Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dip__1178_ona_1179__1199_y_klientterin_ornalast...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
689.15 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Т.РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Маркетинг және коммерция» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қонақүй клиенттерін орналастыруды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру (“Қазақстан қонақүйі материалдары бойынша) »

Жұмысты орындаған _______________ Рахиянова А.К.

Ғылыми жетекші:

«Маркетинг және коммерция»

кафедрасының оқытушысы, _______________ Игисинова Ш.С.

Қорғауға жіберілді

«Маркетинг және коммерция»

кафедра меңгерушісі,

э.ғ.к.,профессор

_______________

“___” ___________ 2006ж.

1 Бөлім. Қонақ үй шаруашылығының мазмұны:орналастыру құралдары мен нөмірлердің жіктелімі

1.1Қонақ үй қызметтерінің мәні. Қонақ үйлер мен нөмірлер жіктелімі

Қонақ үй бизнесін туристік бизнес, сондай-ақ туризм мен қонақжайлылық индустриясынан бөліп қарастыруға болмайды, керісінше, оның маңызды құраушысы ретінде жүреді.

Соңғы кездері қонақ үй бизнесі әлемде пайдалы бизнестің біріне айналды. Ол өзімен қоса туризмді дамытады. Ал туризм болса, әлеуметтік тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 1/10 бөлігін қамтамасыз етеді. Сондықтан да алдағы кезеңде оның ең маңызды факторына айналмақ.

Қонақ үй бизнесі көңіл көтеру және туризм индустриясының құрамды бөлігі болып табылады. Туризм индустриясында маңызды орынға орналастыру құралдары ие болған. Бүкіләлемдік туристік ұйымның (БТҰ) ұсыныстарына сәйкес барлық орналастыру құралдарын екі категорияға – коллективтік және жеке деп бөліп қарастырады. Олар 1 кестеде көрсетілген.

1 кесте –Туристерді орналастыру құралдарының жіктелімі

Туристерді коллективтік орналастыру құралдары

Қонақ үйлер және қонақ үйге ұқсас орналастыру құралдары

Қонақ үйлер –нөмірлерден тұратын , көрсетілетін қызметтерге және елдің стандарттарына сәйкес класстар мен категорияларға топтастырылған , бірыңғай басшылығы бар және түрлі қонақ үй қызметтерін ұсынатын обьект.

Статистикалық мәліметтер бойынша олар былай ажыратылады:

А} көлемі бойынша:100 нөмірге дейін, 100-ден-300 нөмірге дейін,300-ден жоғары нөмірлер;

Б}қызмет көрсетудің сапасының деңгейі бойынша:люкс класс отельдері, бірінші класстағы отельдер, эконом –класс отельдері;

В} басқарылуы бойынша:тәуелсіз, қонақүй желісіне жататындар.

1.1.2

Қонақ үйге ұқсас мекемелер (туристік жатақханалар, жиһаздалған бөлмелер және басқа мекемелер), олар шектелген қызмет түрлерін ұсынады.

1 кестенің жалғасы

1.2.

Мамандандырылған мекемелер. Орналастырудан басқа қосымша мамандандырылған функцияны атқарады.

1.2.1.

Сауықтыру мекемелері

1.22

Демалыс және еңбек лагерлері

1.2.3

Транспорттың қоғамдық құралдары

1.2.4

Конгресс-орталықтар

1.3

Басқа коллективтік мекемелер

1.3.1

Демалысқа арналған баспаналар

1.3.2

Кемпингтер

2

Туристерді жеке орналастыру құралдары

2.1

Жеке меншік баспаналар

2.2

Жалға алынған бөлмелер

2.3

Жалға алынатын баспаналар

2.4

Туғандарында және таныстарында орналасу

2.5

Тағы басқалар

Нөмір – бір немесе бірнеше орыннан тұратын үй-жай. Оның мөлшері мен

белгіленуі туристік жолдамада көрсітіледі.

Қонақжайлылық индустриясы – қонақтармен қарым- қатынаста қонақжайлылық принциптеріне сүйенетін ықылас пен мейманшылдық таныту сияқты қызмет көрсету түрлерінен тұратын кәсіпкерлік түрі.

Қонақ үй – бұл қызметті өндіру мен ұсынуға байланысты күрделі шаруашылық кешен.

