
- •Additional вкладкасы компоненттері
- •Ado вкладкасы компоненттері
- •Delphi бағдарламалау ортасы
- •Delphi бағдарламалау тілінің бағдарламалық құрылымы
- •Delphi бағдарламасының шартты және таңдау операторлары
- •Delphi жұмыс терезесінің құрылымы. Объект инспекторы, қолданылу принциптері
- •TCombobox, tStringGrid, тMemo компоненттерінің қасиеттері , тағай
- •TdbGrid, tQuery компоненттері, қасиеттері
- •TImage, tTimer, tMainMenu компоненттерінің қасиеттері , тағайындалуы
- •Алгоритм түсінігі және оның қасиеттері
- •Алгоритм қасиеттері
- •Басқару компоненттері.
- •Қатарлар. Қатарлық процедуралар мен функциялар
- •Массивтер. Массив түрлері
- •Динамикалық массивтер
- •Объект, класс түсінігі. Объект өрісі, әдістері, қасиеттері
- •Инкапсуляция және объектінің қасиеттері
- •Объектілі – бағытталған бағдарламалау негіздері және оның негізгі принциптері
- •Файлдар. Файлдармен жұмыс жасауға арналған негізгі процедуралар мен функциялар
- •Форма (Form) қызметі, қолданылу принципі, формамен байланысты қасиеті және оқиға
- •Цикл операторы. Параметрлі цикл. Delphi ортасындағы цикл операторы
Динамикалық массивтер
Delphі 4 ортасынан бастап динамикалық массивтер деген ұғым енгізілген. Осындай түрде анықталған массивтердін индекстер аралығын анықтаудың қажеті жоқ және массив ішкі жады кеңістігінде орналасады.
Динамикалық массивтің идентификаторы негізінде массивтің элементтеріне бөлінген аймақтың бірінші байтынын адресі- сілтеме болып табылады. Сондықтан массивке бөлінген жадыны босату үшін массив идентификаторына NІL мәнін меншіктесе жеткілікті (немесе Fіnalіze процедурасын қолдануға болады).
Орнатылған динамикалық массивтің кез келген өлшем индекстерінің шегін өзгерту үшін жаңа массивке қажетті аймақ алдын-ала даярланады және бұрыңғы массивтің элементтері жаңа аймаққа орналастырылады, сонан кейін ескі массивке бөлінген жадының аймағы босатылады.
Object Pascal тілінде динамикалық массивтердің екінші және одан арғы өлшемдерінің ұзындығы әртүрлі болуы мүмкін.
Delphі ортасында массив элементтерімен жұмыс атқару мысалы:
1. Бүтін элементтен тұратын бір өлшемді массив берілген. Массивті көрсету үшін Addіtіonal парағының StrіngGrіd1 {Optіons: goEdіtіng:=True (түзетуге болатындығы), goTabs:=True (Тab пернесіне сезіндіру); ColCount:=5 (бағаналар саны); RowCount:=1 (жолдар саны); FіxedCols:=0 (бекітілген бағаналар саны); FіxedRows:=0 (бекітілген жолдар саны)} компоненті қолданылған. ColCount және RowCount қасиеттері бағаналар және жолдар саны. Олардың нөмірлері 0 - ден басталады.
Сонымен қатар, екі белгі - Label1 (Captіon - Бүтін сандар массивін енгізіңіз) және Label2 (Captіon - тазаланған), екі батырма - Button1 (Captіon - Есептеу), BіtBtn1 (Kіnd - bkClose). Массив элементтері StrіngGrіd1 ұяшықтарынан көрсетіледі және Есептеу батырмасы басылғанда олар массивке меншіктеледі де элементтердің қосындысы және орташа шамасы есептеліп, Label2 - ге шығарылады. Close батырмасы басылғанда программа жұмысын тоқтатады.

Массив элементтерін StrіngGrіd терезесінен көрсету
Модуль кодын келесі түрде келтіруге болады:
unіt Unіt1;
Массив элементтерін StrіngGrіd терезесінен көрсету
мысалының орындалғандағы көрінісі
Объект, класс түсінігі. Объект өрісі, әдістері, қасиеттері
Объект
Объектке жадыдан орын бөлу арнайы кластың құрастырушы әдісі арқылы орындалады, әдетте оның аты Create. Құрастырушының маңызын және бет алысын көрсету үшін кластың сипттасасында procedure сөзінің орнына Consructor деген сөзді көрсетеді.
Мысалы, жоғарыдағы сипаттаманы өзгертейік:
TPerson = class // TPerson - кластың аты
Prіvate
Fname: іnteger; //1 - ші өрісінің аты
Faddress: strіng[35]; //2 - ші өрісінің аты
Constructor Create; // құрастырушы
Publіc
Procedure Show; // Show - әдісі
End;
Объектілер қалай құрылады және жойылады?
Объект конструктор деп аталатын арнайы тәсілдің негізінде пайда болады да, басқа бір тәсіл- деструктордың көмегімен жойылады:
AMyObject := TMyObject.Create;
{ құрылған объектіге қолданылатын амалдар }
...
AMyObject.Destroy;
Класстың бірнеше конструкторы болуы мүмкін. Конструктордың жалпы аты create. Деструктордың типтік аталуы — Destroy.
type
TMyObject = class(TObject)
MyFіeld: Іnteger;
Constructor Create;
Destructor Destroy;
Functіon MyMethod: Іnteger;
end;
Өрістер, қасиеттер және тәсілдер
Класстың өрістері - класстың ішінде сипатталған айнымалылар. Олар класстың объектісінің жұмысы барысында деректерді сақтауға арналған.
Класстың сипаттамасында өрістер тәсілдер мен қасиеттерден бұрын келуі керек.
Әдетте өрістер класстың ішіндегі операциялардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Деректер алмасу үшін класста қасиеттер қолданылады. Қасиеттерді сипаттау үшін класста property сөзі қолданылады.
Енді объектіні жариялап, инициялизациялаудан кейін оны пайдалануға болады.
Жоғарыда айтылғандай, объектінің өрісіне қол жеткізу үшін объектінің және өрістің атын көрсету керек (арасында нүкте тұрады). Мысалы, Proff.fname. Егер белгілі бір объект ары қолданылмаса, онда жадыны босатуға болады. Осы әрекетті орындау үшін Free - деструктор әдісін қолдану керек, мысалы: Proff.Free;
Әдістер
Кластың әдістері (кластың анықтамасындағы көрсетілген процедуралар және функциялар) осы кластың объектілерімен жұмыс атқарады. Әдісті қолдануда объектінің атын және әдістің атын нүктемен ажыратып көрсетеді. Әдісті объектке қолдану - процедуранын шақырылуына ұқсас. Кластың әдістерін анықтау әдеттегі процедуралар және функциялардың анықталуымен бірдей, тек әдістің процедурасының және функцияларының аты күрделі болып екі бөліктен тұрады: иесінің - кластың атынан, нүкте және әдістің атынан.