Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekzamen_Testy_patfiz_3_kurs_OM_2014_kaz_-stud.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200.29 Кб
Скачать

16. Гемолиздік анемиялардың ерекше белгісі://

қан өндірудің мегалобласттық түрі//

гемопоэздік тіннің майлы тінмен ауысуы//

эритроциттердің тіршіліктік уақытының қысқаруы//

эритроциттердің көлемінің ұлғаюы//

сидеропения

***

Науқас И., 2 жаста, жағдайы ауыр. Терісі және сілемейлі қабықтары бозғылт, сәл сарғыштану бар. Бас сүйегі мұнара тәрізді, кеңсірігі жалпақ, бетсүйегі шығыңқы. Гепатоспленомегалия. Нәжісі мен зәрінің түсі өзгерген. Гемоглобин - 70 г/л, эритроциттер - 2,0х1012/л, ретикулоциттер - 19%. Лейкоциттер - 10,2х109/л. ЭТЖ - 29 мм/сағ. Тура емес билирубин - 156,8 мкмоль/л, тура билирубин - жоқ. Эритроциттердің осмостық резистенттілігі төмендеген. Эритроциттердің 60%-ның пішіні сфера тәріздес. Осы клиникалық-лабораторлық деректер тән://

апластикалық анемиға//

Аддисон-Бирмер ауруына//

Минковский-Шоффар ауруына//

иммундық гемолиздік анемияға//

орақтәрізді-жасушалық анемияға

***

Минковский-Шоффар ауруының негізгі патогенездік факторы://

эритроциттің мембраналық нәруызы спектриннің құрылымдық бұзылыстары//

эритроциттерде пируваткиназа ферменті белсенділігінің төмендеуі//

көкбауырдың секвестрлік қабілетінің бұзылуы//

эритроциттерге қарсы антиденелердің өндірілуі//

ақаулық гемоглобин S түзілуі

***

19. Екіншілікті салыстырмалы эритроцитоз дамиды://

қан қоюланғанда//

бауыр өспелерінде//

көкбауыр өспелерінде //

тыныс жеткіліксіздігінде//

эритроциттерді құйғанда

***

Науқаста төменгі жақ сүйегінің жарақаттық іріңді остеомиелиті дамыған. Гемоглобин 138 г/л, эритроциттер 4,7х1012/л, ретикулоциттер 0,3%. Лейкоциттер 17,9х109/л, эозинофильдер 1%, базофильдер 0%, метамиелоциттер 3%, т/я нейтрофилдер 10%, с/я нейтрофилдер 67%, лимфоциттер - 14%, моноциттер 5%. Қан көрінісіндегі деректер осы дамығанын нақтылайды://

абсолютті нейтрофилия, регенеративті ядролық солға ығысу //

абсолютті нейтрофилия, гипорегенеративті ядролық солға ығысу //

абсолютті нейтрофилия, гиперрегенеративті ядролық солға ығысу //

абсолютті нейтрофилия, дегенеративті ядролық солға ығысу //

абсолютті нейтрофилия, регенеративті ядролық оңға ығысу //

***

Гемоглобин - 130 г/л, эритроциттер - 4,2х1012/л, ретикулоциттер 0,6%. Лейкоциттер 14,8х109/л, эозинофилдер - 18%, базофилдер - 1%, т/я нейтрофилдер 5%, с/я нейтрофилдер 62%, лимфоциттер - 20%, моноциттер 4%. Осы өзгерістер тән://

сепсиске//

туберкулезге//

агранулоцитозға//

бронх демікпесіне//

инфекциялық мононуклеозға

***

Нәрестенің дене температурасы 400С дейін жоғарылады. Аурудың 3-ші тәулігінде науқастың терісінде бөрітпелер пайда болды. Педиатрдың диагнозы–қызылша. Гемоглобин 132 г/л, эритроциттер 4,1х1012/л, ретикулоциттер 0,5%. Лейкоциттер 12,6х109/л, эозинофилдер 0%, базофилдер 0%, т/я нейтрофилдер 0%, с/я нейтрофилдер 40%, лимфоциттер - 54%, моноциттер 6%. Осы өзгерістер қан патологиясының келесі түріне тән://

