Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос есеп жауабы (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
278.53 Кб
Скачать

№29 Есеп

Жауабы: Алдын ала қойылған диагноз : Медикаментозды аллергия. бронхоспазм.

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика:

адреналин 0,1% 0,3- 0,5 мл ерітіндісін 0,9% натрий хлор ерітіндісімен к/т;

преднизолон 90-150 мг к/т;

эуфиллин 2,4 % 10,0 мл ерітіндісін 20 мл изотоникалық натрий хлор ерітіндісімен баяулатып көк тамырға жіберу;

небулайзер арқылы беротек, беродуал немесе вентолиннің 20-40 тамшысын 2-3 мл ,9% натрий хлоридіне қосып беру;

димедрол 1%, супрастин 2% - 1,0- 2,0 мл к/т;

оксигенотерапия. Егер тынысы тоқтаса –ӨЖЖ (ИВЛ).

Реанимация бригадасын шақыру.

Реанимация және интенсивті терапия бөліміне госпитализациялау .

№30 Есеп

Жауабы: Алдын ала қойылған диагноз : Медикаментозды аллергия. Анафилактикалық шок.

Науқасқа көрсетілетін алғашқы көмекпен ары қарай жүргізілетін тактика:

науқасты Тренделенбурга қалпына жатқызу.

Көк тамырдан шығып кетпей, салып жатқан медикаментті салуды доғарамыз ;

адреналин 0,1% 0,3- 0,5 мл ерітіндісін 0,9% натрий хлор ерітіндісімен к/т;

преднизолон 90-150 мг к/т;

димедрол 1%, супрастин 2% - 1,0- 2,0 мл к/т;

0,9% натрий хлор ерітіндісін, 5% глюкоза ерітіндісін – сұйықтық көлемі 1 л –ден кем болмайтындай етіп көк тамырға тамшылатып құю;

артериальді гипотензия сақталса - допаминді 10-15 мкг/кг/мин жылдамдықпен көк тамырға тамшылатып (200 мг допамин 400 мл 0,9% натрий хлор ерітіндісімен немесе 5% декстроза ерітіндісімен) минутына 30-35 тамшы.

үнемі АҚҚ мен ЖСЖ бақылау!

Науқасты таза ауамен қамтамасыз ету немесе оксигенотерапияны жүргізу.

Реанимация бригадасын шақыру.

Реанимация және интенсивті терапия бөліміне госпитализациялау .

31 ЕСЕП

Жауабы: диагноз. Наркомания. Опиатты наркотикалық кома.

Емі:

Налоксон 0,4 – 0,8 мг 10,0 натрия хлоридінің физиологиялық ерітіндісімен к/т болюсты енгізу

Налоксонның әсері болмаса қосымша АМБУ қапшығымен минутына14-16 рет жиілікпен ӨЖЖ жүргізу және токсикология бөліміне зембілмен тасымалдау

Тыныс алу жиілігінің минутына 12 рет жоғарылағанда токсикология бөліміне жатқызу.

32 ЕСЕП

Жауабы: диагноз. Механикалық асфиксия. Асылу. Клиникалық өлім жағдайы

Емі:

Науқасты қатты тегіс жерге жатқызу

Ауыз қуысын тазалау және кеңірдекке интубация жасау

ӨЖЖ-ны «АМБУ» қапшығымен немесе «Медумат» аппаратымен 12 рет минутына жиілікпен жүргізу.

Жүрекке тікелей емес массажды бастау 100 рет минутына жиілікпен.

Дефибрилляторды дайындау және қуаты 200, 300, 360 ДЖ 3 разряд жүргізу

Көк тамырды дайындап 500,0мл. натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісімен инфузияны бастау.

Әр 5 минут сайын 1,0 мл. адреналинді к/т енгізу .

Реанимациялық шараларды 30 минуттан кем емес жүргізу керек, оқтын-оқтын тиімділігін бақылап отыру.

Жүрек қызметін қалпына келтірген соң, реанимациялық бөлімшеге зембілмен тасымалдау.

№33 Есеп

Жаубы: диагноз. Механикалық асфиксия. Асылу. Тырысу синдромы.

Емі:

Ылғал оттегімен ингаляция 6-8 л/ мин.

Брузепам 2,0 10,0 натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісімен к/т енгізу.

25% - 10,0мл. магний сульфатын 10,0 натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісімен к/т енгізу.

2,0мл фуросемид 10,0 натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісімен к/т енгізу.

Тырысу синдромы басылғаннан соң реанимациялық бөлімшеге зембілмен тасымалдау.