
- •1 Бөлім. Қонақ үй шаруашылығының мазмұны:орналастыру құралдары мен нөмірлердің жіктелімі
- •1.1Қонақ үй қызметтерінің мәні. Қонақ үйлер мен нөмірлер жіктелімі
- •1.2 Қонақ үй және орналастыру құралдарының қызмет сапасы. Қонақ үй қызметтерінің негізгі сипаттамалары
- •1.3 Қазақстанда қонақ үй бизнесінің даму эволюциясы
- •3 Кесте – Қазақстанда қонақ үй индустриясының дамуы
- •2 Бөлім. Қазақстан Республикасындағы қонақ үй бизнесінің дамуын талдау (“Қазақстан” қонақ үйінің мысалында)
- •2.1 Қазақстан Республикасындағы қонақ үй шаруашылығының қазіргі даму бағыттары
- •4 Кесте – 2003жылы 1 қаңтардағы қр-дағы қонақ үйлер және қонақ үйлік кәсіпорындар
- •5 Кесте – Меншік формасына байланысты туристерді орналастыру обьектілерінің саны 2000-2002жж
- •2.2 Жшс “Бұрған” Қазақстан қонақ үйінің сипаттамасы
- •”Қазақстан” қонақ үйінің нарықтық мүмкіндіктерін талдау
- •3 Бөлім .Қонақ үй клиенттерін орналастыруды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жетілдіру бағыттары
- •“Қазақстан” қонақ үйінде маркетингті ұйымдастыру
1.3 Қазақстанда қонақ үй бизнесінің даму эволюциясы
Қазақстан – жүзден астам ұлты бар, қонақжайлы республика. Қонақжайлылық тарихы ежелден өзінің тамырларымен қонақты қабылдау әдеті мен салт-дәстүрінен басталады. Қонаққа әрдайым ерекше көңіл бөлінетін, ол төрде отағасының оң жағында отыратын.
Қонақжайлылықтың қарқынды дамуы Ұлы Жібек Жолының пайда болуынан басталды. Ежелден және Ортағасырларда Жерортадан Қытайға дейін Еуразияны қиылысқан керуен жолдарының жүйесі халықтың сауда және мәдени байланыстарының пайда болып, дамуының қайнар көзі саналды. Бұл жерлерде ірі сауда орталықтары тұрғызылған болатын, сондықтан да әр түрлі елдерден саяхатшылар келетін.Барлық саяхатшыларды киіз үйге сыйғызу мүмкін емес болды, сол себептен, тұрақты аулалар пайда бола бастады. Аулаларда ең қажетті қызметтер: орналастыру, тамақтандыру, су беру қызметтері көрсетілген. Сауда жолдарында керуен-сарайлар салынып, түйе мен жылқылар үшін арнайы жайғастыру пункттері болған.
Саяси жағдай дипломаттар мен саудагерлерге жол жүру кестесін таңдауды анықтап берді. Бұның өзі туризм мен қонақжайлылықтың пайда болуына себеп болды. Қалалар өздерінің базарларымен көріне бастады. Минералды сулары бар жерлерде – санаторийлер тұрғызылды. Емдік туризмінің Қазақстанда дамуымен байланысты таулы туризмнің рөлі зор, яғни маңызды болып туристерге арналған түнеу объектілері салына бастады.
Республикамыздың көптеген көркем жерлерінде туристік базалар салынды. Жыл сайын қонақ үй мен мотельдегі орындар санына қарағанда, орналастыру құралдарының қосымша түрлеріндегі орындар саны тез өсе бастады. Әуелі, орналастыру құралдарынң негізгі және қосымша түрлерін шектеу мүмкін емес болды, қонақ үйдегі сияқты, жалға берілетін жеке пәтерлерде де сондай қызметтер көрсетіледі.
