Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор жазбаша.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.02 Кб
Скачать

Бүйректің құрылысы

Бүйрек кесіндісінде: бүйректің кіші иіні, үлкен тостағаншалары, calyces renales majores et minores, бүйрек түбегі, pelvis renalis мен қантамырлар, нервтер орналасқан қойнауы, sinus renalis және бүйректің паренхима тіндері айқын байқалады. Бүйрек паренхимасы сыртында орналасқан сары-қызғылт түсті қыртыс заттан,cortex renalis, және аралығында орналасқан көгілдір-қызғылт түсті милы заттан, medulla renalis тұрады. Бүйректің қыртыс заты, cortex renalis, бүйректің беткей қабатын құрап өтіп , бүйрек бағанасын, columnae renales, түзеді. Жалпы саны әрбір бүйректе 15-20. Қыртыс заттың қалыңдығы 4 мм-дей. Бүйректің қыртыс затының құрылысы біркелкі емес, жарық және қою бөліктерден тұрады. Бүйректің милы заты, medulla renalis, бір-бірінен бүйрек бағаналары, columnae renales, арқылы шектелген, 10-15 пирамидадан тұрады. Бүйрек пирамидасының құрамына нефрон ілмегін құрайтын тік өзекшелер және милы заттан өтетін жинаушы бүйрек түтікшелері кіреді, олар бір-бірімен қосылып, 15-20 қысқа түтіктер түзеді. 2-3 бүртік бірігіп кіші тостаганшаны құраса, 2-3 кіші тостағаншаның бірігуінен үлкен тостағанша, calyx renalis majoris, қалыптасады.

Бүйрекүсті безі (glandula suprarenalis) – жұп ішкі секреция безі.Құрылысы: Бұл - бүйректің жоғарғы ұшында орналасқан жұп бездер. Оның салмағы 4 граммға жуық.Сыртқы түсі сарғылт н/е қоңырлау.Өлшемі: вертикалды 30-60 мм,көлденеңі 30 мм, алдыңғы-артқы өлшемі 4-6 мм.Оң жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні - үшбұрыш, сол жақтағы пішіні - жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты және ішкі милы қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұлпасын 10%-ын құрайды. Сыртқы қыртыс қабаты 90%-ын алып жатыр.

Бүйректің қызметі:Қыртыстық қабат үш аймаққа бөлінеді сырткы — шумақты, ортаңғы — шоғырлы және ішкі — торлы аймақтар. Әр аймақ өзіне тән гормондар түзеді. Бүйрекүсті бездерінен көптеген гармон түзіледі. Бездің қыртыстық қабатында түзілетін гормондар минералокортикоидтар (альдостерон, дезоксикортикостерон), глюкокортикоидтар (гидрокортизон, кортизон, кортикостерон), андренокортикоидтар (андростендион, андростерон, эстрон, прогестерон) болып 3 топқа бөлінеді. Бездің милы затында адреналин және норадреналин гормондары түзіледі. Бұл гормондар катехол туындысы болғандықтан катехоламиндер деп аталады. Олардың әсері симпатикалық нерв әсеріне ұқсас, сондықтан оларды симпатикалық аминдер деп те атайды.

Еркек несеп жыныс мүшелері. Еркек Ішкі жыныс мүшелер;Аталық без,Аталық без қосалқысы, Шәует шығаратын түтік, Шәует қуықшалары, Қуық асты безі, Буылтық несеп шығаратын өзек.Сыртқы жыныс мүшелері:Еркек жыныс мүшесі, Несеп шығаратын өзегі,Ұма, Шәует шылбыры. Еркек жыныс мүшелерінің жастық ерекшелігі: Ата без жыныстық пісіп жетілу кезеңіне дейін (13-15жас) аз өседі,жыныстық жетілу кезеңінен бастап тез өседі. Жаңа туған нәрестеде ұз/ғы 10мм,салмағы 0,2г, 14жаста ата без 2-2,5есе өседі., салмағы 20г құрайды. Ересектерде (22жастан жоғары жас)салмағы мен көлемі аз үлкейеді.60жастан соң оның көлемі азая бастайды. Барлық жастағыларда оң жақ ата без сол жақтағыдан үлкен болады. Ата без қосалқысы салсытырмалы түрде үлкен.Нәрестелердің иілген және тік ата без ата без өзекшелерінің орталары бітеу болады, оларда тесік тек жыныстық даму кезеңінде даму п.б.Ұрық өзекшелерінің диаметрі жас өспірімдерде үлкейеді.Нәрестелердікімен салыстырғанда ересек ер кісілердің ұрық өзекшелері 3 есе үлкен болады.Ұрық шалбырының көлденеңі нәрестеде 4-4,5мм-ге теі болады. Ұрық шығарушы өзектің диаметрі өте жіңішке, онің қабырғасындағы бойлық бұлшықеті қабаты болмайды.Ата безді көтеретін бұлшықеті әлсіз дамыған.14-15 жасқа дейін ұрық шылбыры баяу өседіғ соғынан оның өсуі жылдамдай түседі.Нәрестенің ұрық қуықшалары әлсіз дамыған, ұз/ғы мм, қуысы өте тар, 12-14жасқа дейін ұрық қуықшасының өсуі баяу болады. 15-16жаста олар тез өсе бастайды, қуысы мен көлемі үлкейеді.Н/нің ұрық шығарғыш өзегі өте қысқа (8-12мм) 1жасқа дейін қуық асты безінің пішіні шар тәрізді болады, себебі оның оң және сол бөлігі әлі дамымаған. Қуық асты безі 10жастан соң қуық асты безі тез өседі.13-16 жаста бездің бөлшектері п,б,Оның пішіні ересектердегіге ұқсайды.Осы жаста без тіндері дамып өзекшелер п,б да без қатаяды. Жаңа туған нәрестеде без салмағы 0,82г, 1-3 жаста 15г, 8-12жаста 1,9г, ал 13-16 жаста 8,8г.

Жалпы мықын артериялары-Iliaca communis

Оң жақ және сол жақ мықын артериялар I V омыртқалар деңгейінде орталық сызықтан шамалы солға таман қолқа бөлінетін екі соңғы екі тармақтар болып табылады,сондықтан оң жақ мықын артериясы солға қарағанда 6-7см ұзындау.Қолқаның екіге бөлінетін жерінен (bifurcation aortae) aa.iliacae communes сүйір бұрыш жасай 60 C, ал әйелдерде жамбас астауы жалпақтау болғандықтан 63-70С бөлініп төмен жане латералды жүріп,сегізкөз –мықын буынына келіп сол жердің деңгейінде әрқайсысында екі соңғы тармаққа бөлінеді:aa.iliaca interna жамбас астауының қабырғаглары мен мүшелері үшін және aa.iliaca externa негізінен аяқтар үшін.Шығу тегі жағынан Iliaca communіs ұрықтың кіндік артерияларының бастапқы бөліктері болып табылады.Қалған жолдың барлығында дерлік ұрықтық aa.lumbalesп бітеліп ересек адамда қабысы ligg.umbilicalia mediales-ке айналады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]