- •Ауданның қысқаша сипаттамасы
- •Таратушы 10кВ және қоректендіруші 35 кВ электр тораптарын есептеу
- •1.2 10 КВ таратушы тораптарында электрлік жүктемелерді есептеу Есептік мерзімнің соңында 10/0,38 кВ жұмыс істеп тұрған қосалқы
- •2.1 Сурет ф-1 желісінің есептік сұлбасы
- •2.3 Сурет ф-3 желісінің есептік сұлбасы
- •2 35/10 КВ қосалқы станциясында есептік жүктемені анықтау
- •2.2 35 КВ қоректендіруші торапты есептеу
- •3. Қысқа түйықтаду тоқтарын есептеу
- •3.1. Қысқа түйықтау тоқтарын есептеу (максималдық режимде)
- •3.2 Қысқа тұйықтау тоқтарын есептеу
- •3.3 Бірфазалық қысқа тұйықтау токтарын есептеу
- •3.4 Окшауланған бейтарапты 35 кВ және 10 кВ тораптарында бірфазалық жерге тұйықтау токтарын есептеу
- •3.5 35 КВ шиналарын қызуға төзімділігін тексеру
- •4 Қс электр жабдығын таңдау
- •4.1.Ашық тарату құрылғысы(ору) -35 кв жабдығын тандау
- •4.2Ажыратқышты таңдау
- •4.3Айырғышты таңдау
- •4.4Қысқа тұйықтағышты таңдау
- •4.5 Ток трансформаторын таңдау
- •4.6 Өзіндік мұқтаждар трансформаторын таңдау
- •4.7 Бақылаушы - өлшеуіш аспаптарды таңдау
- •5. Автоматика және релелік қорғаныс есептеу
- •5.1. Жоғарғы жағынан 10/0,4 кВ транеформаторларын қорғау.
- •5.2. Ауалық желі(вл) -10 кВ қорғау (ф-2)
- •10 КВ кірмесінің максималдық тоқ қорғанысы
- •5.4 Кернеуі 35/10 кВ күштік трансформаторын қорғау
- •5.5.Күштік трансформаторды асқын жүктемеден қорғау
- •5.6. Трансформатордың дифференциалдық қорғанысы
- •5.7.Трансформатордың газ қорғанысы
- •6 35/10 КВ қосалқы станциясының резервті автоматты қосу.
- •7.1 Электр тораптарында еңбек қорғау бойынша ұйымдастыру және техн. Шараларға талдау жасау
- •7.2 Электр қауіпсіздігі. Статикалық электрленуден қорғану шараларын таңдау.Жққ есептеу.
- •7.3 Қондырғы орналасқан бөлмедегі жарықтану жүйесіне есеп жүргізу
- •Қорытынды
7.2 Электр қауіпсіздігі. Статикалық электрленуден қорғану шараларын таңдау.Жққ есептеу.
Электр қауіпсіздігі
ЭҚ - электр тоқтың және электр доғаның зиянды және қауіпті әсерін алдын алатын,ұйымдық және техникалық іс-шара жүйесі.
Электр қауіпсіздік құқықтық,әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, шипалы-профилактикалық деген шараларын қамтиды.
Электроқауіпсіздік ережелері құқықтық және техникалық құжаттармен, нормативтік-техникалық базамен реттелінеді. Электроқауіпсіздік ережелер негізін білу,электр қондырғыларға қызмет ететін қызметкерлер үшін міндетті болады.
Барлық қорғану шаралары үш негізгі топқа бөлуге болады:
қондырғының тоқөткізгіш бөліктерге қолжеткізбеушілігін кадағалау;
қауіпсіз мәнге дейін кернеу жанасуын төмендету снижение напряжения;
адам ағзасына әсер ететін тоқ мәнін азайту;.
Қорғану шаралары тағы да үш турге бөлінеді:
ұйымдық;
ұйымдық -техникалық;
техникалық.
Ұйымдық қорғану шаралары
Нұсқау
Нұсқау мақсаты-қызметкерлердің өзінің жұмыстарын дұрыс және қауіпсіз орындалуы үшін айтылатын білімді жеткізу,қызметкерлердің қауіпсіздік ережелерін орындау керектігін жеткізу.
Қауіпсіздік техникасы
Қауіпсіздіктің техникасы- жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыздандыратын шарттар жүйесі. Қауіпсіздіктің техникасы адам ағзасына әсер ететін тоқ әсерін азайту үшін орындалатын ережелерді,шарттарды қадағалайды.
Жеке қорғану құралдарын қолдану
Жеке қорғану құралдары дене, дем алу мүшелерін, көру,есту мүшелерін, бастың, беттің және қолдардың от жарақаттардың және өндірістік әсерлерінен қорғау үшін арналған.Электр қорғану құралдары адамдарды тоқ соғуынан,электрлік доға мен электромагниттік өріс әсерінен қорғайды.