Жаңа туризм мен қонақжайлылықтың Қазақстанда пайда болуы ХХ ғасырдан бастау алады. 1929 жылы таулы туризмнің энтузиастары Іле Алатаудың бөктерімен туристік демалыс ұйымдастырған, осы жылдың жазында Есік өзеніне бағытталды. 1930 жылы Ф.Л.Савиннің басшылығымен Алма – Аталық пошта мен телеграф ұжымының 16 жұмысшылары күрделі емес маршрутпен қозғалған: Алма-Ата→Көкжайлау→Үлкен Алма-Ата өзені. 1931 жылдың қаңтарында В.М.Зимин алғашқы қыс демалысын туристермен қосылып: Алма-Ата→Ұзынағаш→Қордай шатқалы маршрутын жасаған. 1936 жылы 50 орны бар «Горельник (жаңғыш)» туристік базасы пайда болды.1952 жылы туристік-экскурсиялық бағыт (ТЭБ) қалыптасты. 1960 жылы Казсовпров кезінде туризмді республикалық басқару болды. Ал 1965 жылы Алма-Ата мен 5 облыстық Кеңесте ( Алма-Аталық, Шығыс Қазақстандық, Қарағандылық, Орал және Шымкент) туризм мен экскурсия бойынша қазақ республикалық кеңес ұйымдастырылды.
Халықаралық және ішкі туризмнің дамуымен байланысты арзан орналастыру құралдары – кемпингтерге сұраныс арта бастады. Олардың дамуыы 60-80 жж. сипат алды.
Туристік қонақ үйлер республикамыздың ірі қалаларында, яғни тарихи, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер мен мұражай жерлерінде салынған.Қазақстанда барлық қонақ үйлер экскурсиялық - танымдық сипатта қызмет көрсеткен.
Туризмнің дамуына мықты күш берген «Елде туризм мен экскурсияның алдағы даму шаралары» (1969 ж) үкімі еді. Осының арқасында Қазақстанда туризм мен экскурсия бойынша жаңа облыстық кеңестер, экскурсиялық бюро, саясат бюролары пайда бола бастады.Басты назар республикада туризмнің материалдық базасын нығайтуға - жаңа туристік базалар мен кинотеатры, мейрамханасы бар қонақ үйлерді салуға аударылған.Жаңа туристік базалар: «Баянауыл», «Қарқаралы», «Алтай бухтасы»,«Орал», «Алтын бор», «Қазақстан», «Есік » (Қырғызстан) және т.б.
1959 ж «Алма-Ата» турбазасы салынса, 1968 ж Талғар ауданында орналасқан «Алма-тау» турбазасы салынды. Жоғары таулы Медеу мұз айдынының салынуымен қоса, 1975ж «Медеу» және «Алатау» қонақ үйлері іске қосылды.
Уақыт өте келе қазақстандықтар арасынан шетелге бару бір атақ болды, яғни халықаралық туризм пайда бола бастады. Оның нақты даму кезеңі деп 1956 жылды айтуға болады, тек осы жылы ғана 25 шет ел қонағы алғаш келген болатын. Ал 1976 жылдан бастап Казтур кеңесі кезінде шетел туристерін қабылдау мен оларға қызмет көрсету бюросы алдымен Алма-Атада, кейін Жамбыл, Шымкент, Қарағанды мен Целиноград (қазіргі Астана) қалаларында жұмыс істей бастады. Бүкілодақтық АҚ (БАҚ) «Интурист» агенттігі ашылды. Осы арқылы қазақстандықтар басқа елдерге қызықты саясат жасады. Арнайы шетел туристерін қабылдау үшін: Алматыда «Отрар» қонақ үй кешені мен «Қазақ аулы» туркешені салынды.Қонақтарды басты «Тараз»,«Алма-Ата», «Есіл», «Восход», «Жетісу» қонақ үйлері қабылдаған болатын. 80-шы жылдардың ортасында туристерді қабылдау мен жіберу жөнінде басты 3 ірі: «Интурист» БАҚ, «Халықаралық туризм бюросы» (ХТБ), «Спутник» және «Интурбюро» атты ұйымдар айналысқан.
Қазақстанның түрлі облыстарында курорттар мен демалыс аймақтары пайда болды: Көкшетау, Алматы, Шымкент және т.б.