
- •11. Демография(грек тілінен аударғанда demos – халық) – халық туралы және оның қоғамдық дамуы туралы ғылым
- •15. Аурулық – халық арасында аурудың таралуы.
- •22.Инфекциялық аурулар мен аурулығын талдау:көрсеткіштері,қолданылатын біріншілік құжаттар.
- •24.Уеж,теж,мүгедек топтарының критерийлері
- •43. Диспасерлік бақылауды ұйымдастыру, диспансеризацияның тиімділігі, негізгі көрсеткіштері
- •45!Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет құрылымы
- •46.Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау департаментінің құрлымы қандай
- •50.Санитарлық – эпидемиологиялық сараптау орталығының негізгі функциялары, міндеттері
48. Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау аудандық басқармасының құрылымы
Аудан көлеміндегі барлық алдын алу және індетке қарсы шараларға басшылық ету;
- Емдеу мекемелеріндегі алдын алу және індетке қарсы шараларға бақылау жасау, бағыт беру;
- Аудан көлеміндегі эпидемиологиялық жағдайға анализ жасау, қажетті індетке қарсы шараларды анықтау;
- Эпидемиологиялық медициналық статистика жүргізу жөнінде деректер жинау;
- Аудан тұрғындары арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізуге басшылық ету;
- Жұқпалы ауруларға қарсы егу ісін жетілдіру, жоспарлай білу, жүргізілуіне басшылық ету;
- Аудан бойынша иммунопрофилактика ісін дамыту үшін барлық қажетті шараларды ұйымдастырып, іске қосу үшін белсене ат салысу;
- Иммунопрофилактика ісі бойынша болатын жұқпалы аурулардың пайда болуы, таралуын анықтау, індетке қарсы шараларды ұйымдастыру, қолдану;
-
49. Санитарлық – эпидемиологиялық сараптау орталығының құрылымы
Санитарлық сараптама орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 289 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» мемлекеттік мекемесінен қайта құрылды. Санитарлық сараптама орталығы Қазақстан Республикасы, ТМД мемлекеттері арасында қабылданған және халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаның бактериологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық зерттеулері мен физикалық факторларының (иондаушы және электромагниттік радиация, шу, жарықтандыру, микроклимат) өлшемін жүргізеді. Санитарлық сараптама орталығы санитарлық-гигиеналық, санитарлық-эпидемиологиялық және дезинфекциялық қызметті іске асыру үшін барлық қажет лицензияларға ие.
50.Санитарлық – эпидемиологиялық сараптау орталығының негізгі функциялары, міндеттері
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың негізгі міндеттері:
1) тіршілік ету ортасы объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, халық денсаулығына әсер етуін кешенді түрде бағалау; 2) жұқпалы, паразиттік аурулардың шығу және халықтың улану себептері мен жағдайларын зерттеу; 3) шаруашылық немесе өзге де қызмет процесінде қабылданған шешімдердің санитарлық ережелері мен гигиеналық нормативтерінің талаптарына сәйкестігін бағалау міндеттерін шешеді.