
- •Ауданның қысқаша сипаттамасы
- •Таратушы 10кВ және қоректендіруші 35 кВ электр тораптарын есептеу
- •1.2 10 КВ таратушы тораптарында электрлік жүктемелерді есептеу Есептік мерзімнің соңында 10/0,38 кВ жұмыс істеп тұрған қосалқы
- •2.1 Сурет ф-1 желісінің есептік сұлбасы
- •2.3 Сурет ф-3 желісінің есептік сұлбасы
- •2 35/10 КВ қосалқы станциясында есептік жүктемені анықтау
- •2.2 35 КВ қоректендіруші торапты есептеу
- •3. Қысқа түйықтаду тоқтарын есептеу
- •3.1. Қысқа түйықтау тоқтарын есептеу (максималдық режимде)
- •3.2 Қысқа тұйықтау тоқтарын есептеу
- •3.3 Бірфазалық қысқа тұйықтау токтарын есептеу
- •3.4 Окшауланған бейтарапты 35 кВ және 10 кВ тораптарында бірфазалық жерге тұйықтау токтарын есептеу
- •3.5 35 КВ шиналарын қызуға төзімділігін тексеру
- •4 Қс электр жабдығын таңдау
- •4.1.Ашық тарату құрылғысы(ору) -35 кв жабдығын тандау
- •4.2Ажыратқышты таңдау
- •4.3Айырғышты таңдау
- •4.4Қысқа тұйықтағышты таңдау
- •4.5 Ток трансформаторын таңдау
- •4.6 Өзіндік мұқтаждар трансформаторын таңдау
- •4.7 Бақылаушы - өлшеуіш аспаптарды таңдау
- •5. Автоматика және релелік қорғаныс есептеу
- •5.1. Жоғарғы жағынан 10/0,4 кВ транеформаторларын қорғау.
- •5.2. Ауалық желі(вл) -10 кВ қорғау (ф-2)
- •10 КВ кірмесінің максималдық тоқ қорғанысы
- •5.4 Кернеуі 35/10 кВ күштік трансформаторын қорғау
- •5.5.Күштік трансформаторды асқын жүктемеден қорғау
- •5.6. Трансформатордың дифференциалдық қорғанысы
- •5.7.Трансформатордың газ қорғанысы
- •6 35/10 КВ қосалқы станциясының резервті автоматты қосу.
- •7.1 Электр тораптарында еңбек қорғау бойынша ұйымдастыру және техн. Шараларға талдау жасау
- •7.2 Электр қауіпсіздігі. Статикалық электрленуден қорғану шараларын таңдау.Жққ есептеу.
- •7.3 Қондырғы орналасқан бөлмедегі жарықтану жүйесіне есеп жүргізу
- •Қорытынды
7.1 Электр тораптарында еңбек қорғау бойынша ұйымдастыру және техн. Шараларға талдау жасау
Еңбек қорғау б/ша техникалық және ұйымдастыру шаралар келесі шаралардың орындалуын талап етеді:еңбек қорғау б/ша қауіпсіздік қызметін құру,осы қызметке керекті өлшеуіш құралдардармен қамтамасыз ету;мекеменің жетекшілері мен мамандар арасында еңбек қорғау б/ша лауазымдық міндеттердің бөлісуі;мамандардың еңбек қорғау ережелін орындауын қадағалау;мамандардың білімін және нұсқауын тексеру;өндіріс орнының зиянды факторларынан қорғау немесе зиян әсерін азайту шараларын жасау және т.б.
Электроқондырғымен жұмыс істегенде техникалық және ұйымдастыру шаралар орындалады.Ол шаралар жұмыс орындалғанда жерге кернеудің кездейсоқ берілуін болғызбау үшін және тоқ өткізетін бөліктерге жақындау мен кездейсоқ тиіп кетпеуі үшін орындалады.
Электроқондырғымен жұмыс істегенде техникалық шаралар келесі ретте орындалады:
1.Кернеу өшіріліп,оның жұмыс орнына кездейсоқ берілмеуін қадағалау,
2.Коммутациялық қондырғыларда ескерту плакаттарын іліп қояды,
3.Қондырғының өшірілген жерінде кернеу барын тексеріп,тоқ өткізетін бөліктеріне көшпелі жерге тұйықтау қондырғысын қояды.
Жұмыс орнын дайындау
Жұмыс орнын дайындау үшін жұмыс орындалатын жерге кернеудің кездейсоқ берілуін болғызбау және тоқ өткізетін бөліктерге жақындау мен кездейсоқ тиіп кетпеуін,коммутациялық қондырғыларда ескерту плакаттарын іліп қоюды, көшпелі жер тұйықтау қондырғыларын орнатытылуын қадағалау қажет.Егер жұмыс екі маманмен орындалса,жұмыс орны екі маманмен дайындалады.
Өшіру
Кездейсоқ тип кетпеу үшін,жұмыс орындалатын жерде тоқ өткізетін бөліктердің өшірілуі қадағалануы қажет.
