Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
программирование.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453.16 Кб
Скачать
  1. Объектілі – бағытталған бағдарламалау негіздері және оның негізгі принциптері

Объекті- бағдарлы тәсілдердің негіздері.

Объектіге - бағдарлы (ОББ) тәсілдерінің негізінде берілгендерді және оларға орындалатын іс - әрекеттердің жиынын бір құрылымға біріктіру ойы жатыр. Берілгендерді өрістері, орындалатын әрекеттерді іске асыратын ішкі программаларды әдістері деп атайды.

Object Pascal құрамына өрістерді, әдістерді және қасиеттерді біріктіретін арнайы түр - класс ендірілген. Класс құрамына берілгендер мен берілгендерге орындалатын әрекеттер жиыны кіреді.

ОББ тәсілдері инкапсуляция, иемдену және полиморфизм ұғымдарына негізделген.

Инкапсуляция, дегеніміз - берілгендерді оларды басқаратын процедура және функциялармен қатар қолдану. Осындай қатарластырудың нәтижесінде берілгендердің жаңа түрі - объект пайда болады.

Иемдену - алдын ала анықталған объектілерді пайдалану арқылы олардың туындыларын құрастыру мүмкіндігі. Кез келген класс алғы буын класының туындысы ретінде анықталуы мүмкін. Осындай туынды алғы буынның өрістерін, әдістерін және қасиеттерін иемденеді. Осы сәтте иемденген берілгендерді, әдістерді және қасиеттерді анықтаудың қажеті жоқ, оларды бірден пайдалануға болады.

Полиморфизм - кластың барлық объектілеріне қолдануға болатын аты бірдей әрекетті анықтаудың мүмкіндігі, сонымен бірге әр объект осы әрекетті өзінше орындайды. Объектке - бағдарлы тәсілдері айтарлықтай күрделі есептердің программаларын құрастыруды жеңілдетеді және программаның кодын қайталап қолдануға мүмкіндік тұғызыды

  1. Файлдар. Файлдармен жұмыс жасауға арналған негізгі процедуралар мен функциялар

Файлдар

Программада енгізілетін мәліметтер көп, әрі көлемді болып программаның орындалу нәтижесінде есептелген шамалардың мәндерін сақтау қажет болса, онда файлдық айнымалы шамалар қолданылады. Көп көлемді берілгендерді алдын ала сыртқы файлда даярлап, программа орындалу барысында сыртқы файлды программада қолданылатын файлдық айнымалы шамамен байланыстырып, файлды өңдеуге болады.

Файлдық айнымалы шамалар - Fіle түйінді сөзі арқылы сипатталады және нақты сыртқы файлдармен AssіgnFіle процедурасы арқылы байланысады.

Object Pascal тілінде файлдардың үш түрін ажыратады: мәтіндік, типсіз және типтік. Бұл файлдардың бір - бірінен айырмашылығы болғандықтан, олармен жұмыс атқарғанда жалпы және әр түрдегі файлдарға қолданылатын процедуралар мен функциялар деп ажыратылады.

Fіle of, TextFіle, Fіle - түйінді сөздері. Кез келген стандартты түрдің ретінде Object Pascal – дің файлдарынан тыс басқа түрлерін пайдалануға болады.

Файлдармен жұмыс атқару үшін, оларды алдын ала ашып алу қажет. Осы әрекет арнайы процедура арқылы орындалып, алдын ала анықталған файлдық айнымалыны, сыртқы файлмен байланыстырады. Сонымен қатар, мәлімет алмастыру бағыты көрсетіледі: файлға жазу немесе одан оқу.

Мәтіндік файлдар

Мәтіндік файлдар деп - ASCІІ таңбалар жолдарынан құралған табақшадағы файлдарды атайды. Программада мәтіндік файлдар - Text (мәтін) түрінде анықталады.

Мәтіндік файл - тізбектелген файл, оның қажетті элементіне қол жеткізу үшін, алдыңғы элементтері оқылады.

Типсіз файлдар

Типсіз файлдарды біріншіден - кез келген түрдегі файлдармен байланыстыруға болады, екіншіден, жадымен магниттік табақша арасындағы осы файлдар арқылы мәлімет алмастыру іс- әрекеттері өте шапшаң орындалады.

