсіз адамды көргенде білерсің.

  1. Бойың қисық болса да, ойың түзу болсын.

4-тапсырма. Мына сөйлемдерге жақшаның ішіндегі қыстырма сөздерді қойып, дұрыс аяқтаңыз. Қажетті сөздер:әрине, меніңше, бағымызға қарай, сірә, мүмкін.

1. ........... , менің алдымда сағым теңізіндей құлпырып, алыстан қол бұлғап жаңа өмір жатқан шығар. 2. ................ , сенің айтқаның өте дұрыс. 3. Бұларды, ................ , осы жерде жасауға болмайды. 4. ................ , қария да үйінде болып шықты. 5. ............... , дәл осы бұлақ бұл аймақтың нәрі болса керек.

5-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма. Пікірталас

«Тәрбиеліден – тәлім, ғалымнан – ғибрат, өнерліден – өнеге» тақырыбы бойынша

  1. Белгілі жазушы М.Шаханов пен студенттер

  2. «Хабар» арнасының дикторы мен Астана қаласының әкімі И.Тасмағанбетов

  3. ХБА-ның президенті А.Қожахметов пен студенттер

6-апта

Ғалам және ғасыр.

Тақырып мазмұны:

1- тақырып. Ғасыр ғажайыптары.

2 - тақырып. Ғасыр сыйлығы.

3 - тақырып. Әлемге әйгілі қазына

Грамматикалық тақырып: Грамматикалық тақырып: Қалау рай.

Мақсаты: Тақырып бойынша өтілген жаңа лексика мен грамматикалық бірліктерді меңгерту, оларды пайдалана отырып әңгімелеуге, сұхбаттасуға машықтандыру.

Айтылым бойынша: жаңа сөздерді дұрыс айту, сұрақ қоя алу, сұраққа жауап бере білуге төселдіру.

Жазылым бойынша: тақырып бойынша жазбаша тілдесімін жетілдіру.

Оқылым бойынша: тақырыпқа қатысты мәтіндерді, сұхбаттарды оқып, өзіне қажетті мәліметтерді таба алуға машықтандыру.

Тыңдалым бойынша: басқалардың тақырып бойынша сұхбаттарды, монологтерді тыңдап, түсінуге үйрету.

1 – сабақ