
- •Астана 2013 ж.
- •«Туризм» кафедрасының меңгерушісі,
- •Мазмұны
- •Жалпы жағдайы
- •1.1 Оқу үрдісінде кәсіптік тәжірибенің өтетін орнын анықтау
- •1.2 Кәсіптік тәжірибенің мақсаты
- •1.3 Кәсіптік тәжірибенің міндеті
- •Кәсіптік тәжірибені өту тәртібі, ұйымдастыру және басқару
- •3. Тәжірибе базасы
- •4. Тәжірибе жетекшілерінің міндеті (факультеттен, кәсіпорыннан)
- •4.1 Кафедра атынан тәжірибе жетекшісі міндетті:
- •4.2 Кәсіпорын атынан жетекші міндетті:
- •5. Кәсіптік тәжірибені өту барысында студенттің құқығы мен міндеті
- •6. Кәсіптік тәжірибенің мазмұны
- •Бөлім 2. Ұйымдағы қызметпен танысу
- •2.1 Кәсіпорынның даму жоспарын қарастыру (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді).
- •2.2 Кәсіпорынның салық төлеу жүйесімен танысу және оны сипаттау. Кәсіпорынның қаржылық және экономикалық қызметімен танысу және сипаттау (салыстырмалы таңдау негізінде).
- •2.3 Кәсіпорынның маркетингтік іс-әрекетін қарастыру (баға қалыптастыру жүйесі, жарнамалық іс-әрекет, бәсекеқабілеттілік саясаты)
- •2.4 Туризмдегі бухгалтерлік есеп
- •2.5 Туризмнің кәсіпкерлік қызметінің негіздері
- •7. Кәсіптік тәжірибе туралы жеке тапсырмалардың тізімі
- •8. Студенттің есеп беру құжаты
- •9. Кәсіптік тәжірибе нәтижесін рәсімдеу, студенттің жұмысын бағалау
- •10.Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •5В090200 «Туризм» мамандығы
3. Тәжірибе базасы
5В090200-«Туризм» мамандығы бойынша оқу тәжірибесі туризм, туризм менеджері, қызмет көрсету саласындағы жұмыс аумағындағы квалификацияланған мамандарды дайындауың бір сатысы болып табылады. Ол кәсіпорындарда, өндіріс, агенттіктерде, кеңес беру орындарында, қызмет көрсету орындарында, сауда, транспорт ұйымдарында, турфирмаларда және өзге ұйымдарда жүргізіледі.
Оқу тәжірибе базасы болып білім алып отырған мамандық саласына сай кәсіпорын болып табылады.
Кәсіпорындарда қызмет бағыттары бойынша тәжірибе базасы ретінде бірнеше түрлі нұсқалары болуы мүмкін:
Экономика секторы саласындағы түрлі кәсіпорындар (түрлі қызмет көрсетуші және т.б);
Өндіруші кәсіпорын;
Коммерциялық кәсіпорындар.
Кәсіпорынның нақты түрі – тәжірибе базасы әрбір студент үшін университет бұйрығымен жеке бекітіледі
Тәжірибе базының тізімі:
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ТОО «Алуана-АМ»
ТОО «Аиша-2007»ТОО «Буюк Ипак Иули»
ФТОО «Альпин Сервис» в г.Астана
ТОО «Казклимат»
ТОО «Орда-Тур»
ТОО «Фирма Саят»
ТОО «АйМак-Инвест Групп»
ТОО «Отель Дипломат и Бизнес Центр»
ТОО «РЫСТЫ»
ФАО «Файн Отель Туризм Ишлетмеджилик»
ТОО «ARKA Food»
ТОО «Astana-Rest»
ТОО «ARKA ST»
Учреждение «Эколого-просветительский центр «Табиғат Әлемі»
ГККП этно-мемориальный комплекс «Карта Казахстана «Атамекен»
АО «Акмолатурист»
ГУ «Станция Юных Туристов г. Астана»
ТОО МТК «Астана Тревел»
4. Тәжірибе жетекшілерінің міндеті (факультеттен, кәсіпорыннан)
4.1 Кафедра атынан тәжірибе жетекшісі міндетті:
Кафедрада диплом алдындағы практиканың арнайы жетекшілері бекітіледі. Жетекшілер докторлар, кандидат доценттермен пән бойынша мамандандырылған оқытушылар бекітіледі. Жетекшілердің келесідей міндеттері бар:
- алдын ала тәжірибеден өту объектісімен танысу;
- нақты бір кәсіпорынның ерекшеліктеріне сәйкес диплом алдындағы тәжірибеден өтудің күнтізбелік жоспарын құрастыру бойынша студентке әдістемелік көмек көрсету;
- студенттерді тәжірибеге жіберу алдында барлық ұйымдастырушылық шараларды өткізуді қамтамассыз ету (тәжірибенің өту тәртібі, қауіпсіздік техника ережелері бойынша нұсқау беру және т.б.)