Жұмыс орындалатын жерге күштік,өлшеуіштік және т.б трансформаторларының жоғары және төменгі жақтары жағынан кернеу берілмеуін қадағалау қажет.
Өшіру коомутациялық қондырғымен колдан косуға,дистанционды басқарып қосуға болады.
Ескерту плакаттарын іліп қою
Кернеу астындағы бөліктерге жақындау қаупін,рұқсат етілмеген іс-әрекеттерді болдырмау үшін ескертетін,рұқсат етпейтін,қөрсеткіштік,бұйыратын плакаттар қолданылады.
Жұмыс орындалып жатқан жерге кернеу беретін басқару кіллтерінде,ажыратқыштарда,айырғыштарда «Қосуға болмайды: адамдар жұмыс орны!» плакаты ілінеді.
Желіде жұмыс істегенде «Қосуға болмайды: желідегі жұмыс » плакаты ілінеді.
Уақытша қоршауда «Тоқта: Кернеу! !» плакаты ілінеді.
Жұмыстың толықтай аяқталғанға дейін плакаттар алынуына тыйым салынады.
Жұмыс орнын қоршау
Жұмыс орындау кезінде өшірілмеген тоқ өткізгіш бөліктерді кездейсоқ тиіп кетуінен сақтау үшін,оларды мықты орнатылған ағаштан, текстолиттен,резинкеден жасалған тежеулі аралық тығыздама қолданылады. Уақытша қоршауда «Тоқта:Кернеу !» плакаты ілінеді.
Кернеу жоқтығын тексеру
Жұмыс орындау алдында фазалар арасында,фазамен нөльдік сым арасында кернеудің жоқтығын тексеру қажет.Бұл тексеру кернеу көрсеткішімен немесе көшпелі вольтметрмен орындалады.тексеру алдында тексеру қондырғылардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру қажет.
Жерге тұйықтауды салу және алу.
Жұмыс орындалып жатқан жерге кернеудің кездейсоқ берілуін болғызбау үшін,сөндірілген қондырғының әр фазасы жерге тұйықталады.
Жерге тұйықтау үшін арнайы көшпелі тұйықтаушылар қолданылады.
Биіктікте жұмыс істеу.
Биіктікте жұмыс істеу-жерден 1,3 метр биіктікте орындалатын жұмыс.Биіктікте жұмыс істеу қауіпті жұмыс болып саналады. Биіктікте жұмыс істеген кезінде негізгі қызметкерді сақтандыратын шаралары сақтандыру белдігі және сақтық арқан.
Өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі-жек тұлғаның, мүлігінің,мемлекет пен қоғамның мүлігінің өрттен қорғау жағдайы.
Электрстанциясында өртке қауіпті кездесетін негізгі жанғыш заттар:авариялық күштік қондырғылар үшін қолданылатын дизельді отын,гидравликалық май.жағын майлар(турбина мойынтірегін салқындататын),трансформаторлық май,генератор роторын салқындататын сутегі,электрлік сымдар изоляциясы,пластиктен жасалған материалдар және т.б.
Сымдар изоляциясы үшін қолданылатын поливинилхлорид жанған кезде хлорлы сутек бөледі.Астында поливинилхлорид жанғанда,Х температураға жеткен кезде:
80. . . . Материал жұмсақ болады
100 ... . Хлорлы сүтегі ұшу басталады
160. ... Хлорлы сутегінің 50 % бөліне бастайды
210. . . . Материал балқиды
300 .... Хлорлы сутегінің 85 % ұшу басталады
Өндірілетін сымдар(КМЖ минералды оқшауламасы бар сымынан басқасы) жанғыш тобына жатады,себебі оқшауламаларда қолданылатын заттар жанғыш болып келеді:полиэтилен,резенке,қағаз,битум,май.
Кабелдік бөлмелерде өрт негізінен ҚТ-ның,изоляцияның тесілуі және оның қызуынан пайда болады.
Бақылау кабелдер бөлмесінде оперативті тоқ желісі жүргізілген,ол желі ҚТ тоғынан және асқын жүктемеден қорғалмаған.Сондықтан ҚТ болған кезде бүкіл желі бойынын қызу болып,көрші жатқан бөлмелерге немесе қондырғыларға тарау мүмкін.
Электрстанцияларда қолданылатын заттар ішінде ең қауіптісі турбинді және трансформаторлардың майы саналады.Таратушы қондырғылардағы болатын өрт негізінен майтолтырылған қондырғыларда немесе изоляция өртенуінен болады.Осылардың ішінен ең қауіптісі :майлы айырғыштар,трансформаторлар (күштік, өлшеуіштік), реакторлар мен конденсаторлар.
Қол өртсөндіру құралдары өшірілген электрқондырғыда қолданылады.Егер тоқөткізгіш бөліктері өшірілген болмаса,онда өртті ауалық-механикалық көбікпен сөндіруге рұқсат етілген.