БТҰ анықтамасы бойынша қонақ үй – белгілі-бір нөмір санынан тұратын, бірыңғай басшылығы бар, қызмет жиынтығын ұсынатын және ұсынылатын қызметтердің түріне, сапасына және нөмірлердің жабдықталуына байланысты класстар мен категорияларға топтастырылған коллективтік орналастыру құралы.

Басқару ерекшелігіне байланысты оқшауландырылған және қонақ үй желісіне кіретін қонақ үйлер болуы мүмкін.

Барлық қонақ үйлерде қызметтің төрт негізгі тобы ескерілген:

  • орналастыру;

  • тамақтандыру;

  • бос уақыт;

  • тұрмыстық қызмет көрсету.

Кез- келген қонақ үйдің қажетті жағдайы ретінде екі негізгі -орналастыру және тамақтандыру қызметтерінің болуы қарастырылады.

Орналастыру қызметінің мазмұны мынада:

Біріншіден, пайдалануға арнайы мекемелер (қонақ үй нөмірлері) ұсынылады;

Екіншіден. Ұсынылатын қызметтер қонақ үй персоналымен тікелей байланыста атқарылады.

Орын (койка) – бір адамның пайдалануына арналған жарамды төсек орын ауданы.

Қонақ үй нөмірлері орналастыру қызметінің негізгі элементі болып табылады. Ол қонақтардың демалуына, көңілін көтеруіне, жұмыс істеуіне арналған көп функционалды үй-жай.

Қонақ үй нөиірлерінің ауданы, жиһазы, жабдықталуы, жарықтандыруы бойынша түрлі категорияларға бөлінеді. Қонақ үйдің категориясына тәуелсіз әрбір нөмір келесідей жиһаз бен құрал- жабдықтармен жабдықталуы керек:

  • төсек;

  • бір орынға есептелген кресло немесе орындық;

  • киімге арналған шкаф;

  • жалпы жарықтандыру;

  • қоқыс жәшігі;

  • қонақ үй жайлы ақпарат және өрт жағдайына байланысты эвуакация жоспары.

Қосымша және басқа қызметтерге – бассейн, конференц-залдар, жеңіл көлікті жалға беру, киім тазалау, шаштараз, массаж кабинеті және тағы басқа жатады.Қазіргі кезде қосымша қызметтердің қонақ үй кәсіпорындарының нарықтық тартымдылығын қалыптастыруда маңызы өте зор.

Қонақ үй бизнесін басқаруда қызметтердің негізгі қасиеттерін атап өткен жөн. Олардың негізгі сипаттамалары 2 кестеде көрсетілген.

2 кесте – Қызметтің негізгі сипаттамалары және басқару проблемалары

Қызмет сипаттамалары

Басқару проблемалары

Қызметтің сезілмейтіндігі

Стандарт үлгілерін ұсынудағы қиындықтар:тұтынушы үшін қызметті сатып алу тәуекелдікпен байланысты.

Қызметті тұтынушыға алдын-ала көрсету мүмкіндігінің болмауы. Анықталатын және өлшенетін физикалық сапа стандарттарының санының шектеулігі (нөмір көлемі және тағы басқа)

Тұтынушының қатысуы. Жеткізу және тұтыну үдерістерінің біртұтастығы.

Тұтынушылар қызметті ұсыну үдерісіне қатысады: сапаны басқарудың қиындығы. Қызмет көрсету – қызметті жеткізушілердің айрықша белгісі.

Сапа тұрақсыздығы

Қызметті стандарттау персонал қызметімен анықталатын функционалдық сапа түсінігімен қиындатылады. Қызмет сапасын бақылау проблемасы қызмет көрсету жағдайының әртектілігі

Қызметтің сақталмайтындығы

Қызметті сақтап қоюдың мүмкін еместігі. Маусымдылықпен байланысты проблемалар. Қызметке баға белгілеудегі қиындықтар.

Қонақ үй кәсіпорындарының негізгі функциясы клиенттерді уақытша баспанамен қамтамасыз ету. Қонақ үйдің табысты қызметін қамтамасыз ету үшін оның әрбір қызметкері ұйымның мақсатын жете түсініп, оны іске асыру үшін барлық күшін жұмылдыруы керек.