Электр қорғану құралдары негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Кернеуі 1 кВ-тан жоғары электрқондырғылардың негізгі қорғану шараларына:оқшаулағыш штангасы,оқшаулағыш және электрөлшеуіш тістеуіктер,кернеу көрсеткіштері.
Қосымша:диэлектрлік қолғаптар; оқшаулағыш тығырық; көшпелі тұйықтауыштар; қоршалау құрылғылары; плакаттар және қауіпсіздік белгілері.
Ескертетін плакаттарды және қауіпсіздік белгілерін қолдану
Электрқондырғыларда жұмыс істеген кезінде қызметкерлердің орның жоғалтпауы үшін,жұмыс орнын арнайы ескерту плакаттарымен қоршалады.
Ұйымдық -техникалық қорғану шаралары
Электр қондырғының тоқ өткізгіш бөліктерін оқшаулау және қоршалау
Тоқ өткізгіш бөліктерге қауіпті жанасушылықтың мүмкіндігін азайту үшін электр қондырғының тоқ өткізгіш бөліктерін оқшаулау және қоршалау жұмыстары жүргізіледі.
Көшпелі тұйықтауыштар
Жұмыс орындалып жатқан жерде қызметкерлердің кездейсоқ кернеу берілуінен қорғайтын уақытша тұйықтаушылары.
Қорғаныс оқшауламалары
Оқшауламалардың келесідей түрлері бар:
жұмыстық-электр қондырғының тоқ өткізгіш бөліктерін оқшаулайтын электрлік оқшаулама ;
қосымша-зақымдалған жұмыстық оқшаулама болған кезде ғана тоқтан қорғайтын электрлік оқшаулама;
екілік-жұмыстық және қосымша оқшауламадан тұрады.
Жұмыс орнын оқшаулау
Жұмыс орнын оқшаулау дегеніміз адам-жер тоқ тізбегін болдырмау шаралар жиыны.
Техникалық қорғану шаралары
Техникалық қорғану шаралары екі топқа бөлінеді.Бірінші топқа:кіші кернеу,электр желінің ажыратылуы,оқшаулама басқарылуы,қорғаныс тұйықталуы,екілік оқшаулама.
Кіші кернеу
Айнымалы тоқтың кіші кернеуі түсіруші трансформатор арқылы аламыз.
Электр желінің ажыратылуы
Электр желіні бір-бірімен қатысты емес телімдерге ажыратылуы айырғыш трансформатор арқылы өтеді.
Бұл дегеніміз,оқшауланған нейтральді желіде оқшаулама кедергісін арттырады.
Қорғаныс туйықтау
Кернеу астында қалу қаупі бар тоқөткізбейтін бөліктердің жермен электрлік байланысы.
Қорғаныс туйықтаудың мақсаты тоқөткізбейтін бөліктердің ең кіші кернеу мәнін алу.
Нөлдеу
Кернеу астында қалу қаупі бар нөлдік қорғаныс өткізгіштің металдық тоқөткізбейтін бөліктердің электрлік байланысы.
Қорғаныстық өшіру
Қорғаныстық өшіру өте тиімді қорғану шарасы болып саналады.Электрқондырғыда тоқ соғу қаупі пайда болғанда автоматты түрде осы қондырғыны өшіреді.
Электр қауіпсіздігі б/ша рұқсатты топтары
1-ші электр қауіпсіздігі б/ша рұқсатты топтарына электрқондырғысында қызмет етпейтін,қызмет көрсетпейтін адамдар жатады.осы топқа жататын адамдар тоқтың қаупі жөнінде,өзінің жұмысын қауіпсіз орындауының шарртарын,алғашқы көмек көрсетуді білу қажет.
2-ші электр қауіпсіздігі б/ша рұқсатты топтарына электротехнологиялық және басқа да электрлік емес қызметкерлерге беріледі.2-ші топқа жату үшін қызметкер электр қондырғымен жұмыс тәжірібесі 1-2 ай болуы қажет.
3-ші электр қауіпсіздігі б/ша рұқсатты топтарына тек электротехникалық қызметкерлерде болуы қажет,себебі бұл топ қызметкерлері кернеуі 1000 вольт электр қондырғыларын тексеру және оларды қосуға құқықты.3 топтағы қызметкер жұмыстың қауыпсыз өтуіне жауапты.
4-ші электр қауіпсіздігі б/ша рұқсатты топтарына жататын қызметкерлер кернеуі 1000 вольт қондырғыларда жұмыс істеуге рұқсаттама қағазын беруге құқылы.осы топтағы қызметкерлер толықтай қондырғы құрылысын,сызбаларды оқуға,электр қауіпсіздігін,өрт қауіпсіздігін білу міндетті.
