
- •Практикалық сабақтардың қысқаша конспектісі
- •Отбасындағы әйел мен ер адамның рөлі
- •Отбасы бюджеті.
- •Еліміздегі демографиялық мәселе
- •Сабақты қорытындылауға арналған лексика-грамматикалық тест
- •Тіршіліктің жасыл тірегі
- •Қазақстандағы экологиялық дабыл
- •Балқаш – байлығымыз
- •Каспий экологиясы қандай жағдайда?
- •Келер ғасыр табиғатты сыйлау ғасыры
- •Келер ғасыр табиғатты сыйлау ғасыры
- •Жастар және әлемдік бәсеке
- •Әлемдік бәсеке және ұлттық мүдде
- •Әлемдегі ең үлкен, ең көп, ең мықты ...
- •Жан басына шаққанда табысы ең көп ел
- •Ең көп жалақы
- •Әлемдегі ең қымбат әрі ерекше турлар
- •Ең қымбат қалалар
- •Ең биік мұнара
- •Әлемдегі ең бай адамдар
- •Мексикалық Карлос Слим – әлемдегі ең бай адам
- •Қазақстандағы ең бай 5 адам
- •Еліміздің ұлтжанды жастары
- •Асыл – тастан, ақыл - жастан. Тірек сөздер: мұрагер, аманат, зая, әдетке айналуы, қасиет тұту, мойынсұнушылық, ардақтау, өнегелі.
- •Ел ертеңі - жастар
- •Өнегелілік туралы
- •Адамның жасыра алмайтыны - өлім
- •Ұлттық рухы күшті адам.
- •Талант пен тәрбие.
- •Ғалам және ғасыр.
- •Ғасыр ғажайыптары
- •Аз білетініңізді ұғыну үшін көп оқып үйрену керек.
- •Жоғалған арал
- •Ғасыр сыйлығы
- •Әлемге әйгілі қазына
- •А лтын адам
- •Еліміздің сыртқы саясаты
- •Мемлекеттік және саяси қоғам қайраткерлері
- •Экономика және оның қоғам өміріндегі бағасы
- •Экономикалық жүйе және оның түрлері.
- •Экономиканың түрлері
- •Саяси экономиканың алғашқы көрнекті өкілдері
- •Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
- •Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
- •Жұмыс іздеу
- •Түйіндеме
- •Жұмысқа орналасу
- •Менің жұмыс орным
- •Іскер адамның жұмыс күнін жоспарлауы
- •Іскер адамның жұмыс күнін жоспарлауы
- •Жұмыс күнін жоспарлауға арналған ақыл-кеңестер
- •Іскер адамның жұмыс аптасын жоспарлауы
- •Жұмыс аптасын жоспарлауға арналған ақыл-кеңестер
- •Табысты болудың сыры неде?
- •Табысты болудың сыры неде?
- •Басшы келбеті
- •Басшы келбеті
- •Басшының басқару стилі
- •Басшының басқару стилі
- •Қазіргі заман менеджерлеріне қойылатын талаптар
- •Қазіргі заман менеджерлеріне қойылатын талаптар
- •Сабақ Ақша – ерекше тауар
- •Ұлттық валюта
- •Теңге тарихы
- •Шетелдік валюталар
- •Д оллар атауы қашан шықты?
- •Еліміздегі банк жүйесі туралы не білеміз?
- •Ұлттық Банк
- •Банк қызмет көрсетулері
- •Банк қызмет көрсетулері
- •Төлем карталарын пайдалана аламыз ба?
- •Қазақстандағы мұнай кен орындары
- •Сабақ Қазақстанның әкімшілік бөлінуі мен шаруашылығы
- •Тірек сөздер:Әкімшілік, құрамы,ішкі жалпы өнімі, жабдықтар,айналымы, қарқынды.
- •Қазақстанның әкімшілік бөлінісі
- •Сабақ Қазақстанның егін және мал шаруашалығының дамуы
- •«Алтын сапа» белгісі
- •2011 Жылдың 7-9 желтоқсан аралығында
- •Астананың халықаралық сауда-көрме орталығы «Көрме» кешенінде «Қазақстанның
- •Үздік тауары 2011» байқау-көрмесі
- •«Мінсіз» халықтық сапа белгісі
- •«Мінсіз» халықтық сапа белгісі
- •Адам және табиғат – егіз
- •Жастар және әлемдік бәсеке.
- •Еліміздің ұлтжанды жастары
- •Ғалам және ғасыр
- •Адам және саясат
- •Адам және экономика
- •Жұмыс іздеу
- •Іскер адам және уақыт
- •Басшы келбеті
- •Төл теңге тарихы
- •Банк қызметі
- •Қазақстанның табиғи ресурстары мен әкімшілік бөлінуі
- •Отандық тауар өндірісін дамыту
- •Обсөж-ді жүргізу кестесі
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •2. Бағиева ш.М. Іскери қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. *
- •Қосымша әдебиеттер:
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Басшы келбеті
- •Сіз қайсынын таңдар едіңіз? Пікірталас!
- •Қазыбектің қалмақ еліне елшілікке баруы
- •Кейси және Интернет
- •Логикалық есептер
- •Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы Қазақ тілі (в2-негізгі стандартты деңгей)
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС АКАДЕМИЯСЫ
ТІЛДЕР КАФЕДРАСЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ІІ-семестр
(В-2 негізгі стандарттық деңгей)
Алматы, 2013
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
МАЗМҰНЫ
Жұмыс бағдарламасы ..................................................................................