абсолютті моноцитозға//

абсолютті нейтрофилияға//

абсолютті лимфоцитозға//

салыстырмалы лимфопенияға//

салыстырмалы эозинопенияға

***

Иондаушы радиация әсерінен болған лейкопенияның патогенезінің негізінде жатыр://

лейкоциттердің қарқынды ыдырауы//

организмнің лейкоцитті көп жоғалтуы //

тамыр кемерінде лейкоциттердің қайта таралуы //

лейкопоэздің бұзылуы және тежелуі//

гемодилюция

***

Науқастың дене температурасы 410С дейін жоғарылаған. Әлсіздік, тершеңдік, жүрек қағысының жиілеуі, ентігу, стоматит, некроздық ангина мазалайды. Анамнезінде – онкологиялық аурудан кейін химиотерапия қабылдаған. Гемоглобин 87 г/л, эритроциттер 2,8х1012/л, ретикулоциттер 0%. Лейкоциттер 0,7х109/л, эозинофильдер 0%, базофильдер 0%, т/я нейтрофилдер 0%, с/я нейтрофилдер 10%, лимфоциттер - 74%, моноциттер 20%. Тромбоциттер 80х1012/л. Осы өзгерістер тән://

иммундық агранулоцитозға//

миелотоксикалық агранулоцитозға//

абсолютті нейтрофильді лейкоцитозға//

салыстырмалы лимфоцитопенияға//

абсолютті лимфоцитозға

***

Лейкоз дамуының негізінде жатыр://

жасушаның бақылаусыз пролиферациясы//

жасушаның жетілуге қабілетінің жоғарылауы//

организмнің антибластомды резистенттілігінің жоғарылауы//

жасушаның митоздық белсенділігінің төмендеуі//

протоонкогендер белсенділігінің төмендеуі

***

Лейкозбен ауыратын адамдарда іріңді-сепсистік асқынулар дамуының себебі://

анемияның дамуы//

геморрагиялық синдром дамуы//

лейкоциттің қорғанысты қызметінің төмендеуі//

антидене өндіруінің жоғарылауы//

фагоцитоздың күшейуі

***

Жіті және созылмалы лейкоздардың бір бірінен айырмашылығы://

науқастардың жасы//

аурудың ұзақтығы//

клиникалық көріністердің айқындығы//

ісіктік жасушалардың цитохимиялық реакциялары//

ісіктік жасушалардың саралану, жетілу дәрежесі

***

Жіті лимфобласты емес лейкозға келесі цитохимиялық реакция тән://

гликогеннің түйіршікті таралуы//

липидтерге теріс реакция//

қышқыл фосфатазаға теріс реакция //

миелопероксидазаның жоғары белсенділігі//

сілтілік фосфатазаның жоғары белсенділігі

***

Науқас 38 жаста, дене температурасы жоғарылаған. Ауыз қуысының сілемейлі қабықтарында некроздық өзгерістер пайда болған. Гемоглобин - 90 г/л, эритроциттер - 2,7x1012/л, лейкоциттер – 75,2x109/л, эозинофилдер – 0%, базофилдер – 0%, т/я нейтрофилдер - 0%, с/я нейтрофилдер - 9%, лимфоциттер - 20%, моноциттер – 8%, бласты жасушалар - 63%, ЭТЖ - 59 мм/сағ. Цитохимиялық деректерде: бейспецификалық а-нафтилэстеразаға және қышқыл фосфатазаға реация оң. Бұл өзгерістер қан патологиясының келесі түрі дамығанын нақтылайды://

жіті монобласты лейкоз//

жіті миелобласты лейкоз//

жіті лимфобласты лейкоз//

жіті промиелоцитарлы лейкоз//

жіті сараланбаған лейкоз

***

Гемоглобин 88 г/л, эритроциттер 3,1x1012/л, лейкоциттер 115,2x109/л, эозинофилдер 9%, базофилдер 4%, промиелоциттер 3%, миелоциттер 12%, метамиелоциттер 15%, т/я нейтрофилдер 22%, с/я нейтрофилдер 30%, лимфоциттер 5%, моноциттер 0%, тромбоциттер 98x109/л.Қан патологиясының осы түріне келесі хромосомдық жиынтықтың өзгеруі тән://

трисомия 21//

моносомия 7//

транслокация [9, 21]//

транслокация [4, 11]//

гиперплоидия

***

Базофильді-эозинофильді ассоциация осының диагностикалық маркері://

эритремиялардың//

миеломды аурулардың//

жіті миелобластты лейкоздың//

созылмалы миелоцитарлы лейкоздың//

лейкемоидты реакцияның миелоидты типіне

***

Науқастың регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған,спленомегалия байқалды. Гемоглобин 108 г/л, эритроциттер 3,7x1012/л, лейкоциттер 57,7x109/л, эозинофилдер 0%, базофилдер 0%, т/я нейтрофилдер 0%, с/я нейтрофилдер 9%, лимфобластар 1%, пролимфоциттер 5%, лимфоциттер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]