5-ші электр қауіпсіздігі б/ша рұқсатты топтарына жататын қызметкерлер электрлік қондырғыдағы кез-келген жұмысты орындауға,басшылық етуге деген міндеттері бар қызметкерлер.Жоғары электротехникалық білімі бар қызметкер бесінші электр қауіпсіздігі б/ша рұқсатты топтарына жату үшін 3 ай жұмыс істеп қана алады. 5-ші электр қауіпсіздігі б/ша рұқсатты топтарына жататын қызметкерлер басқа қызметкерлерге нұсқау бере алады,және олардың орындалуын қадағалау құқығы бар.
Статикалық электр тоғы
Оқшауланған өткізгіштердегі,жартылай өткізгіштегі бетіндегі бетінде пайда болып,сақталғанмен байланысты жиынтық құбылыс.Электр зарядтары қондырғыларда,материалдарда сақталып,және электрлік құралдар көрсеткіштерінің дұрыс жұмыс істемеуіне,жарылыс пен өрт себепшілері болуы мүмкін.
Денелер үйкелесуінен,зарядталған бөлшек шоғырлануына байланысты олардың арасында өзара қарядтар ауысуы жүреді.Бір бетте оң,екіншісінде теріс зарядтар
Электрстатикалық зарядтар кез-келген жарылғыш заттарды(газ,сұйық) тұтандыру мүмкін.
Адам денесіндегі электрстатикалық зарядтар потенциалы 15000-20000 В жетуі мүмкін.Бұл мән адамға қауіпсіз,бірақ рефлекторлық қозғалысқа әкелуі мүмкін(биіктіктен құлап түсу,қондырғы астына түсу).
Электрстатикалық тоқтан қорғану шаралары
Электрстатикалық тоқтан қорғану шаралары негізінен үш түрге бөлінеді:
- электрстатикалық зарядтың пайда болуын алдын ала ескерту;
- электрстатикалық зарядтың потенциал мәнін қауіпсіз мәнге дейін түсіру;
- электрстатикалық тоқты бейтараптандыру зарядтары.
Электрстатикалық зарядтың пайда болуын алдын алу үшін әрқашан электрстатикалық тоқты тұйықтауышпен тұйықтау керек.Сондай-ақ әр түрлі технологиялық әдістер (химиялық өңдеу, антистатикалық заттарды,электрөткізгіш қабықша) қолданылады.
Әрқашан электрстатикалық зарядтарды адам денесінен алып тастау үшін электрөткізгіш едендер,тұйықталған зоналар,жеке қорғаныс құралдары және т.б қолданылады.
ЖҚҚ есептеу
Тұйықтаушы
қондырғының кедергісін есептеу келесі
ретте орындалады: тұйықтаушы қондырғының
кедергісін
Ом деп аламыз;қолдан істелген тұйықтаушы
қондырғының кедергісін
есептейміз:
,
мұнда
-
қолдан
істелген тұйықтаушы
қондырғының кедергісі
,
Ом;
- табиғи
тұйықтаушы қондырғы кедергісі, Ом.
Келесі
топырақтың кедергісі
есептелінеді,біздің топырақ үшін кедергі
Ом-м.Подстанция өлшемі:
ОРУ-35:40x30=140 м, ОРУ-10: 40x20=120
м.
Қолдан істелген тұйықтаушы қондырғыны диаметрі 10мм дөнгелек,мырышты электродтармен,ұзындығы 3 м,орналасу тереңдігі 0,5 м.80x4мм болатты тілмелермен қосылған.
Қолдан
істелген тұйықтаушы
қондырғының кедергісін табиғи
тұйықтаушы қондырғы кедергісі жоқ
болғандағы,кедергіні тұйықтаушы
қондырғының кедергісіне тең деп аламыз
Ом.
Жазықтық және тік тұйықтаушы қондырғының кедергісін есептеу:
;
мұнда
-топырақтың
меншікті кедергісі,
Ом-м
;
-
тік
электродтар үшін арттырушы коэффициент.
Климаттық
аймақ үшін 3
;
-
тік электродтар үшін арттырушы
коэффициент. Климаттық аймақ үшін 3
Тік типті электродтың жайылу кедергісі:
Ом,
мұнда
- тік
тұйықтаушы
қондырғының ұзындығы,
м;
d - тік тұйықтаушы қондырғының диаметрі, м;
t- тік тұйықтаушы қондырғының ортасынан жер бетіне дейінгі арақашықтық, м.
Қолдану
коэффициенті
кезінде
тік
тұйықтаушы
қондырғының санын анықтау:
Қолдану
коэффициенті
жазықтық
типті электродтың жайылу кедергісін
есептейміз:
мұнда b – көлденең жалғағыш электродтің ,тік электродтар ішіндегі ені ,м
Тік типті электродтың керекті жайылу кедергісін анықтаймыз:
ом
Қолдану
коэффициенті
кезінде
тік
тұйықтаушы
қондырғының санын анықтау:
ҚС ауданында 129 тік электродты қолданысқа аламыз.