- студенттердің жұмыс орнында ішкі тәртіп ережелерін сақтауын қадағалау:
- студенттердің материалдарды қабылдау дәрежесін жүйелі түрде бақылау;
- студентке тәжірибеден өту процессінде кездесетін оқу әдістемелік және ұйымдастырушылық сипаттағы сұрақтар бойынша кеңес беру;
- кафедраға тәжірибе туралы есеп беруді берілген уақытта әзірлеп және ұсыну бойынша шаралар қолдану;
4.2 Кәсіпорын атынан жетекші міндетті:
Кәсіпорындарда диплом алдындағы практиканың арнайы жетекшілері бекітіледі. Жетекшілер мамандандырылған бөлем басшылары мен меңгерушілер бекітіледі. Кәсіпорын тарапынан жетекшілердің келесідей міндеттері бар:
- студенттерге тәжірибеден өту барысында туындайтын барлық сұрақтар бойынша кеңес беру;
- жұмыс орындарында студенттің жұмысын ұйымдастыру және білікті мамандандырылған жетекшілермен қамтамасыз ету;
- кәсіпорынның (фирманың) қызметі туралы талдамалық материалдарды жинау бойынша тәжірибелік көмек көрсету;
- студенттің тәжірибе туралы есеп беруімен танысу және студентке оның теориялық және тәжірибе бойынша дайындығын объективті бағалай отырып, қысқаша жазбаша түрде пікір – мінездеме беру;
Студенттерге дипломдық жұмыстарының экономикалық бөлімін жазуға көмек ретінде келесідей мәліметтер беруге көмектесу керек:
Жалпы табыс және оның пайда болу көздерінің мәнін. Жалпы табысқа әсер етуші факторларды. Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерін талдауға.
Кәсіпорын қызметіндегі пайданың экономикалық сипаттамасын және оның қалыптасу қағидаларын. Кәсіпорын пайдасының қалыптасу схемасы. Пайдаға әсер ететін факторлар.
Кәсіпорын табыстылығын талдау. Кәсіпкерлік қызметтегі жылдық жиынтық табысты анықтау тәртібі.
Коммерциялық қызметтегі еңбек қатынастары және оны реттеу. Коммерциялық
кәсіпорындағы еңбектің ерекшеліктері. Коммерциялық кәсіпорындағы жұмысшылар саны мен құрамы көрсеткіштері. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі мен тиімділігі. Коммерциялық кәсіпорындардағы еңбекақы шығындар сомасын қалыптастыру. Нарық жағдайында жұмысшы еңбегін ынталандыру және кәсіпкерлік еркіндігі.
Кәсіпорынның қаржысы мен қаржы ресурстары. Кәсіпорынның капитал құрылымы
және оның қалыптасу көзі. Кәсіпорын қоры мен қаражаттары, олардың жіктелуі мен сипатамасы. Коммерциялық кәсіпорынның инвестициялық қызметі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Барлық активтердің рентабельділігі, өтімділігі, қаржылық тұрақтылығы, төлем қабілеттілік коэффиценті. Кәсіпорынды несиелендіру жағдайын қарастыру.