
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттәк Университеті
Есептеу техникасы жіне ақпараттық жүйелер кафедрасы
Өндірістік іс-тәжірибе есебі
Тақырыбы:
Орындаған:
Қабылдаған:
2014 жыл
Жоспары:
Кіріспе
1.Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттәк Университетінің тарихы
2.Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттәк Университетінің миссиясы
3.Ақпараттық технологиялар жөніндегі департаменті
Негізгі бөлім
Компьютерлік жобалау орталығы
Бағдарламалармен қамтамассыз ету бөлімі
Автоматтандырылған жұмвс орындары
Қорытынды
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттәк Университетінің тарихы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 24 наурызындағы №256 қаулысымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты бірігіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.
1937 жыл – Қиыр Шығыстағы Корей педагогикалық институтының Қызылордаға қоныс аударуы негізінде Қызылорда педагогикалық институты ашылды.
1937-1941 жылдар – Қызылорда педагогикалық институтымен бірге мұғалімдер институты қатар жұмыс істеді. 1941-1945 жылдар – Қызылорда педагогикалық институтының негізінде осында қоныс аударған Киев және Харьков университеттері жұмыс істеді
1952 жыл – Қызылорда педагогикалық институтына Н.В.Гогольдің есімі берілді.
1992 жыл – Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып аталды.
1993 жыл – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты жанынан қазақ-түрік лицейі ашылды. 1996 жылдың 7 мамырында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды.
1976 жылдың 13 шілдесінде Қызылорда қаласында Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының филиалы ашылды (ЖГМҚИ)
1990 жылдың 15 қарашасында Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының Қызылорда филиалы өз алдына Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты болып қайта құрылды (ҚАӨИИ).
1992 жылдың 12 ақпанында Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың есімі берілді.
1996 жылдың 7 мамырында Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды (Ы.Жақаев атындағы ҚПТИ).
Университет миссиясы.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (бұдан әрі Қорқыт Ата атындағы ҚМУ) – экономика, инженерия, ауыл шаруашылығы, білім, ғылым мен мәдениеттің маңызды бағыттарын қарқынды дамыту проблемаларын шешуге бағдарланған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы білімі, ғылымы мен мәдениетінің жетекші орталықтарының бірі болып табылады және аймақ пен тұтастай алғанда Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуына ықпал етеді. Университеттің мақсаты: білім беру бағдарламаларын жетілдіру, Болон үдерісінің қағидаларын іске асыру, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу, олардың нәтижелерін білім беру үдерісі мен өндіріске кеңінен енгізу, сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықаралық, республикалық және өңірлік еңбек рыноктарының жоғары білікті мамандар мен бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларға деген сұраныстарын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін Университет қалыптастыру. Университеттің міндеттері: - еңбек рыногының сұраныстарын қанағаттандыру үшін сапалы білім беру қызметтерін ұсыну; - Қызылорда облысының және елдің инновациялық даму мүддесі үшін білім мазмұндарын жетілдіру; - университеттің студенттері, магистранттары, PhD докторанттары, сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамы (бұдан әрі ОПҚ) мен ғылыми қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын дамыту мақсатында жоғары білімнің еуропалық аймағына одан әрі интеграциялану; - Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-де оқу үшін талантты жастарды іріктеу, кәсіби бағдарлау, даярлау жүйесін жасау; - көптілді мамандар даярлау; - университеттің республикалық рейтингтердегі орнын жақсарту; - университеттің халықаралық рейтингтерге енуі; - іргелі және қолданбалы зерттеулердің басым бағыттары бойынша ғылыми жобалар мониторингі, ғылыми негіздеу және жүзеге асыру; - білім, ғылым және бизнестің интеграциясы ықпалдастығын арттыру; - университет ғалымдарының аяқталған әзірленімдерін білім үдерісіне және өндіріске енгізу; - университет ғалымдары жасаған зияткерлік меншік өнімдері мен жаңа технологияларды коммерцияландыру; - кадрлық саясатты жетілдіру және персоналдың кәсіби тұрғыда белсенді өсуін көтермелеу; - біліктілік жоғарылату жүйесінде білім беру қызметін көрсету спектрін кеңейту нәтижесінде университеттің кадрлық әлеуетін күшейту; - қызметкерлердің кәсіби және қызметтік өсуге деген ынтасын арттыру; - автономиялық пен есеп беруге міндеттілік, академиялық еркіндік, төзімділік пен ашықтық қағидаларына негізделген басқару жүйесін ұйымдастыру; - университеттің бақылау кеңесі арқылы корпоративтік басқаруды енгізу; - оқу, ғылыми және өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру; - университеттің білім мен ғылым саласында ақпараттық қамтамасыз ету желісін одан әрі дамыту; - студент жастарды жан-жақты дамытуға бағытталған жағдайларды жақсарту, оларды өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне тарту; - нәтижеге бағытталған қаржы-шаруашылық тетігін дамыту; - университет қызметін көпарналы қаржыландыру моделін жасау; - эндаумент-қор жасау; - университеттің халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз ету; - бірлескен халықаралық жобаларға қатысу; - халықаралық ынтымақтастық ауқымын кеңейту.
