
- •1 Бөлім. Қонақ үй шаруашылығының мазмұны:орналастыру құралдары мен нөмірлердің жіктелімі
- •1.1Қонақ үй қызметтерінің мәні. Қонақ үйлер мен нөмірлер жіктелімі
- •1.2 Қонақ үй және орналастыру құралдарының қызмет сапасы. Қонақ үй қызметтерінің негізгі сипаттамалары
- •1.3 Қазақстанда қонақ үй бизнесінің даму эволюциясы
- •3 Кесте – Қазақстанда қонақ үй индустриясының дамуы
- •2 Бөлім. Қазақстан Республикасындағы қонақ үй бизнесінің дамуын талдау (“Қазақстан” қонақ үйінің мысалында)
- •2.1 Қазақстан Республикасындағы қонақ үй шаруашылығының қазіргі даму бағыттары
- •4 Кесте – 2003жылы 1 қаңтардағы қр-дағы қонақ үйлер және қонақ үйлік кәсіпорындар
- •5 Кесте – Меншік формасына байланысты туристерді орналастыру обьектілерінің саны 2000-2002жж
- •2.2 Жшс “Бұрған” Қазақстан қонақ үйінің сипаттамасы
- •”Қазақстан” қонақ үйінің нарықтық мүмкіндіктерін талдау
- •3 Бөлім .Қонақ үй клиенттерін орналастыруды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жетілдіру бағыттары
- •“Қазақстан” қонақ үйінде маркетингті ұйымдастыру
3 Кесте – Қазақстанда қонақ үй индустриясының дамуы
Жылдар |
Сипаттамасы |
XI-XVғғ |
76-100км қашықтықта орналасқан жылқыларды алмастыру мен бәйгешілердің демалысына арналған керуен-сарайлардың пайда болуы |
XV-XXғғ басы |
Пошталық станса мен қонақ үйлер құрылысы |
1910-1922 жж. |
Номері бар трактирлер мен тұрғын аулалардың жұмыс істеуі |
1922 ж |
Коммуналды қонақ үйлерді құру, қонақ үйлерді ұлттандыру мен оларды жергілікіті Кеңеске өткізу |
1935 ж |
«Қазақстан» қонақ үйінің құрылысы |
1940 ж |
Алма-Ата, Қарағанды,Павлодар және басқа 10 қалада қонақ үйлер құрылысы |
XX ғ. 40-60 жж |
Қайта жөндеу, жаңа қонақ үйлер құрылысы |
1960 ж |
Қазақстанның 20 қаласында 96 қонақүйдің |
XX ғ. 60-70 жж |
20 жаңа қонақ үйдің пайдалануға берілуі. 1976ж «Алма-Ата» қонақ үйінің жұмысқа қосылуы |
XX ғ. 70-80 жж |
«Медеу», «Алатау» «Шахтер» және басқа да қонақ үйлер құрылысы |
Қазақстан Республикасында қонақ үй индустриясының даму кезеңдерінің сипаттамасы мен қысқаша тізбесі 3 кестеде көрсетілген.
Қазақстанда 1994 жылға дейін қонақ үйлер жіктемесі «Қонақ үйлерді разрядтарға, номерлерді категорияға жатқызу Ережесіне» сәйкес жүзеге асырылды. Бұл Ереже бойынша барлық қонақ үйлер 7 разрядтарға жіктелінді: «Люкс», «Жоғары А», «Жоғары Б», 1,2,3 және 4 категориялары.Мотельдер 4 разрядқа бөлінді: «Жоғары А», «Жоғары Б», 1,2 және 3 разрядтар.
1994 жылы 28681-90 «Туристік – экскурсиялық қызмет көрсету саласын стандарттау» Мемлекеттік Стандарттарына (ГОСТ) сәйкес «Қонақ үй жіктемесінің критерийлері туралы Ереже» жасалынып, жіктеменің жұлдыздық (*) француз жүйесі енгізілді ( қонақ үйлер үшін 1-5*, мотельдер үшін 1-4*).
