Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dip__1178_ona_1179__1199_y_klientterin_ornalast...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
689.15 Кб
Скачать

2 Бөлім. Қазақстан Республикасындағы қонақ үй бизнесінің дамуын талдау (“Қазақстан” қонақ үйінің мысалында)

2.1 Қазақстан Республикасындағы қонақ үй шаруашылығының қазіргі даму бағыттары

Қонақ үй кәсіпорындары кез-келген туристік өнімнің базасы болып отыр. Кез-келген сапарда орналастыру қызмет жиынтығының құрамына кіреді, өйткені келген жерінде адамның түнейтін орыны болуы керек. Бұл негізгі қызметті қызмет көрсету деңгейі және типтері бойынша ажыратылатын қонақ үй кәсіпорындары көрсетеді.

Біздің республикамызда кішігірім кәсіпорындарға жұмысшыларының саны елуге дейін, орташа кәсіпорындарға жұмысшыларының саны екі жүз елуге дейін, ірі кәсіпорындарға екі жүз елуден аса жұмысшылары бар қонақ үйлер жатады.

Талдау мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында 2002 жылы қонақ үйлердің 64,1%-ті кішігірім кәсіпорындарына,26,1%-ті орташа кәсіпорындарына, 9,8%-ті ірі кәсіпорындарыны жатады (4 кесте).

4 Кесте – 2003жылы 1 қаңтардағы қр-дағы қонақ үйлер және қонақ үйлік кәсіпорындар

Барлығы

Соның ішінде

Облыс

орталық-тарында

Қалалық

жерлерде

Ауылдық

жерлерде

2001

2002

2001

2002

2001

2002

2001

2002

Кішігірім кәсіпорындар

109

125

98

115

11

10

64

-

5 адамға дейін

30

38

26

33

4

5

20

-

6-10адамға дейін

17

24

15

21

2

3

7

-

4 кестенің жалғасы

11-20 адамға дейін

17

22

14

22

3

-

10

-

21-30 адамға

дейін

9

13

9

13

-

-

6

-

31-40 адамға дейін

19

14

19

13

-

1

13

-

41-50 адамға дейін

17

14

15

13

2

1

8

Орташа кәсіпорындар

48

51

47

50

1

-

40

-

Ірі кәсіпорындар

8

19

8

19

-

-

8

-

Барлығы

165

195

153

184

12

11

112

-

2003 жылы 1 қаңтарда республикада 195 қонақ үйлер, мотельдер, жатақханалар тіркелген. 2001 жылмен салыстырғанда қонақ үйлердің, мотельдердің, жатақханалардың саны отыз бірлікке артқан.Қонақ үйлердің басым бөлігі қалаларда орналасқан.Республика бойынша кішігірім кәсіпорындардың саны басым болып келеді.

Қонақ үйлердің санының қарқынды өсуі 2000-20002 жылдарға келеді. Ол шетел азаматтарының Қазақстанға іскерлік сапарларының ағынының өсуімен байланысты. 2002 жылы орналастыру құралдарында қызмет көрсетілген туристердің саны 2000 жылмен салыстырғанда 16,9%-ке төмендеген. Ол мынамен түсіндіріледі:

  1. соңғы кездері жалға берілетін пәтерлер санының артуымен;

  2. туристік фирмалар мен қонақ үй кәсіпорындарының салық ауыртпалығына байланысты өздерінің қызметінің нақты көрсеткіштерін жасыратындығын;

  3. қонақ үйлердегі қызмет көрсетудің төмен деңгейін.

Қазіргі кезде қонақ үй шаруашылығын меншік формасына қарай бөлу орын алған (5 кесте) .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]