Ақпараттық технологиялар жөніндегі департаменті
Департамент директоры: э.ғ.к. Құлмырзаев Нұрлан Серікұлы
Орталықтың негізгі қызметтері: - оқу процессін жетілдіру мақсатында университет көлемінде алдыңғы қатарлы компьютерлік технологияларды енгізу; - "заманауи" қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды енгізу; - редакциялық-баспа жұмыстары; - университеттің ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің корпоративтік торын жетілдіру; - интернетке қол жетімділікті қамтамасыз ету және жүйелерді басқару; - оргтехникаларға техникалық қызмет көрсету. Құрылымы - оргтехникаларға техникалық қызмет көрсету бөлімі; - желілерді басқару бөлімі; Компьютерлік техникаларға қызмет көрсету, орнату және жөндеу жұмыстарына байланысты.
Ақпараттық технологиялар орталығының мамандары жүйелі түрде университеттің барлық бөлімдеріне консултатативтік және техникалық көмек көрсетіп отырады.
Компьютерлік кластарды модернизациялау және оларға жергілікті торларды құру жұмыстары жүйелі түрде жасалынуда. Университеттің ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің корпоративтік торын жетілдіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отыр.
Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйенің корпоративтік торы аппараттық ресурстарды тиімді пайдалану, корпоративтік деректер қорына кең қол жетімділікке мүмкүндік беру, университеттің барлық жұмыстарын басқаруда жаңа технологияларды енгізу, студенттерді оқыту және олардың білімінің сапасын бақылау мақсатында университеттің барлық компьютерлерін бірыңғай ақпараттық-есептеу жүйесіне біріктіруге арналған.
Редакциялық-баспа бөлімі университеттің барлық бөлімдерін оқу-әдістемелік әдебиеттермен, полиграфиялық және баспа өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс атқарады.
Компьютерлерге техникалық қызмет көрсету бөлімі
Бөлім бастығы - Жүнісов Тимур Жолдыбайұлы
Компьютерлерге техникалық қызмет көрсету бөлімінің мамандары
университет бөлімшелеріне ақпараттандыру және компьютерлендіруді жетілдіру, жаңа ақпараттық технологияларды оқу үдерісіне енгізу мәселелері, сондай-ақ компьютерлік техниканы жөндеу, реттеу және қызмет көрсету жөнінде жүйелі түрде кеңес береді және техникалық көмектер көрсетеді. Бөлімнің атқаратын қызметтері: - университеттің есептеу техникасы құралдарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жұмыстарын орындау; - ұйымдастыру техникаларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарының жоспарлары мен кестелерін әзірлеуге қатысу; - жабдықтардың ақауларын дер кезінде анықтау және оларды жою мақсатында тесттік тексерулер мен алдын ала қарап шығулар жүргізу; - жабдықтарды пайдалану көрсеткіштеріне, машиналардың байқалған жұмыс кемшіліктеріне есеп жүргізу; - компьютерлік және көшірмелеу техникасын жөндеу және жаңарту үшін жабдықтар, қосалқы бөлшектер мен аспаптарға сұранысты анықтау; - жөндеуге әкелген ұйымдастыру техникасының сақталуын қадағалау; - ұйымдастыру техникаларын кепілдік қызмет көрсету бойынша тиісті сервистік орталықтарда жөндеуді қамтамасыз ету; - компьютерлік техникаға профилактикалық күтім, сондай-ақ мониторлар, принтерлерге ағымды жөндеу жүргізу; - Windows операциялық жүйесін және басқа қолданбалы бағдарламаларды орнату (қалпына келтіру); - антивирусты бағдарламаларды орнату және жаңарту;
Мекен жайы: 120014 Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А 304 кабинет Байланыс телефондары: 8(7242) 27-88-71 Коммутатор қызметі арқылы 8(7242) 27-44-09 ішкі телефондар 142.
