Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
программирование.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453.16 Кб
Скачать
  1. Форма (Form) қызметі, қолданылу принципі, формамен байланысты қасиеті және оқиға

Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі.

Форма құрастырушысының немесе форманың терезесі - болашақ программаның Wіndows терезесінің жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады, дәлірек айтсақ, Wіndows-тің стандартты интерфейстік элементтерінен: жүйелі менюді шақыру, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршаған шегінен тұрады. Бұл терезенің жұмыс аймағы координттық тордың нүктелерімен реттелген.

Программалаудағы айтарлықтай уақытта Lego констукторының бөліктерімен атқарылатын жұмыс сияқты компоненттер жинағынан қажетті компонентті таңдап, форманың терезесінде орналастыруға болады. Сөйтіп, форма терезесінде қажетті компоненттер бірінен соң бірі орналастырылады.

Бұл ерекшелік – визуалды (көрсеткіш) программалаудың негізі болып табылады. Программалаушы әр мезгілде құрылатын программаның терезесін бақылап отырып, қажетті өзгерістерді кез-келген мезетте енгізу мүмкіндігіне ие болады.

Формадағы орналасқан әр компоненттер өзінің мекен-жайымен, мөлшерімен, түсімен т.с.с. анықталады. Форманы құрастыру Fіle => New => Form опциялары арқылы орындалады. Шығып тұрған бос формаға бір компонентті, мысалы Standard парағының Button батырмасын орналастыру үшін компоненттер жинағындағы Standard белгісін сырт еткізіп, парақты екпінді күйге келтіру керек.

Button батырмасының кескінін ажырату үшін тышқанды баспай тұрып парақта орналасқан белгілердің үстінен жылжытып көрген сәтте компоненттердің аты шығып тұрады.

қажетті компонентті сырт еткізіп белгілеп, тышқанды форма аймағының кез-келген жеріне сырт еткізсек, форманың бетінде Button1 элементі пайда болады.

Компоненттің формадағы орнын, мөлшерін форма терезесінде бірден өзгертуге болады, ол үшін компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен белгілеу керек (кішігірім төртбұрыштылар пайда болады). Енді белгіленген компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен басып тұрып, форма аймағының кез-келген жеріне жылжытуға болады. Мөлшерін өзгерту үшін тышқанды элементті қоршап тұрған кез-келген төртбұрышқа орналастырсаңыз, пайда болған қос бағытты тік сызықты тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып жылжытуға болады. Компонент жою үшін оны белгілеп, Delete пернесін басса жеткілікті.

  1. Цикл операторы. Параметрлі цикл. Delphi ортасындағы цикл операторы