
- •Аналық без
- •Аяқ артерияларының тармақтары:
- •Аяқтың беткей және терең веналары
- •Аяқ артерияларының қанмен жабдықтайтын аймақтары:
- •Аяқтың лимфа тамырлары және туиіндері
- •2 Шап аимағында - nodi iympatici inguinalis орналасады
- •Аяқ артерияларының топографиясы
- •Бел өрімінің тармақтары нервтендіретін аймактары
- •Бронхтар; топографиясы, қызметі, құрылысы
- •Бұғанааст.Артерия.
- •Бүйректің құрылысы
- •Жамбас астау көкеті құрылысы мен топографиясы
- •Жамбас қуысының веналары
- •Жоғ. Қуыс вена : түзілу көзд-і , топог-сы:
- •Қолдың терең және беткей веналары
- •Қолқаның көкірек болігі, қабырғалық тармақтар., қан жабд аймақтары, анестамоздары
- •Қолқаның көкірек б-гі: висц. Тар-р қанмен жабд. Айм.
- •Кава-кавалды анастамоздар.
- •Кеңірдек: құрылысы, топографиясы, қызметі.
- •Көкірек қуысының қабырғасының құрылысы.
- •Куперов безі қызметі топографиясы
- •Несепағар,топографиясы,қызметі
- •Несепқуықтың құрылысы.
- •Өкпе: құрылысы, топографиясы, қызметі.
- •26. Өңештің қанмен қамтамасыз етілуі,жүйкеленуі.
- •Өңештің қанмен қамтамасыз етіліуі
- •Сегізкөз өрімі: ұзын тармақтары, нервтендіретін аймақтары.
- •Сегізкөз өрімінің;қысқа тармақтары,нервтендіретін аймақтары
- •Сол жақ жалпы ұйқы арт, топог-тармақтары, қанмен жабдықталуы.
- •Сүт безінің қанмен жабдықталуы және жүйкеленуі.
- •Шәует шығаратын түтік(Ductus deferens)
- •Іш қуысы қабырғасының лимфа тамырлары мен лимфа түйіндері.
- •Іш қолқасының қабырғалық тармақтары, қанмен жабдықтайтын аймақ:
- •Ұма:құрылысы,топографиясы,қызметі
Шәует шығаратын түтік(Ductus deferens)
Жұп мүше,аталық без қосалқысы түтігінің тікелей жалғасы және шәует қуықшасының шығарушы түтігімен қосылатын жерде аяқталады.Ұзындығы 50см,көлденеңі 3мм,диаметрі 0,5 мм ден аспайды.Түтік қабырғасының елеулі қалыңдығы бар.Шәует шығаратын түтікті топографиялық орн байл. 4бөлікке бөледі.Ең қысқа бастапқы бөлігі,аталық бездің артында,оның қосалқысынан медиальді орналасып,аталық бөлігі атауын алады.Келесі бөлігі шәует шылбырының құрамында жоғары вертикальді көтеріліп,оның қан тамырларынан медиальді орналасып,беткей шап сақинасына жетеді.Бұл бөлік өзекшелік д.а.Кейін шәует шығаратын түтік шап өзегіне кіреді,онда шап бөлігі орналасады.Шап өзегінің терең сақинасы арқылы өтіп,кіші жамбас астауының бүйір қабырғасымен шәует қуықшасының шығарушы түтігімен қосылғанға дейін төмен және артқа бағытталады.Бұл бөлік-жамбас астау бөлігі.Кіші жамбас астау қуысында түтік ішастардың астында орн.Өз жолында төменгі құрсақүсті артериясын латеральді жағынан бүгіп,сыртқы мықын артерия мен венамен қиылысып,несепқуық пен тік ішектің аралығына өтеді.Кейін несепағарды кесіп,несепқуық түбіне жетіп,қарамаөқарсы түтікпен бірге простатаның үстында орн.Түтіктің ең соңғы бөлігі кеңейіп ,ұршық пішінді шәует шығаратын түтіктің ампуласын ,ampulla ductus deferentis түзеді.Ұзындығы 3-4 см,көлденеңінен 1см ге жетеді
Шәует шығарушы түтіктің қабырғасы шырышты,бұлшықеттік,дәнекерлі қабықтан тұрады.Шырышты қабық tunica mucosa 3-5 бойлық қатпарлар түзеді.Шырышты қабығында Diverticulum ampullae болады.Бұлшықеттік қабық tunica muscularis орн.Сыртқы қабығы tunica adventitia.
Шәует шылбырының құрылысы.: қабырғасы үш қабықтан ,сыртқы tunica adventitia,ортаңғы –tunica musculares ішкі - tunica mucosaқызметі:еркектің жыныс жасушаларын атабезден шәует қуықшаларына жеткізеді топографиясы:атабездің артқы жиегінен шап өзегінің терең сақинасына дейін созылады.
Іш астары туралы. түсінік. Іш астар,peritoneum,іш құысындағы мүшелерді тұйық жауып орналасқан сірлі қабық.Тек қана әйел адамдарда бұл сірлі қуыс,жатыр түтігінің тесігі арқылы сыртқы ортамен байланысқан.Ішастар топографиялық орналасуына қарай:париеталды бөлікке, peritoneum parietalis, және мүшелердің бетін тікелей жауып орналасқан, мүшелік немесе висцералді бөлікке peritoneum viscerale,бөлінеді. Ішастардың париеталді және висцералді бөліктері бір бірімен өзара беттесіп, саңылау түрінде орналасқан қуыс,ішастарлық қуысты, cаvitas peritonei,түзеді. Аралығында қозғалыс кезінде ішкі мүшелердің беттерінің үйкелістерін жеңілдету үшін ылғалдауға сірлі сұйықтық орналасқан.