Желілерді басқару бөлімі
Бөлім бастығы - Тұрсекеев Бақытжан Мұратбекұлы
Желілерді басқару бөлімінде 4 жүйе басқарушылары жұмыс істейді.
Бөлім университеттегі барлық желілік жабдықтарды орналастыру және компьютерлік кластардағы оқшау желілерді жаңарту,реттеу жұмыстарымен шұғылданады. Университеттің ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін университеттің ақпараттық инфрақұрылымының серверлік жүйесін соңғы шыққан Windows Server платформасына толықтай ауыстыру жүзеге асырылды. Тұтынушылардың пайдаланатын қолданбалы және серверлік қызметтермен жұмысын ыңғайлы ету үшін пайдаланушыларды Active Directory серверінде бірыңғай тіркеу енгізілді.
Пошталық сервердің көмегімен корпоративтік пошта арқылы университет қызметкерлері сыртқы ортаға шығу мүмкіндігін пайдаланады. Бөлім қызметкерлері деректердің корпоративтік базасына кеңінен қол жетімділікті қамтамасыз ету, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу үшін серверлерлерді басқарып отырады. Бөлім қызметкерлері, сонымен бірге, белсенді желілік жабдықтар мен кабельдік жүйені конфигурациялаумен айналысады. Бөлімде серверлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті бағдарламалық жасақталымдар мен жабдықтар бар.
Бөлімнің атқаратын міндеттері:
Серверлер мен жұмыс станцияларына бағдарламалық жасақталымдарды орнату; Сервердегі жүйелерді конфигурациялау; Ақпараттарды кешенді түрде қорғауға арналған ұйымдастырушылық және техникалық шараларды әзірлеп, енгізу;
Ақпараттарды қорғау жұмыстарын жүргізу; Ақпараттардың сыртқа шығып кетуі ықтимал арналарды және демаскаландыратын белгілерді анықтауға арналған бақылау тексерулерді жүргізу, қажет болған жағдайда оларды болдырмау шараларын әзірлейді;
Ақпараттарды қорғауда бұзушылықтарды анықтау және анықталған кемшіліктерді жою шараларын іске асыруға қатысу.
Байланыс телефондары: 8(7242) 27-81-94 Коммутатор қызметі арқылы 8(7242) 27-44-09 ішкі телефондар,114.
Компьютерлік жобалау орталығы
Компьютерлік жобалау орталығының бастығы - т.ғ.к. Жакапбаева Гүлназ Әбсадыққызы.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің Компьютерлік жобалау орталығы Оңтүстік Альберта Технологиялық институтының (SAIT) қолдауымен Канаданың халықаралық даму агенттігі (SIDA) қаржыландырған «Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына техникалық көмек көрсету» жобасына сәйкес құрылған. Компьютерлік жобалау орталығының жұмысы 3 бағытқа негізделген: – ел экономикасы мен ғылымның маңызды салалары үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындау мақсатында компьютерлік жобалау бағдарламалары бойынша кәсіби білім беру базасын құру; – басты назарды құрылыс, мұнай-газ және машина жасау салаларына аудара отырып, өнеркәсіптің сұранысына бейімделген қысқа мерзімді курстар ұсыну; – білім алушылардың жаңа технологияларды оқып-үйренуі және практикалық тұрғыда пайдалануы мақсатында құрылған жобалау-конструкторлық тобының жұмысын ұйымдастыру. Оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану орталықта үзіліссіз өзін- өзі ақтайтындай айқын қисынды реттілікпен жүргізіледі.