Қонақ үйлердің жіктелімі – бұл нақты қонақүйдің және нөмірлердің белгілі- бір белгілерге және қызмет көрсету стандарттарына сәйкес келуі. Әрбір елде қабылданған жіктелім стандарттың сапалық параметрі болып табылатын категорилар разрядынан тұрады.

Қонақ үй разряды оның беделіне, клиенттердің қалыптасуына, қонақ үй қызметтерінің құнына әсер етеді.

Қонақүйлердің жіктелімі ұлтаралық және ұлттық деңгейлерде реттеледі, сонымен бірге қонақ үй желісі , ассоциация шеңберінде анықталады.

Қонақ үйлердің бүкіләлемдік бірыңғай жіктелімін енгізуге белгіленген ұлттық дәстүрлер, мемлекеттердің мәдени тарихы, көңіл көтерулері, сапа белгілері кедергілерін тигізуде.

Қазіргі кезде қонақ үй жіктелімінің отыздан аса түрі белгілі, олардың ішіндегі ең көп таралғандары болып мыналар саналады:

Орналасу орнына байланысты қонақ үйлер былай бөлінеді:

- қала орталығындағы қонақ үйлер;

- жол бойындағы, әдетте, аз қабатты және ашық автотұрағымен ерекшеленеді;

- қала төңірегіндегі және аэропорт маңындағы қонақ үйлер;

- қалқымалы отельдер.

Қонақ үй жұмысының ұзақтығына байланысты былай бөлінеді:

  • жыл бойы жұмыс істейтін қонақ үйлер;

  • маусымдық қонақ үйлер.

Қонақ үй тарифтерінің жүйесі бойынша былай бөлінеді:

-тарифке тек қана тұру ақысы кіреді (Room only);

-орналастыру және тек қана таңғы асты ұсынатын континенттік жоспар үлгісіндегі қонақ үйлер. Тарифке кіргізілген таңғы ас үш түрде болуы мүмкін:

-континенттік (құрамына шырын, кофе , шәй, тоқаш кіреді)

-ағылшындық (құрамына шырын, кофе, шәй, тоқаш, жұмыртқа кіреді)

-шведтік (құрамына жеміс- жидектер, бал, шырын, кофе , шәй, джем, ірімшік , тоқаш өзіне- өзі қызмет көрсету бойынша ұсынылады)

-жартылай пансионды қамтамасыз ететін қонақ үйлер (орналастыру+ таңғы ас + түскі ас немесе кешкіас-Half Board);

-толық пансионды қамтамасыз ететін қонақ үйлер (орналастыру+үш немесе төрт рет тамақтандыру-Full Board).

Қонақтардың тұру ұзақтығына байланысты қонақ үйлер былай бөлінеді:

- қонақтардың ұзақ уақыт тұруына арналған;

- қонақтардың қысқа мерзімгі тұруына арналған.

Қонақ үй нөмірлеріне баға деңгейіне байланысты былай жіктеледі:

-бюджеттік;

-экономдық;

-орта;

-бірінші класстағы;

-апартаменттік ;

-фешенебельдік.

Қонақ үй кәсіпорындарын ыңғайлылық деңгейі бойынша жіктеу қонақ үй қызметтерінің сапасын басқаруда қалыптасқан сұрақтарды шешуде үлкен рөлге ие болады. Негізгі белгілері:

-нөмірлік қордың жағдайы :нөмірлердің ауданы (м ^2), бір орынды (бір бөлмелі), көп бөлмелі, апартамент нөмірлерінің үлесі, коммуналдық ыңғайлылықтың болуы және тағы басқа;

-жиһаздың ,инвентарьдың, санитарлық-гигиеналық заттардың жай-күйі ;

-тамақтандыру кәсіпорындарының (кафе, бар, мейрамхана) болуы және ұқыптылық жағдайы;

-ғимараттың ұқыптылығы және қонақ үйге іргелес территориялардың жай-күйі;

-ақпаратпен қамтамасыз етілуі және техникалық жабдықтандыру , соның ішінде телефон , спутниктік байланыстың , теоледидардың, тоңазытқыштың, мини- бардың бар болуы;

- қосымша қызмет қатарын көрсете алу мүмкіндігі.

Нөмірлік қордың сиымдылығы бойынша қонақ үйлер былай жіктеледі:

-кішігірім-100-ден 150-ге дейін нөмірі бар;

- орташа -100-ден 300-400-ге дейін нөмірі бар ;

- ірі- 300-ден 600-1000-ға дейін нөмірі бар;

- гиганттар-1000-нан аса нөмірі бар.