Силлабус ......................................................................................................
Дәрістердің қысқаша конспектісі ...............................................................
Глоссарий .....................................................................................................
СӨЖ-ді орындау және ОБСӨЖ-ді жүргізу бойынша әдістемелік нұсқау
Бақылау-бағалау құралдары .........................................................................
Бірінші аралық бақылау жұмысының сұрақтары ......................................
Екінші аралық бақылау жұмысының сұрақтары ........................................
Емтихан сұрақтары ........................................................................................
Белсенді үлестірмелі материал .....................................................................
Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы .............
Практикалық сабақтардың қысқаша конспектісі
1-апта
Модульдік тақырып: Адам және қоғам
1-тақырып. Адам және қоғам. Грамматикалық тақырып: Үстеу және оның мағыналық топтары.
1. Отбасындағы әйел мен ер адамның рөлі.
2. Отбасы бюджеті.
3. Еліміздегі демографиялық мәселе.
Мақсаты: «Адам және қоғам» тақырыбы бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерін клишелер мен грамматикалық тұлғаларды игеру, оларды сөйлесім әрекетінде дұрыс пайдалануға үйрету.
Айтылым бойынша: жаңа сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырып бойынша сұрақ қоя алу, қойылған сұрақтарға жауап бере алу, ойын ауызша жеткізе алу, мәтіннің мазмұнын айта алуға машықтандыру.
Жазылым бойынша: жазбаша ойын жеткізе алу, сұхбат, шағын мәтіндер құрастыра алуға төселдіру.
Оқылым бойынша: сұхбатын оқып, мазмұнын түсіну, аудара алуға машықтандыру.
Тыңдалым бойынша: сұхбаттасын толық түсініп, қойылған сұраққа жауап бере алуға үйрету.
1 – сабақ
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Отбасындағы әйел мен ер адамның рөлі
Б
ала
тәрбиесі ата – ана үшін күрделі де
жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде
мектеп, ұстаз және ата – ананың орны
бөлек. «Отан отбасынан басталады»
демекші, ата–аналар
мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ
тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату
кезек күттірмейтін мәселе.Бақытты
отбасында ғана ата-ана және олардың
өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие
сенімді және негізді. Бала
тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы –
туған ұясы, тәрбиесі, тілі. Баланың тілі
шыға бастасымен баланы байсалды, ұғымпаз,
тілалғыш етіп тәрбиелеген жөн. Қай
халық болмасын үмітін ең алдымен
ұрпағымен байланыстырады.
Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке танытыды. Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады. Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе? Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады. Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Қазақстан Республикасы Ата Занының 27 бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиги құқығы, әрі парызы» -делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» деліні, ұрпақ тағдыры айтылады. Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, мейрімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты.
2-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Бала тәрбиесіне кімдер жауапты?
2. Қазақ халқы бала тәрбиесі жөнінде не деген?
3. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың рөлі туралы қандай ой айтты?
4. Тәрбиенің негізі не арқылы беріледі?
5. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі жөнінде не айтар едіңіз?
6. Ата Занының 27 бап, 2-тармағында не туралы айтылған?
3-тапсырма.Мәтіннен үстеулерді табыңыз, олардың мағыналық түрлерін ажыратыңыз.
4-тапсырма. Жүсіп Баласағұнның айтқан сөзін қара сөзбен жазыңыз.
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнермен қуантады түбінде. Бала нені білсе жастан, ұядан – Өле-өлгенше соны таныр қиядан. Өнер – білім берем десең басыннан, Бер оқуға балаларды жасынан, Жақсы-жаман болса, бала – соларда», – деп ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай бағыт-бағдар тәрбие берудің маңызы ерекше.
5-тапсырма. Мәтінді қажетті сөздермен толықтырыңыз.
Қажетті сөздер: айтқандай, отбасы, қоғамдық , еңбексіз, тәрбиенің.
Отбасынадағы ............... кереметі – баланы еңбекке баулу. Ол – адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның .............берекелі болмайды. Ежелгі Рим философы Гораций ................ «Өмір еңбексіз ештеңе бермейді.» Отбасындағы да, .................... ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, .................. бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуы тиіс.
6-тапсырма. Мақал-мәтелді оқып, өз ойыңызды айтыңыз.
Ата – асқар тау, ана етегіндегі бұлақ, бала жағасындағы құрақ.
Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды.
Баланың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің!
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
7-тапсырма. Отбасы заңын талқылаңыздар!
2-бап. Неке-отбасы заңдарының негiздерi
1. Неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары:
1) еркек пен әйелдiң некелi одағының ерiктiлiгi;
2) ерлi-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдiгi;
3) отбасының iсiне кiмнiң болса да өз бетiнше араласуына жол берiлмеушiлiк;
4) отбасы iшiндегi мәселелердi өзара келiсiммен шешу;
5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсiп-жетiлуi мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;
6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсiз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға басымдық беру;
7) отбасы мүшелерiнiң өз құқықтарын кедергiсiз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкiндiктерi;
8) отбасының барлық мүшелерiн салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптерiне негiзделедi.
2 – сабақ