Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жига отчет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
235.94 Кб
Скачать

1.Төрт таңбалы сандарды рет-ретімен экранға шығаратын программа құр.

2. 1,3,5,7,9,11,13,15........Ретімен бастапқы 55 санды шығаратын программа жаз.

Java-дағы массив. Көп өлшемді массивтер

Массивтерді анықтау жолдары

Түр[] аты;

Түр аты[];

Аты = new түр [саны];

Түр аты [] = new түр [саны];

Массивтермен жұмыс

Массив дегеніміз – сандар немесе белгілер қатары және олардың басқа айнымалылар секілді өз аты мен мәндері болады. Бірақ одан да басқа олардың индекстері болады. PHP-де массив былайша өрнектеледі: $массив_аты[индекс]. Мысалы:

Бұл мысалдың нәтижесінде а массиві құрылып, оның 0,1 және 2 ұяшықтарына 1, 12244 және example мәндері тағайындалады. Енді echo a[2] командасын берсек онда экранға example сөзі шығады.

Біз қарастырған массив бірөлшемді, одан басқа көп өлшемді массивтерде бар. Мысалы: деканат[кафедра информатика] [кафедра автоматика];

Массив ұяшықтарымен кез-келген операциялар жасауға болады: арифметикалық, логикалық амалдар қолдану, салыстыру операциялары, арттыру, азайту және т.б.

PHP-дің басқа бағдарламалау тілдерінен ерекшелігі мұнда бүтіндей файлды массив ретінде алуға болады және бұл мүмкіншілік көптеген қызықты амалдар қолдануға жол ашады. Бұл команданың нәтижесінде $a массивінде файл мазмұны болады.

Әр массивтің ағымдық элементі анықтайтын ішкі көрсеткіштері болады. Массивпен жұмыс басының кезінде ішкі массив көрсеткіші бірінші элементте орналасады. end(), next(), prev(), және reset() функциялары массивтің ішкі көрсеткішінің орнын ауыстырады.

end() функциясы массив ішкі көрсеткішін соңғы элементке орнатады. next() функциясы массив ішкі көрсеткішін бір элемент алға жылжытады. prev() функциясы массив ішкі көрсеткішін бір элемент артқа жылжытады. reset() функциясы массив ішкі көрсеткішін бірінші элементке орнатады. current() функциясы массив ішкі көрсеткіші тұрған массив элементін шығарады. sort() функциясы массивті өсу реті бойынша сұрыптайды. rsort() функциясы массивті кему реті бойынша сұрыптайды. Мұнан басқа PHP-де массивтермен жұмыс істеу үшін көптеген арнайы функция түрлері бар.

