Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4_kurs_ba_1171_darlama_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254.98 Кб
Скачать
  1. Кәсіптік тәжірибені өту тәртібі, ұйымдастыру және басқару

  1. Студенттер 4-курстың 8 семестрінде, 5 апта диплом алдындағы практикадан өтеді. 27 қаңтардан 1 наурызға дейін. Диплом алдындағы практика оқу бағдарламасының теориялық және практикалық білім алуының негізгі және қорытынды бөлігі болып табылады.

Тәжірибеге жауапты тәжірибе бағдарламасының негізінде кафедрада факультет деканымен бекітілген тәжірибе жоспары (Ф ЕНУ 705-02-12) және өткізу графигі (Ф ЕНУ 705-03-12) құрастырылады.

Тәжірибе өту бойынша, оқу орындарының біріккен қызметінің келісім-шарттары (ақылы, ақысыз) тәжірибені ынтымақтастық ұйымдастыру (екіжақты), үшжақты келісім-шарт (бір студентке, бірнеше студентке) Ф ЕНУ 705-04-12 кафедраның тәжірибені өту бойынша графигі жасалады және келісім-шарт негізде тәжірибе ұйымдастырылады.

Бекітілген келісім-шарттар негізінде факультетке жауапты тұлға тәжірибе басталуына үш аптаға дейін кафедра меңгерушісі мен деканмен келісілген ұсыныс әзірлейді.

Кафедра факультет деканымен бекітілген тәжірибе базасының тізімін (Ф ЕНУ 705-05-12) құрастырады. Университетте барлық тәжірибенің түрлері үшін оқу жылына проректормен бекітілген (Ф ЕНУ 705-06-12) мансап және бизнес әріптестік бөлімі келісім-шарт тізіміндерін құрастырады.

Білім алушылардың тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу үшін Оқу ісі жөніндегі проректордың бұйрығы бойынша мамандықтың ерекшелігі мен тәжірибелер базаларының қызметін білетін Университеттен профессорлар мен тәжірибелі оқытушылардан жетекшілер тағайындалады.

Білім алушылардың тәжірибені өту кезінде келісім бойынша кәсіпорын базаларында тәжірибе жетекшісі тағайындалады.

Университеттің тәжірибе жетекшісі ірі кәсіпорындар мен бөлімшелермен бірнеше мамандыққа арналған кешенді келісімдер жасайды, тәжірибені ұйымдастыру бойынша факультеттің жауаптыларының жұмысына бақылау жүргізеді, Университеттің барлық тәжірибелердің түрлеріне жалпы тәжірибені өту бойынша график (Ф ЕНУ 705—07-12) құрады.

Тәжірибені өту ұзақтығы Университеттің оқу- өндірістік базасының мүмкіндіктері мен білім алушылардың теориялық дайындықтарының деңгейін ескере отырып, Университеттің оқу жоспары және академиялық күнтізбесімен анықталады.

Өндірістік тәжірибеге сәйкес кредит саны ҚР МЖББС мен мамандықтың ТОЖ (типтік оқу жоспары) сай анықталады. Білім алушылар оқу-өндірістік тәжірибеге тіркеледі және өзінің жеке жұмыс жоспарына қосады.

Тәжірибенің есебін қорғау қорытынды конференция графигіне сәйкес жүргізіледі. Оқу- өндірістік тәжірибе бойынша есептерді қорғау ережеге сәйкес, тәжірибені аяқтаған соң бір апта көлемінде жүргізіледі, қорытынды баға электронды ведомостьқа қойылады және Офис-тіркеушіге қорғау болғаннан кейін 48 сағат ішінде тапсырылуы керек. Жаздық тәжірибе бойынша есеп қорғаулары (оқу-өндірістік) күздік семестрдің бірінші айынының ішінде жүргізіледі, және қортынды баға электронды ведомостьқа қойылып және Офис-тіркеушіге 1 қазанға дейін тапсырылады.

Білім алушының тәжірибе жұмыс бойынша жұмыс өтілінің болуы, тәжірибе профиліне байланысты немесе жұмыс пен оқуды қатар алып жүргенде, кафедрамен келісіп осы жұмыс білім алушының тәжірибесі ретінде қабылдануы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]