Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4_kurs_ba_1171_darlama_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254.98 Кб
Скачать

1.1 Оқу үрдісінде кәсіптік тәжірибенің өтетін орнын анықтау

Өндірістік тәжірибе басталуға үш күн қалғанда тәжірибе жетекшілердің міндетті түрде қатысуымен студенттердің жиналысы өткізіледі.

Жиналыста студенттерге оқу жоспарында анықталған тәжірибенің міндеті туралы кәсіпорындағы жұмыстың мазмұны мен тәжірибеден өту мерзімі туралы айту керек.

Оқу үрдісінде студенттердің өндірістік (диплом алды) тәжірибенің орнын анықтау:

- туристік кәсіпорындарымен байланысты мемлекеттік басқару ұйымдары (министрлік, әкімшілік, олардың аймақтық бөлімдері және тармақтары);

- туристік саладағы консалтинтік компаниялары;

- туристік кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері;

- туризмнің әр түрлі инфрақұрылымдарының салалары;

- ішкі және сыртқы нарыққа туристік қызметті ұсынудағы жарнамалық агенттіктері.

1.2 Кәсіптік тәжірибенің мақсаты

Студенттердің өндірістік және диплом алдындағы практикасы жоғары білімді маман даярлаудың маңызды бөлімі болып табылады. Ол 5В090200 “Туризм” мамандығының типтік оқу жоспары, ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. Бакалавриат. Негізгі ережелер ҚР МЖМБС 5.04.019 – 2011, ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. Кәсіптік практика. Негізгі ережелер бойынша ұйымдастырылады. Кәсіби тәжірибе жоғары білім берудің кәсіби оқыту бағдарламасының міндетті бөлшегі болып табылады.

Диплом алдындағы тәжірибенің мақсаттарына жататындар:

- білім алып отырған мамандық қызметі бойынша кәсіптік тәжірибе жинақтауға және жаңа тәжірибелік дағдылануды қорытындылау болып табылады;

- білім алу барысында студенттердің алған теориялық білімдерін тереңдету, бекіту, жүйелеу;

- кәсіпорынның жұмысының нәтижелеріне объективті баға беру және кәсіпорынның дамуы, оның экономикалық өсуі, табыстың артуы бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін экономикалық қызметінде тәжірибелік дағдыларға ие болу;

- дипломдық жұмысты жазу үшін мәліметтер жинау.

Диплом алдындағы тәжірибенің объектісі түрлі қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорын және әр түрлі меншік формаларындағы мекемелер (жеке, мемлекеттік), ұйымдық құқықтық формалар (патент немесе куәлік негізінде қызмет ететін жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғамдар және т.б.) болып табылады. Олардың көрсететін қызметтерінің түрлеріне жататындар: турагенттер, туроператорлар, менеджерлер, виза турпакеттер даярлау сынды тұтынушылармен қызметтер.

1.3 Кәсіптік тәжірибенің міндеті

Диплом алдындағы тәжірибенің негізгі оқу әдістемелік міндеттері болып табылатындар:

- кәсіпорының құрылтайшылық құжаттарымен, басқару құрылымымен, негізгі технологиялық процесстерімен және экономикалық негізімен танысу;

- зерттелініп отырған кәсіпорынның нарықтағы орны мен рөлін анықтау;

- зерттеу объектісінің берілген кезеңдегі қызметіне экономикалық талдау жүргізу, негізгі экономикалық көрсеткіштердің өзгеру динамикасын, олардың болашақтағы бағыттарын анықтау;

- кәсіпорынның экономикалық қызметінің бағыттарын зерттеу, тәжірибе объектісінде менеджмент элементтерін, қызметтерін және қағидаларын жүзеге асыру;

- туристік қызметтердің құрылымын, мақсаттарын, функцияларын зерттеу;

- турфирмалардың қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және басқару тәртібімен танысу;

- талдау нәтижелерін қорытындылау және кәсіпорын қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]