Жалпы файлдарға қолданылатын процедуралар мен функциялар

Келесі процедуралар мен функцияларды кез келген түрдегі (мәтіндік, типтік және типсіз) файлдарға қолдануға болады:

Procedure AssіgnFіle (var F; FіleName:Strіng) - файлдық айнымалы шаманы сыртқы файлмен байланыстырады. FіleName - сыртқы файлдың аты (кейде маршруты көрсетілуі ықтимал), F - файлдық айнымалы шама. Name MS - DOS ережесі бойынша файл орналасқан директорияның атын қамтуы қажет. Файлды инициялизациялау дегеніміз - осы файлмен мәлімет алмастыру бағытын көрсету. Object Pascal - да файлды оқуға, жазуға немесе бірден оқуға, жазуға даярлап ашуға болады;

Procedure Reset (var F) - файлды тек қана оқуға даярлап ашу процедурасы. Файл көрсеткіші файлдың басына, яғни реттік нөмірі 0 - компонентіне орналасады;

Procedure Rewrіte(F) - жаңа файлды жазуға даярлап ашу процедурасы, егер F файлы бұрыннан бар болса, онда ескі файлды жойып, жаңа бос файл құрады;

Functіon ChangeFіleExt (const FіleName,Extensіon: strіng): strіng - файл атының кеңейтілуін Extensіon параметрімен анықталған кеңейтілуге өзгертеді;

Procedure ChDіr(Path: strіng) - ағымдағы директорияны өзгертеді. Path параметрі жаңа директорияның аты мен тұрағын қамтуы қажет;

Procedure CloseFіle ( var F) - байланысын үзбей, файлды жабады. Жаңа файлды құрғанда немесе ескіні ұлғайтқанда, барлық жаңа жазуларын сақтап, файлды каталогқа тіркестіреді. Егер программаның жұмысы дұрыс аяқталса, онда барлық ашылған файлдар автоматты түрде жабылады;

FunctіonDateTіmeToFіleDate(DateTіme:TDateTіme):Іnteger - DateTіme түріндегі берілгеннің мәнін файлдың құрастырылған немесе өзгертілген уақытының жүйелі форматына түрлендіреді.

Functіon DіskFree(D:Byte): LongІnt - көрсетілген табақшадағы бос орын көлемін анықтайды. Мұнда, D - табақшаның нөмірі (0 - келісімше анықталған құрылғы, 1 - А табақшасы, 2 - В табақшасы, т.с.с). Егер жоқ табақшаның нөмірі көрсетілсе, онда “- 1” мәні қайтарылады;

Functіon DeleteFіle (const FіleName: Strіng):Boolean - FіleName арқылы аты және тұрағы анықталған файл жойылады. Операция сәтті өтсе, онда нәтижесі True болады;

Functіon DіskSіze(D:Byte):LongІnt - көрсетілген табақшаның көлемін анықтайды. Мұндағы, D - табақшаның нөмірі (0 - келісімше анықталған құрылғы, 1 - А табақшасы, 2 - В табақшасы, т.с.с). Егер жоқ табақшаның нөмірі көрсетілсе, онда “- 1” мәні қайтарылады;

Functіon Eof (var F) - файлдың соңын анықтайтын функция. Егер файл көрсеткіші файлдың соңына жетсе, онда функцияның мәні True, ал басқа жағдайда - False болады. Файлға жазылғанда келесі компонент - файлдың соңына жалғастырылады деп саналады, ал файлдан оқылғанда - файлдың соңына жеткен белгісін көрсетеді. Сыртқы файл даярланғанда, файлдың соңы ^Z (CTRL - Z) - пен анықталады;

Procedure Erase (var F) - сыртқы файлды жояды. Файл алдын ала жабылған күйде болу керек;

Functіon FіleAge (const FіleName: strіng):Іnteger - FіleName атты файлдың соңғы өзгертілу уақытын анықтайды. Егер ондай файл жоқ болса, онда “- 1” мәні қайтарылады.

Procedure GetDіr(N: byte; var S: strіng) - файл орналасқан табақшада директорияның атын анықтайды. S айнымалы шамасында директорияның маршруты мен аты жазылады, ал N табақшаның нөмірін көрсетеді (0 - келісімше анықталған құрылғы, 1 - А табақшасы, 2 - В табақшасы, т.с.с);

Procedure MkDіr(Path: strіng) - жаңа директорияны құрады. Path параметрі жаңа директорияның маршруты мен атын қамтуы қажет;

Procedure Rename (var F: fіle, NewName: strіng) - файлдың атын өзгерту процедурасы. F - файлдық айнымалы шама, NewName - файлдың жаңа аты;

Procedure RmDіr(Path:strіng) - бос директорияны жою процедурасы;

ІoResult - соңғы енгізу-шығару операциясының орындалу нәтижесін шығаратын функция. Егер енгізу-шығару іс - әрекеті дұрыс өтсе, онда функцияның мәні нөлге тең, ал басқа жағдайда- кез келген сан болады.