Массивтерді сұрыптау

Алгоритмдерді әдетте сандық (есептеу) және сандық емес (есептеусіз) деп бөледі. Сандық алгоритмдер сандармен математикалық есептеулер жүргізуге арналған, ал сандық емес алгоритмдер әртүрлі құрылымданған мәліметтермен жұмыс істейді. Ең маңызды есептеусіз алгоритмдердің бірі болып сұрыптау және іздеу табылады. Объектілердің берілген тізбегін қандай да бір анықталған ретпен қайта топтастыратын үрдісті сұрыптау деп атайды. Сұрыптаудың мақсаты – сұрыпталған тізбекте қажетті элементтерді іздестіруді жеңілдету. Сұрыптау алгоритмдері мәліметтер құрылымын таңдауға тәуелді, сондықтан сұрыптау әдістерін екі түрге бөледі: ішкі сұрыптау алгоритмдері(массивтерді сұрыптау) және сыртқы сұрыптау алгоритмдері(файлдарды сұрыптау). Сандық емес алгоритмдер үшін жазбалар массивтерін сұрыптау тән. Кілттік өріс – сызықтық тәртіптегі қатынаспен анықталатындай мәлімет типімен берілген өріс. Егер бірдей кілтті элементтердің салыстырмалы реті сұрыптауда өзгермесе, онда сұрыптау әдісі орнықты деп аталады. Ішкі сұрыптаулар алгоритмдері – бұл ішкі жадтағы мәліметтерді сұрыптау алгоритмдері, бұл жағдайда қолайлы құрылым – массив. Массивтерді сұрыптау алгоритмдеріне қойылатын басты талап – жадтың экономды пайдаланылуы. Элементтерді in situ (яғни элементтерді қайта топтастыруды жадтың сол жерінде жүргізеді) сұрыптайтын қарапайым сұрыптау алгоритмдері бар: кірулермен сұрыптау, таңдаумен сұрыптау, алмасумен сұрыптау («көбікше» әдісі). Сұрыптаудың жетілдірілген қарапайым әдістері: кемімелі өсімшелі кіру бойынша сұрыптау (Шелл сұрыптауы), ағаш көмегімен сұрыптау (пирамидалық сұрыптау), бөліктеу арқылы сұрыптау (жылдам сұрыптау). Кірулермен сұрыптау – элементтер шартты түрде дайын тізбекке a1,…, ai-1 және кіретін тізбекке ai,…, an бөлінеді, содан кейін әрбір қадамда, i=2 бастап және i-ді бірлікке арттыра отырып, кіретін тізбектің i-ші элементін алып дайын тізбектің тиісті орнына кіргізе береді. Таңдаумен сұрыптау – ең кіші кілтті элемент таңдалады, содан кейін ол бірінші a1 элементімен орын ауыстырылады. Алмасумен сұрыптау – барлық элементтер қажетінше сұрыпталғанша көрші элементтер өзара салыстырылып және орын ауыстырылады.Қарапайым таңдаумен сұрыптау әдісі қарапайым әдістердің ішіндегі ең жақсысы, алмасумен сұрыптау – ең жаманы, ал жылдам сұрыптау ең тезі және ең жақсысы болып табылады.

Көп өлшемді массивтер

Программалауда бір типке жататын бірнеше элементтерден тұратын обьектілерді де пайдалануға болады. Массив осындай бір типке жата- тын элементтерден құралатын құрылымдық тип болып табылады, мысалы, бірыңғай int типті сандардан тұратын бүтін сандар массиві немесе бірыңғай char типті символдардан тұратын символдық массив деген сияқты. Массивке тән негізгі үш қасиет мыналар:

– элементтері бір типке жатады;

– элементтері реттелген, яғни нөмiрленген;

– массивтің элементі екі нәрсемен анықталады индексі (реттік нөмiрі) және мәні. Массивтерді өлшеміне қарай, егер ол бір ғана жолдан ( немесе бағаннан) тұрса бір өлшемді массив, ал жолдар мен бағандардан тұрса екі өлшемді массив (матрица) деп те атай береді. Программада массивтердің өл- шем дері тұрақтылар түрінде алдын ала жарияланса (немесе a[10] деген сияқты көрсетіліп берілсе) онда оларды өлшемдері өзгермейтін статикалық массивтер деп қарастырады. Ал, егер, массивтің өлшемін алдын ала білу мүмкін болмайтын жағдайларда, динамикалық массивтер деп аталатын, өлшемдері программаның орындалуы кезінде ғана анықталатын массивтер қолданылады.

Бір өлшемді массивтер, массивтердің ең қарапайым түрі болып есптеледі, программадағы сипатталуы:

тип массивтің_аты [ұзындығы];

мұндағы, тип-кез келген типтердің бірі, массивтің_аты-дұрыс идентификатор, ұзындығы- массивтегі элементтер саны. Бір өлшемді массивтер массивтердің элементтері бір ғана индекспен анықталады және элементтерді номерлеу 0-ден басталады, мысалы, int а[100]; массивтің алғашқы элементін шақыру а[0], ал соңғы элементін пайдалану а[99] түрінде болады.Массив элементтерін енгізу.

Негізінде java тілінде көп өлшемді массив жок, бірақ массивтың массивы бар. Ол кішкене өзгешелігі болмаса, көп өлшемді массивтерге ұксас.

Мысалы: