Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekzamen_Testy_patfiz_3_kurs_OM_2014_kaz_-stud.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200.29 Кб
Скачать

Кіші қан айналым шеңбері гипертензиясының посткапиллярлы түрі -бұл://

өкпе веналарында қысымның жоғарылауы //

өкпе артериолаларында қысымның жоғарылауы //

жүректің оң жақ бөліктерінде қысымның жоғарылауы//

өкпе капиллярларында қысымның төмендеуі//

жүректің сол жақ бөліктерінде қысымның төмендеуі

***

Митралды стеноз кезінде кіші қан айналым шеңбері гипертензиясы дамуы байланысты://

өкпе веналарының рефлекторлы тарылуымен//

солжақ жүрекшеде қан қысымның жоғарылауымен//

қылтамырларда қанағысқа қарсыласудың артуымен//

оң қарыншаларда жүктеменің азаюымен//

өкпеде қысымның төмендеуімен

***

Өкпенің альвеолаішілік ісінуі тыныс жеткіліксіздігінің осы түрі дамуына әкелуі мүмкін (патогенезі бойынша)://

орталықты туындаған//

перфузиялық//

обструкциялық түрі//

диффузиялық//

нервтік-бұлшық еттік

***

Тыныс алу орталығы тежелгенде тыныс жеткіліксіздігінің осы түрі дамиды://

перфузиялық//

диффузиялық//

нервтік-бұлшық еттік түрі//

вентиляциялық обструкциялық түрі//

вентиляциялық рестрикциялық түрі

***

Қанның солдан оңға қарай лақтырысымен жүретін туа біткен жүрек ақауларында дамиды://

кіші қан айналым шеңбері гипертензиясының аралас түрі//

кіші қан айналым шеңбері гипертензиясының прекапиллярлы түрі//

кіші қан айналым шеңбері гипертензиясының посткапиллярлы түрі//

обструктивтіжелдетудің жеткіліксіздігі//

диффузиялы тыныс жеткіліксіздігі

***

Вентиляциялық-перфузиялық қатынастың 1,0 жоғары болуы осы кезде байқалады://

бронхоспазмда//

өкпенің ателектазында //

созылмалы бронхитте//

өкпелік артериолалар спазмында //

альвеолаларда сұйықтық жиналғанда

***

Тахипноэ осының салдарынан дамиды://

алкалоздың//

гипокапнияның//

негізгі алмасу төмендеуінің//

тыныс орталығы белсендірілуінің//

тыныс алу орталықты қозудың төмендеуінің

***

Науқас есірткіні өте көп мөлшерде қабылдаған, жалпы жағдайы ауыр. Есінен танып қалған, қимылдық қызметі бұзылған, көзінің қарашығы кішірейген. АҚ 150/95 мм сын.бағ., ЖЖЖ 1 минута 42 рет, ТЖ 1 минутта 10 рет. Тыныс алу бұзылысының осы түрі есірткіден басқа, тағы қандай жағдайда туындауы мүмкін://

коллапста//

гипоксияда//

қызбада//

физикалық жүктемеде//

бассүйек-ми жарақатында

***

Науқас себепсізден дамитын алқыну ұстамасына шағымданды. Алқыну ұстамасы кезінде науқастың тыныс алуы қиындайды, жөтелгенде аздаған қоймалжың сілемейлі қақырық бөлінеді. Тыныс шығарғанда ысқырық тәрізді сырыл есітіледі. Анамнезінен бронх демікпесімен 5 жыл бойы ауырған. Осы патологияға ентігудің келесі түрі тән://

экспираторлы//

инспираторлы//

стенотикалық//

брадипноэ//

гиперпноэ

***

Науқаста гиповентиляция салдарынан цианоз дамыған, тыныс алуға қосымша бұлшықеттері белсенді қатысады. Науқас жасанды тыныс алуға көшірілді. Тыныс алу жиілігі минутына 35. РаС02 60 мм сын.бағ., Ра02 58

мм сын.бағ., рН 7,1. Бұл көрсеткіштер келесі өзгерістердің пайда болуын нақтылайды://

нормоксемия, нормокапния, газды ацидоз//

нормоксемия, гиперкапния, газды алкалоз //

гипоксемия, нормокапния, газды емес ацидоз //

гипоксемия, гиперкапния, газды ацидоз //

гипоксемия, гипокапния, газды емес алкалоз

***

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]