Ұлттық қонақ үй ісін қолдау мен шетел валютасының құйылымын ұлғайту мақсатында келесідей қауымдастықтар құрылған: Қонақ үйлер мен Мейрамханалардың Қазақстандық Қауымдастығы (ҚМҚҚ), Халықаралық Қоғамдық Туризм Академиясы (ХҚТА), Қазақстандық Туристік Қауымдастық (ҚТҚ) пен Франчайзингтің Қазақстандық Қауымдастығы (ФҚҚ).
ҚМҚҚ коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйым болып 1998 жылы құрылды. Ол Қазақстанның ірі қонақ үй компанияларын, халықаралық қонақ үй тізбектерінің өкілдерін, Бұқаралық Ақпарат Құралдарын (БАҚ) біріктірді, қонақжайлылық саласын лоббилендірді (2005 жылда олардың саны – 31).ҚМҚҚ – ның аймақтық өкілдері Астана, Атырау, Ақтау, Орал, Баутино, Қарағанды, Теміртау, Петропавл, Тараз, Мәскеу қалаларында бар.Өзінің басты мәселесін ҚМҚҚ елде қонақ үй шаруашылығының өркениетті нарығын құру деп санайды. ҚМҚҚ ҚТҚ мен ФҚҚ – ның құрылтайшысы болып табылады.
Қауымдастықтың мақсаты: қонақ үй және туристік қызметтерді дамыту мен деңгейін көтеру, оларды қазақстандық ішкі және шетел нарығына белсенді түрде жылжыту. Ол үшін «ноу-хау» және инвестициялар сияқты шетел технологияларын жұмылдыру мүмкіндіктерін пайдаланған жөн.
ҚМҚҚ қызметінің негізгі бағыттары болып ірі салааралық кешен ретінде қазақстандық туристік индустрияны құру мен дамытуға жәрдемдесу, елдің экономикасын дамытуда оның салымын көбейту; салалық мүдделерді есеппен қамтамасыз ету мақсатында заңды процестің мониторингі, Қауымдастық мүшелері – қонақ үйлерге, ондағы кадрларды қайта дайындау мен квалификациясын көтеру мәселесіне көмек көрсету; Қазақстан мен шетелде туристік көрмелерді ұйымдастыруға қатысу, оларға ұжымдық ҚМҚҚ мен ҚТҚ стендтерін жасау; ҚМҚҚ-ның ТМД мен шет елдердің ұлттық қонақ үй Қауымдастықтарымен тиімді ынтымақтастықты көтеру;тәжірибе мен ақпаратпен алмасу мақсатында БАҚ-пен ынтымақтасу; ҚМҚҚ мүшелерін Қазақстан мен әлемде туризм мен қонақ үй шаруашылығы саласында болып жатқан оқиғалармен ақпараттандыру табылады.
ҚТҚ – ға ірі турагенттіктер, қонақ үйлер, әуежайлы тасымалдаушылар және «Қазақстанның Жібек Жолы» Ұлттық компаниясы кіреді.
Алматының бірнеше компаниялары Туристік Ұйым Қауымдастығына (АТҰҚ) біріктірілді. Оның ішінде «Жаңа Нұр», «АТС Қазақстан», «Эдельвейс», «Отан Тревел», «Алмали», «Мармара тур», «Күнгей», «Фараб» және басқалары танымал.Қауымдастықтың құрылуы – ақшаға сапалы тауарды беретін өзіндік кепілдеме, бұл ішкі, шығу, келу туризміне қатысты болып келеді.
Астана қаласының ТМД елдерінің ірі қалалары мен астаналарының халықаралық ассамблеясына кіруі туризм мен халықаралық қонақжайлылық жолында басты қадам болып саналды. Оны бірыңғай ақпараттық желіске (БАЖ) кіргізу ТМД республикалары мен Балтия елдерімен әлеуметтік- экономикалық ынтымақтасуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған қазақстандық ұйымдар мен қауымдастықтардың өзара ынтымақтастығы мен олардың функционалды қызметтері арқылы қонақ үй бизнесінің дамуын дұрыс жолға қою мүмкіндігі туындайды.
Қонақ үй бизнесі экономикалық қызметтің бір түрі ретінде тікелей және жанама түрде жұмыс орындарын құрайды, шетелдік валютамен мемлекеттің қазынасын толтыратын негізгі құрал болып есептелінеді.