Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4_kurs_ba_1171_darlama_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254.98 Кб
Скачать

7. Кәсіптік тәжірибе туралы жеке тапсырмалардың тізімі

Студент тәжірибе кезеңі аяқталғаннан кейін конференцияға келесі құжаттарды дайындайды және тапсырады:

  • тәжірибе күнделігі;

  • тәжірибе туралы есеп;

  • тәжірибе жетекшісінен пікір және практиканттың жұмысына мінездеме және балдық-рейтингтік жүйемен баға қойылады.

Тәжірибе өту кезеңінде студент күнделікті жүргізіп отыруы қажет, күнделікте күнде жасалған барлық жұмыстар, кәсіптік іс-әрекеттер, қызметтің мазмұны, тәжірибе барысындағы проблемалар және оны шешу жолдары қарастырылуы керек. Сонымен қатар күнделікте тәжірибенің жеке жоспарына сәйкес тәжірибенің жүру барысы уақытпен жазылуы, студенттің жоспарды орындағаны немесе орындамағаны туралы өндірістен бекітілген жетекшінің қолы қойылуы керек.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін жеке жоспарға сәйкес өндірістік тәжірибенің есебі жазылуы тиіс.

8. Студенттің есеп беру құжаты

Диплом алдындағы тәжірибе бойынша есеп беру бағдарламада көрсетілген сұрақтарға және кәсіпорын, фирма, ұйымдар, және басқа объектілердің қызметіне нақтылы талдау жасалынып, олардың жұмыстарында экономикалық, туристік элементтер мен функцияларды қолдану керек. Есеп беруде студент зерттелініп отырған объектінінің қаржы-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасай білуі, берілген ұйымның жұмысын бағалай білуі, теориялық білімдерін нақты тәжірибелік міндеттерді шешуде қолдана білуі қамтылуы тиіс.

Есеп беруде экономикалық қызметтің барлық түрлеріне талдау жүргізілуі, басқаруды ұйымдастыру және экономикалық қызметтің құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар нақты шаралар түрінде көрсетілуі тиіс. Есеп беру заңнамалық, нормативтік және нұсқаулық материалдар, жарғы және кәсіпорынның іс-әрекетін ұйымдастыру және қызмет етуі бойынша әдістемелік әзірлемелер, кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық қызметінің жылдық есеп беру құжаттары негізінде дайындалады.

Есеп беру көлемі барлық қосымшалар мен бірге «Times New Roman», кегль 14 шрифт және 25 беттен 40 бетке дейін болуы тиіс. Есеп беру стандартты парақтарда түсінікті жазумен, жазу барысында жиектерді сақтау арқылы орындалады. Жиектер: сол жағы – 30 мм, үсті – 20 мм, оң жағы – 10 мм, асты – 25 мм.

Есеп берудің әрбір бөлімі жаңа беттен жазылып, кестелерінің атаулары, қажеттілігіне қарай суреттер, схемалар, графиктер мен қосымшалар болуы керек.

Есеп беру титулдік беттен басталады және папкіге тігіледі. Есеп беруге парактика күнделігі бірігіп тігіледі:

Есеп беру құрылымы:

- Титулды бет

- Мазмұны ( бетерді көрсету арқылы)

- Кіріспе

- Негізгі бөлім (практика базасы туралы жалпы мағлұмат)

- Қорытынды (орындалған жұмыс туралы қысқаша қорытынды және тәжірибеде өтудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар).

- Әдебиеттер тізімі.

- Қосымшалар (кестелер, графиктер, схемалар және т.б.).

Тәжірибе нәтижесі бойынша кәсіпорын тарапынан тағайындалған жетекші студентке мінездеме, тәжірибе бағдарламасын орындауы бойынша пікір береді. Содан кейін есеп беру кафедраға тапсырылады. Есеп беруге төмендегілер тіркеледі:

- күнделік, тәжірибенің күнтізбелік жоспары;

- диплом алдындағы тәжірибедегі студеттің жұмысына кәсіпорын тарапынан бөлінген жетекшінің бағалап пікір беруі;

- кафедра тарапынан бөлінген жетекшінің қорғауға жіберу рұқсаты мен пікірі.

Егер есеп беруде бағдарлама сұрақтары толығымен ашылмаса, есеп беру студентке толықтыру үшін қайтарылады.

Есеп беруді қорғау кафедра меңгерушісінің бекіткен комиссия алдында жүзеге асырылады.

Есеп беруді қорғау кафедра меңгерушісінің бекіткен коммиссия алдында жүзеге асырылады.

Есепте кестелер, графиктер, схемалар және т.б. қолданылады және олар (Қосымша А,Б,В,Г) болып рәсімделеді.

Титулды бет – бұл ең бірінші бет болып және арнайы қабылданған ереже бойынша жасалады. (Қосымша А).

Практика нәтижесі бойынша кәсіпорын тарапынан тағайындалған жетекші студентке мінездеме, практика бағдарламасын орындауы бойынша пікір береді. Содан кейін есеп беру кафедраға тапсырылады. Есеп беруге төмендегілер тіркеледі:

- күнделік, практиканың күнтізбелік жоспары ;

- диплом алдындағы тәжірибедегі студеттің жұмысына кәсіпорын тарапынан бөлінген жетекшінің берген пікірі;

- кафедра тарапынан бөлінген жетекшінің қорғауға жіберу рұқсаты мен пікірі.

Кіріспе, бөлімдер, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, әр бір қосымша барлығы жаңа беттен басталуы керек. Есептің беттерін арабша сандармен нөмірленеді. Нөмірлер беттің астыңғы жағының ортасында орналасуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]