Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
программирование.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453.16 Кб
Скачать
  1. Басқару компоненттері.

Батырмалар, таймер

  1. Визуалды бағдарламалау. Delphi ортасы

  2. Графикалық ақпараттарды бейнелейтін компоненттер

  3. Деректер қорын құру принципі. ДҚ кесте құру

  4. Қасиет типтері. Alignment, Caption, Color, Cursor, Font, Position, AutoSize, WordWrap, TabOrder, Height, Left, Top, ClientHeight қасиет компоненттерінің қолданылуы.

Класстың өрістері - класстың ішінде сипатталған айнымалылар. Олар класстың объектісінің жұмысы барысында деректерді сақтауға арналған.

Класстың сипаттамасында өрістер тәсілдер мен қасиеттерден бұрын келуі керек.

Әдетте өрістер класстың ішіндегі операциялардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Деректер алмасу үшін класста қасиеттер қолданылады. Қасиеттерді сипаттау үшін класста property сөзі қолданылады.

Мысалы, қосымша терезесіндегі қарапайым батырманың түс, өлшем, алатын орны сияқты қасиеттері болады.

Қасиеттер сыртқы ортамен дерек алмасуды қамтамасыз етеді.

Сондықтан оның мәнін пайдалану үшін класстың арнайы тәсілдері пайдаланылады.

Әдетте қасиет үш элемент арқылы анықталады: өріс және оқу/жазуды жүзеге асыратын екі тәсіл:

type

  TAnObject = class(TObject)

functіon GetColor: TSomeType;

procedure SetColor(ANewValue:

TSomeType);

property AColor:

TSomeType read GetColor wrіte

SetColor;

  end;

Егер қасиет тек оқылатын немесе жазылатын болса, онда оның сипаттамасында сәйкес тәсіл жазыла алады:

type

TAnObject = class(TObject)

property AProperty: TSomeType

read GetValue; 

end;

Объектінің берілгендеріне орын бөлу - құрастырушы Create әдісін қолданудың нәтижесін меншіктеу арқылы орындалады, мысалы:

Proff:=TPerson.Create;

// proff объектінің берілгендеріне қажетті орын бөлу

Сонымен қатар, Consructor көмегімен объектінің берілгендеріне бастапқы мәндерін меншіктеуге, яғни объектіні инициялизациялау әрекетін орындауға болады:

Constructor TPerson Create;

Begіn

fname:=’ ‘;

faddress:=’ ‘;

end;

Енді объектіні жариялап, инициялизациялаудан кейін оны пайдалануға болады.

Жоғарыда айтылғандай, объектінің өрісіне қол жеткізу үшін объектінің және өрістің атын көрсету керек (арасында нүкте тұрады). Мысалы, Proff.fname. Егер белгілі бір объект ары қолданылмаса, онда жадыны босатуға болады. Осы әрекетті орындау үшін Free - деструктор әдісін қолдану керек, мысалы: Proff.Free;

  1. Қатарлар. Қатарлық процедуралар мен функциялар

  2. Массивтер. Массив түрлері

Массивтерді сипаттау

Бір түрдегі айнымалылар тізбегін массив деп атайды.

Массивтің синтаксисі келесі:

Type <түрдің атауы> = array [<индекс түрлерінің тізімі> ] of <кез келген реттік түр> , немесе айнымалылар бөлімінде бірден

Var <айнымалының атауы>: array [<индекс түрлерінің тізімі> ] of <кез келген реттік түр>- айнымалыны массив деп анықтауға болады.

Массивтер бір, екі және одан да көп өлшемді болады. Массивтер өлшеміне шектеу қойылмайды, тек келесі жәйт есте болу керек: массивтің ішкі көрінісінің ұзындығы 2 Гбайттан аспау керек. Массив элементтері жадыда бірінен соң бірі орналасады, сонымен қатар кіші адресінен жоғарғыға өткенде алдымен оң жақтағы индексі жылдам өзгереді.

Екі өлшемді матрицаны бір өлшемді массивтерден құралған массив деп санауға болады.