
- •11. Демография(грек тілінен аударғанда demos – халық) – халық туралы және оның қоғамдық дамуы туралы ғылым
- •15. Аурулық – халық арасында аурудың таралуы.
- •22.Инфекциялық аурулар мен аурулығын талдау:көрсеткіштері,қолданылатын біріншілік құжаттар.
- •24.Уеж,теж,мүгедек топтарының критерийлері
- •43. Диспасерлік бақылауды ұйымдастыру, диспансеризацияның тиімділігі, негізгі көрсеткіштері
- •45!Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет құрылымы
- •46.Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау департаментінің құрлымы қандай
- •50.Санитарлық – эпидемиологиялық сараптау орталығының негізгі функциялары, міндеттері
43. Диспасерлік бақылауды ұйымдастыру, диспансеризацияның тиімділігі, негізгі көрсеткіштері
Диспансер (фр. dіspensaіre, лат. dіspenso – бөліп беру) –белгілі бір аурумен ауыратын адамдарды тіркейтін[1] , есепке алатын, алдын ала сақтандыру шараларын жүзеге асыратын арнайы медициналық мекеме.
Амбулаториялық емханалық мекеме дәрігерлері профилактикалық жұмыс жүргізу кезінде диспанерлік әдісті қолданады. Бұл әдісті қолданудағы мақсат ауруларды ерте анықтау, науқастарды тіркеу және комплексті емдеу, аурудың таралуын болдырмау , салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Диспансеризацияны жүргізу емханың емдеу профилактикалық бөлімдеріндегі дәрігерлердің жұмысының міндетті бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта диспансеризация денсаулық сақтау мекемелерінің ведмостволық жүйесінде немесе азаматтардың өзінің ақшасына, немесе келісім шарт бойынша жүзеге асырылады.
44. Негізгі медициналық құжаттама, жүргізу ережелері
Барлық бір типтес емдеу проф.қ мекемеде бірыңғай тіркеу құжаты бар ,олар Денсаулық сақтау министрлігінде бекітіледі. Барлық қүнделікті мед.қ құжаттар мына топқа бөлінеді:
Күнделіктітікелей қолданатын құжат
Күнделікті тікелей пайдаланатын тіркеу құжаты
Дәрігердің жұмысының нәтижесін тіркеу қ.т
Есеп құжаты
Қалалық емханадағы арнайы статистика кабинеті бар , онда алғашқы тіркеу жұмысы жүргізіледі, статистикалық құжат.ң дұрыс толтырылуы тексеріледі,есеп құжаты тол.ды.
Барлық мәліметтер жиналып болған соң емхананың жұмысын сипаттайтын стат.қ көрсеткіштер есептеліп, емхана жұмысына аға беріледі. Емхана жұмыс ын бағалауда жылдық есептің қорытындв мәліметтеріне сәйкес шығарады. Ал жылдық есепті құрастырғанда мәліметтерді дәрігерлердің күнделікті толтыратын тіркеу құжаттарынан алады.
45!Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет құрылымы
46.Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау департаментінің құрлымы қандай
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (2002- ) ҚР Президентінің 2001 ж. 17 қазандағы Жарлығына [] сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қарашадағы қаулысымен 2002 ж. 1 қаңтарда құрылды.
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 10 қаңтардағы қаулысымен [3] комитет туралы ереже бекітілді. Мемлекеттік мекемелері оларды көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың аумақтық органдары- мемлекеттік мекемелері мен көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды жүзеге асыратын орталықтар-мемлекеттік мекемелерге бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.
Ережеге сәйкес комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құзіреті шегінде бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асырған ҚР [[Денсаулық сақтау]] министрлігінің ведомствосы болып табылды. Комитеттің көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау аумақтық органдары: көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталық басқармасы; аймақтық темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиятуық қадағалау басқармалары; әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары; бөлімшелік темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары болды.
47. Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау департаментінің функциясы мен құқықтарын, негізгі міндеттерін атаңыз.
Департамент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру-әдістемелік басқару;
2) Департаменттің аумақтық бөлімшелерін қажетті нормативтік-құқықтық және құқықтық актілермен, ұсынымдары бар қызмет талдауларымен және санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға қатысты ақпараттық құжаттармен қамтамасыз ету;
3) көлік бойынша санитариялық ережелердің, гигиеналық нормативтердің, өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық нормалар, гигиеналық нормативтер, өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
4) Кеден одағының кедендік шекарасы мен аумағына инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін ықтимал қауіпті өнімдердің (тауарлардың) әкелінуі мен таралуынан санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу бойынша Департаменттің
аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
5) белгіленген тәртіппен Департаменттің аумақтық бөлімшелері мамандарына біліктілік санаттарын беру;
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық сауаттылығы саласындағы бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
7) Қазақстан Республикасының аймақтағы және көліктегі қадағалау объектілерінде (бұдан әрі - көліктегі объектілер) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
Міндеттері
Департаменттің лауазымды адамдары функцияларын толық түрде орындауға және Қазақстан Республикасының көлік объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету үшін өз құқықтарын пайдалануға міндетті.