Функционалдық тағайындалуы бойынша қонақ үйлер былай бөлінеді:

Транзиттік қонақүйлер өткінші аялдаған туристерге қызмет көрсетуге арналған.

Мақсатты қонақ үйлер былай бөлінеді:

1.Іскерлік тағайымдағы қонақ үйлеріскерлік жұмыс мақсатында келген қонақтарға қызмет көрсетеді.

2.Демалысқа арналған қонақ үйлер (туристік, курорттық).

Іскерлік қонақ үйлерге қойылатын талаптар:

  1. Орналасуы жағынан әкімшілік , қоғамдық қала орталықтарына жақын болуы керек. Демалысқа және спорттық қызметке арналған жасылдандырылған территориясының болуы міндетті емес;

  2. Нөмірлік қорда бір орынды нөмірлердің басым болуы;

  3. Міндетті түрде нөмірде жұмыс аймағын ұйымдастыру;

  4. Нөмірлік қорда апартамент нөмірлерінің болуы;

  5. Нөмірлерді жинақталған жұмыс жағдайын қамтамасыз ету мақсатында сыртқы ортадан максималды түрде оқшаулау;

  6. Семинарлар, келіссөздер, кеңес өткізуге арналған үй-жайлары болуы керек;

  7. Бизнес-орталық;

  8. Қаржылық қамтамасыз ету мақсаты.

Демалысқа арналған қонақ үйлерге қойылатын талаптар:

  1. Жасылдандырылған массив маңайында орналасуы керек, максималды түрде қала орталықтарынан қашық болуы керек;

  2. Демалыс және спортпен айналысу үшін жабдықталған және міндетті түрде жасылдандырылған территориясы болуы керек;

  3. Нөмірлік қорда екі орынды нөмірлердің басым болуы;

  4. Балалар алаңының , ойын-сауық орталықтарының болуы.

Курорттық қонақ үйлердің концепциясы демалысқа және денсаулығын

қалпына келтіруші адамдарға орналастыру , тамақтандыру және қосымша қызмет қатарын ұсыну болып табылоды. Олардың емдік- медициналық, сауықтыру бағытындағы үй-жайы болуы керек, сонымен бірге диеталық тамақтандыруды да қарастыруы керек.

Туристік қонақ үйлердің тұжырымдамасының мәні мынада:

  • туристік маршруттарда орналасадыжәне осы маршруттардан клиенттерді қарсы алады;

  • туристік қонақ үйлердегі қызмет жиынтығы маршрут бағдарламасына сәйкес құрастырылады және алдын-ала ваучермен немесе жолдамада анықталады;

  • туристік қонақ үйлер штаттарының құрамында экскурсоводтары, топ басқарушылары ,спорт инструкторларының қызметі болуы керек.

Қонақ үй нөмірлерінің жіктелімі:

-орын саны бойынша ;

-бөлмелердің саны бойынша;

-тағайымдалуы бойынша .

Орын саны бойынша нөмірлерді бір бөлмелі, екі бөлмелі,үш бөлмелі және тағы басқа деп бөледі.

Бөлмелердің саны бойынша бір бөлмелі, екі бөлмелі, үш бөлмелі және тағы басқа деп бөлінеді.

Тағайымдалуы бойынша бизнес – класстағы нөмірлер, эконом класстағы нөмірлер , апартамент және тағы басқа болып бөлінеді.

Бизнес-класс нөмірлері іскерлік сапар мақсатында келуші тұлғаларды орналастыруға арналған. Нөмірдің стандарттық жағдайымен бірге жұмыс істеуге қажетті шарттар қарастырылуы керек.

Эконом класс нөмірлері кез-келген контингенттегі клиенттерді орналастыруға арналған. Олар орналастырудың арзандығымен және құрал –жабдықтардың қарапайымдығымен ерекшеленеді.

Апартамент нөмірлері – екі-үш, төрт бөлмелі нөмірлер, әдетте, жанұялардың ұзақ мерзімге орналасуына арналған. Апартамент нөмірлерінің бөлмелерінің құрамында міндетті түрде тұрмыс техникасымен жабдықталған ас үйі болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]