Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dlya_stud_otsen_listy_kaz_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
548.35 Кб
Скачать

Плевра пункциясы

Б А Ғ А Л А У П А Р А Ғ Ы

Интерннің аты-жөні________________________Емтихан алушының аты-жөні_________________

Интернді қабылдап, оған жазбаша нұсқауды беріңіз. Әр критерий бойынша сәйкес ұпайын белгілеңіз.

Бағалау критерийлері

0-0,1

ұпай

0,2-0,3

ұпай

0,4-0,5

ұпай

1

Науқасты орындықтың арқасына қаратып отырғызу. Науқастан кеуде клеткасының «сау» жағына қарай енкеюін өтіну. Науқас пункция жағындағы қолын басына немесе қарама-қарсы жақтағы иығына қоюы тиіс. Теріні 20х20см көлемде йод және спиртпен өңдеу.

2

Артқы қолтық сызығы бойынша 7 немесе 8 қабырға аралықта пункция орнын анықтау. Пункцияны төменде жатқан қабырғаның жоғарғы шетіне жасайды.

3

Сол қол саусақтарымен төменде жатқан қабырғаның жоғарғы шетін анықтайды және тура қабырға үсті бойында теріге, тері асты шел қабатына және сүйек үстіне жергілікті жансыздандыру жүргізіледі («лимон қабығы» түзілуі).

4

Резеңке түтік кигізілген, қан тоқтатқыш қысқышпен қысылған пункциялық инені кеуде клеткасына перпендикуляр орналастырады. Тесер алдында сол қолымен «қиғаш» саңылау түзілуі үшін пункция жасалатын жерде теріні аздап ығыстырады. Теріні, тері асты шел қабатын, қабырға аралық бұлшықетті және плевраны тесу арқылы инені плевра қуысына енгізеді. Иненің плевра қуысына ену сәті «ену» сезімі пайда болғанда анықталады.

5

Тескеннен кейін резеңке түтікті сыйымдылығы 20 мл шприцке жалғайды және қысқышты алып тастайды. Шприцпен плевра қуысындағы сұйықтықты сорып алады және қайтадан түтікті қысқышпен қысады. Шприцтегі сұйықтықты стерильді пробиркаға немесе флаконға құяды және зерттеу үшін лабораторияға жібереді.

6

Резеңке түтікті сорғыш аппаратқа жалғайды, қысқышты алып тастап, плевра қуысындағы сұйықтықты сорғызады. Бұл кезде кеуде аралықтың тез ығысуының алдын алу үшін және асқынулардың (тахикардия,коллапс) дамуын болдырмау үшін тез сорғызуға болмайды. Бұл құбылыстардың алдын алу үшін мезгіл-мезгіл қысқышпен түтікті қысып тұрады. Бір алғанда 1.5 л сұйықтыққа дейін алуға кеңес беріледі.

7

Сұйытық алынғаннан кейін плевра қуысына қажет дәрілік заттарды енгізуге болады. Оны канюлаға жақын жерде резенке түтікті тесу арқылы және алдын ала оны қысқышпен қысу арқылы енгізеді.

8

Манипуляцияның соңында тез қимылмен пункциялық инені алып тастайды. Тесік орнын йодпен өңдейді және стерильді лейкопластыр жабыстырады. Науқас палатаға каталкамен жеткізілуі тиіс.

Жалпы саны

Станция бойынша максимальды ұпай – 4,0.

Әріптер жүйесінде бағалау

Бағаның сандық эквиваленті

% мазмұны

Бағаның пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйемен бағалау

А

3,84 – 4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,51 – 3,83

90-94

В+

3,17 – 3,50

85-89

жақсы

В

2,84 – 3,16

80-84

В-

2,51 – 2,83

75-79

С+

2,17 – 2,50

70-74

қанағаттанарлық

С

1,84 – 2,16

65-69

С-

1,51 – 1,83

60-64

D+

1,17 – 1,50

55-59

D

1,0 – 1,16

50-54

F

0 – 0,99

0-49

қанағаттанарлықсыз

Ескерту: Бағасы 0,49 төмен болмаған жағдайда дағды есептелінеді.

Бағасы_________________ Емтихан алушының қолы_________________

БЕКЕТ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]