Ішастардың париеталді табағы,іш қуысының алдынғы,артқы және бүйір қабырғаларын,көкеттің ішкі бетін жауып,шұғыл бұрылып,ішастардың висцералді бөлігіне жалғасады.Іш қуысындағы мүшелердің ішастармен жабылуына байланысты келесі түсініктер бар:
Интраперитонеалді-мүшенің барлық жағынан жабылуы;Мезоперитонеалді-мүшенің үш жағынан жабылуы;Экстраперитонеалді-мүшенің бір жағынан жауып орналасуы
Ішастардың туындылары Іш қуысы ішастарының туындыларына жекелеп талдау жасап , олардың топографиялық орналасу орнына және практикалық мәніне тоқталу үшін іш қуысын 3 қабатқа : А.Жоғарғы қабат-көкеттен тоқ ішектің көлденен жиек ішегіне дейін; Ә.Ортаңғы қабат-тоқ ішектің көлденен жиек ішегінен кіші жамбас қуысына дейін; Б.Кіші жамбас қуысына бөледі. -Іш қуысының жоғарғы қабаты көкет пен тоқ ішектің көлденен жиек ішегінің аралығында орналасқан. Ішастардың іш қуысының жоғарғы қабаттағы туындыларына: қатпар, жалғамалар, шарбылар жатады.Топографиялық орналасуына қарай өзара бір-бірінен шектеліп орналасқан: бауыр, шарбы және асқазаналды қапқа бөлінеді. а . Бауыр қабы, bursa hepatica-жоғарғы қабырғасы – көкетпен; медиалды қабырғасы-ішастардың орақтәрізді байламымен,lig. Falciforme hepatis ; артқы қабырғасы-тәждік байламмен,lig.coronarium шектеледі. Құрамында бауырдың оң үлесі. ә. Асқазаналды қабы, bursa pregastrica,ол бауырдың орақтәрізді байламының сол жағында орналасқан. Құрамында : бауырдың сол үлесі , асқазан, көкбауыр және ұйқыбез. б. Шарбы қабы,bursa omentalis, ол жалпы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Алдыңғы қабырғасы :кіші шарбы мен асқазанның артқы беті ; жоғарғы қабырғасы : бауырдың құйрықты үлесі; төменгі қабырғасы:үлкен шарбының артқы бетімен тоқ ішектің көлденен жиек ішектің шажырқайы; артқы қабырғасы: іш қуысының артқы қабырғасын , сол бүйрек үсті безін , ұйқыбезді жауып орналасқан париеталды ішастар табағы құрайды. Құрамында: бауырдың екі қабатты ішастарынан құралған оң үшбұрышты байламы, орақтәрізді байламы және бір қабатты ішастардан құралған тәждік байламы орналасқан. - Іш қуысының ортаңғы қабаты , тоқ ішектің көлденен жиек ішегінен кіші жамбас қуысының аралығында , үлкен шарбыны көтерген кезде айқын байқалады. Ортаңғы қабатта жіңішке ішектің аш және мықын бөліктері , тоқ ішектің соқыр ішек және құрттәрізді өсіндісі , жоғарылаған, көлденен , төмендеген және сигматәрізді жиек ішектері және іш құысының артқы қабырғасының маңында орналасқан ірі қантамырлар мен несеп жүйесі мүшелері орналасқан. Туындыларына: 1.Қалталар 2.Қойнаулар 3.Өзектер 4.Шажырқайлар жатады. -Іш қуысының төменгі қабаты. Ішастар жамбас қуысына қарай өтіп, жамбас қуысының қабырғаларын және сол жерде орналасқан мүшелерді,әсіресе несеп жыныс мүшелердің түр ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда жауып орналасқан. Тік ішектің жоғарғы бөлігі сигматәрізді ішектің тікелей жалғасы болғандықтан, интраперитонеалді орналасса,ортанғы бөлігі мезоперитонеалді,төменгі бөлігі экстраперитонеалді орналасқан.
Ішастардың париеталді же висцералді Іш топографиялық орн қарай париетальді perıtoneum parıetale және висцеральді perıtoneum vıscerale бөлікке бөлінеді,Іа –ң париетальді және вис-і бөліктері бір бірімен өзара беттесіп саңылау түрінде орналасқан қуыс ішастарлық қуысты кавитас перитоней түзеді. Аралығында қозңалыс кезінде ішкі мүшелердің беттерінің үйкелістерін жеңілдету үшін ылңалдауға сірлі сұйықтық орналасқан. Ішастардың париеталді табағы, іш қуысының алдыңғы, артқы және бүйір қабырғаларың көкеттің ішкі бетің жауып, шұғыл бұрылып, ішастардың висцериалді бөлігіне жалғасады. Іш қуысындағы мүшелердің ішастармен жабылуына байлансты келесі түсініктерді білу керек. ,,,,,,,,,,,,,Интраперитонеалді мүшенің барлық жағынан жабылуы ,,,,,,,,,,,,,,Мезоперитонеалді мүшенің үш жағынаң жабылуы ,,,,,,,,,,,,,Экстраперитонеалді мүшенің бір жағынан жауып орналасуы.