Ақпараттық технологияларға оқыту 1 курста информатиканы оқытудан басталады. Компьютерлік графика (AUTO CAD) 2-ші курстан бастап оқытылады. Әрі қарай аталмыш бағдарламалық жасақталымдар курстық, дипломдық жобалауларда кеңінен қолданылады. Жоғарыда аталған бағдарламаларды қолдану арқылы білім алушылар орындаған үздік жұмыстар САПР кәсіби бағдарламасын қолдану шартты болып табылатын халықаралық курстық және дипломдық жобалар конкурстарына қатысады.
Компьютерлік жобалау орталығының құрамы Қазіргі таңда Компьютерлік жобалау орталығында 50 жұмыс орнына арналған 3 компьютерлік класс жұмыс жасап тұр. 2013 жылы Алматы қаласында кәсіби бағдарламалар пакетін өндіруші «Autodesk» компаниясының ұйымдастыруымен өткен халықаралық семинарда келісім-шарт жасалып, әріптестік орнатылды.
Соның нәтижесінде, жаңа оқу жылында төмендегі бағдарламалар оқу үдерісіне кезең-кезеңмен енгізілді: 1. AutoCAD Revit Architecture 2. AutoCAD Plant 3D 3. AutoCAD Electrical Бұл бағдарламалар «5В070300 Ақпараттық жүйелер» мамандығына элективті пән ретінде, атап айтқанда, «Құрылыстағы ақпараттық жүйелер», «Мұнай газ саласында ақпараттық жүйелерді пайдалану», «Электрэнергетика саласындағы ақпараттық жүйелер» пәндері енгізілді. Компьютерлік жобалау және ақпараттық модельдеу негіздері бойынша орталықты бағдарламалармен қамтамасыз ету, кадрлар біліктілігін арттыру және оқу-әдістемелік құралдар даярлауда компания тарапынан қолдау жасалатын болды. Ұйымдар мен кәсіпорындардың өз жұмыстары барысында автоматты жобалау жүйелерін қолдануға білдірген қызығушылығын ескере отырып, Компьютерлік жобалау орталығы заңды және жеке тұлғаларды CAD бағдарламасына оқыту, түрлі деңгейдегі күрделі сызуларды орындап, кең ауқымды плоттер арқылы қағаз тасымалдағыштарға басып шығару бойынша келісімшарттық негізде ақылы қызмет көрсетеді. Орталықтың алдағы уақыттағы мақсаты - техникалық мамандықтарды дайындаушы кафедралардың ерекшелігін ескере отырып, автоматтандырылған жобалаудың кәсіби бағдарламалар пакетін алу және оқу үдерісіне енгізу.
Бағдарламалармен қамтамассыз ету бөлімі
Бөлім бастығы ф.м-ғ.д., Тұяқбаев Арыстанбек Әбуұлы
Бөлім университеттің құрылымдарын автоматтандыруға арналған қолданбалы бағдарламаларды жасақтаумен айналысады.
АЖО кадрлар бөлімі Кадрлар бөліміне арналған АЖО әрбір қызметкер бойынша 66 түрлі ақпарат енгізуге мүмкіндік береді және осы ақпараттардың 37 түрі бойынша күрделі сұраныс жасау мүмкіндігі бар.
АЖО оқу-әдістемелік басқармасы
Оқу-әдістемелік басқармасының автоматты жұмыс орны оқу-жұмыс бағдарламаларын бекіту, сабақ кестесін бекіту, апталық балды енгізуді бақылау, бағалардың сәйкестігін анықтау, студенттердің ұсыныс-шағымындарын қарастыру, сабақ кестесін бекіту, бөлімдерінен тұрады.