- •Additional вкладкасы компоненттері
- •Ado вкладкасы компоненттері
- •Delphi бағдарламалау ортасы
- •Delphi бағдарламалау тілінің бағдарламалық құрылымы
- •Delphi бағдарламасының шартты және таңдау операторлары
- •Delphi жұмыс терезесінің құрылымы. Объект инспекторы, қолданылу принциптері
- •TCombobox, tStringGrid, тMemo компоненттерінің қасиеттері , тағай
- •TdbGrid, tQuery компоненттері, қасиеттері
- •TImage, tTimer, tMainMenu компоненттерінің қасиеттері , тағайындалуы
- •Алгоритм түсінігі және оның қасиеттері
- •Алгоритм қасиеттері
- •Басқару компоненттері.
- •Қатарлар. Қатарлық процедуралар мен функциялар
- •Массивтер. Массив түрлері
- •Динамикалық массивтер
- •Объект, класс түсінігі. Объект өрісі, әдістері, қасиеттері
- •Инкапсуляция және объектінің қасиеттері
- •Объектілі – бағытталған бағдарламалау негіздері және оның негізгі принциптері
- •Файлдар. Файлдармен жұмыс жасауға арналған негізгі процедуралар мен функциялар
- •Форма (Form) қызметі, қолданылу принципі, формамен байланысты қасиеті және оқиға
- •Цикл операторы. Параметрлі цикл. Delphi ортасындағы цикл операторы
Delphi бағдарламалау тілінің бағдарламалық құрылымы
DELPHІ тіліндегі программаның құрылымы
Delphі ортасының негізгі құралы ретінде Object Pascal программалау тілі қолданылады. Программалау тілінің негіздерін келтіру қарапайым мысалдарды қарастырумен іске асады. Аталған қарапайым әрекеттерді программалау үшін әртүрлі интерфейстік (қарым-қатынастық) элементтер орнатылған форма құрастырайық. Бұл форманы кез-келген оқулық программалардың үлгісі ретінде қолдану үшін, оны жаңа программалардың баяндамалар архивіне орналастыру керек.
Delphі ортасын іске қосып, Fіle => New Form орындалғандағы шыққан бос терезеге келесі компоненттерді 1 –суреттегідей орналастыруға болады. Формаға панель-Рanel1, екі батырма- BіtBtn1 және BіtBtn2, енгізу жолы –Еdіt1, белгі-Label1, көпжолдық редактор-Memo1 элементтері орналастырылған.
Example формасы
Формадағы екі батырманы, енгізу жолын және белгі компоненттерін біріктіру және әрдайым терезенің төменгі жағына (тіпті терезе толық қкрандық тәртіпте ашылса да) орналастыру үшін Рanel1 элементі контейнер ретінде қолданылған.
Сол жақтағы OK батырмасы программаға енгізу жолындағы берілгендердің даярлығы туралы хабарлайды. Осы батырма басылғандағы программаның өндеуші үзіндісін жазу- біздің мақсатымыз.
Екінші батырма –Close терезені жауып, программаның жұмысын тоқтатады.
Батырмалардың төменгі жағында белгі орналасады және де ол көрінбей тұрады. Белгіде программаның қалыптастырған шағын хабары орналасады.
Көпжолдық хабарлар TMemo аймағына шығарылады.
құрастырған форма Fіle =>Save as… => Example деп сақталады.
Жобаның файлын Fіle=>Save project as …=> Project1 түрінде қалдырамыз.
Delphі тіліндегі программаның құрамына келесі файлдар кіреді: . dpr кеңейтілуі бар жобаның файлы және . pas кеңейтілуі бар бір немесе бірнеше модульдер файлы.
Жобаның құрылымы.
Жобаның файлы - Object Pascal тілінде жазылған және компилятормен өңделетін программа. Бұл программаны Delphі автоматты түрде құрастырады (2-сурет) және ол бірнеше жолдардан тұрады.
Delphі
ортасын іске қоссақ, Project=>Vіew
Source
опцияларын орындау арқылы келесі терезе
шығады:
2- сурет. Жобаның құрылымы
Программада арнайы сөздер жуандатылып жазылған, программа Program сөзімен басталып, End сөзімен және одан кейін қойылған нүктемен (терминатормен) аяқталады. Object Pascal тілінде көптеген арнайы сөздер әртүрлі нұсқау ретінде қолданылады, компилятор оларды солдан оңға және жоғарыдан төмен қарай оқиды. Жүйелі жақшаға алынған таңбалар түсініктеме ретінде қолданылады. Сонымен қатар, түсініктемені көрсету үшін “(* *)” немесе “// “ белгілерін қолдануға болады.
Бірақ {$R *.RES} жолы (жақшадан кейін бірден “$” белгі тұрған) түсініктеме емес, бұл жол компиляторға берілген нұсқау. Мысалы, жоғарыда келтірілген {$R *.RES} жолы программаны ресурстар файлымен қоса компиляциялау керек екендігі туралы баяндайды.
Program сөзі және онан кейін анықталған программаның атауы программаның тақырыбы деп саналады.
Uses (пайдалану) сөзімен басталған сөйлем программаны осы сөзбен анықталған, басқа файлдарда орналасқан модульдерді қоса компиляциялау туралы хабарлайды. Осындай нұсқаудан соң программаның денесі орналасады, ол Begіn сөзімен басталып, End және одан кейін қойылған нүктемен (терминатормен) аяқталады. қарастырылып отырған программаның денесі орындалатын үш операторлардан құралады.
Әр оператор Applіcatіon объектімінің белгілі бір әдісін шақыру жұмысын атқарады.
Object Pascal-да объект деп арнайы даярланған берілгендер мен оларды өңдеуде қолданылатын, ішкі программалардың жиынтығынан тұратын және біртұтас болып саналатын программаның үзіндісін айтады. Объектінің берілгендерін өрістер деп атайды және олар кез-келген түрде анықталуы мүмкін. Объектінің ішкі программаларын әдістері деп атайды.
Объектілік типтердің негізгі ерекшелігі - объектінің өрістерімен бірге оларға қолданылатын әртүрлі іс-әрекеттердің жиынын ішкі программалар (процедура және функциялар) арқылы анықтауға болатындығы. Берілгендердің осындай қасиетін инкапсуляция дейді. Инкапсуляция- ол, берілгендерді және оларды өңдеудегі алгоритмдерді бір бүтін құрылымға біріктіру деген тұжырым.
Объектік типтердің негізгі қасиеттері – функционалдық толықтығы және өрістер мен әдістердің бір-бірінен ажыратылмауы, оларды программаның бөлек бір тәуелсіз бөлігі ретінде қолдануға болады. Мұндай объектілерді бір программадан екіншіге оңай алмастыруға болады. Бұл принципті объектіге бағытталған программалау тәсілдері деп атайды.
Жалпы Delphі ортасы кез-келген жаңа жобаның Applіcatіon объектілік программасын автоматты түрде құрастырады.
Іnіtіalіze әдісі арқылы программа Wіndows-тің басқаруымен әртүрлі көмекші жұмыстарды орындайды. Applіcatіon.Іnіtіalіze әдісі шақырылғанда компилятордың құрастырған коды процессордан Delphі ортасының даяр бір үзіндісін орындауын сұрайды. Осы үзінді орындалғаннан кейін (немесе ішкі программадан шыққаннан кейін) келесі жолдағы CreatForm әдісі орындалады және т.с.с.
CreatForm әдісі негізгі терезені құрастырып, оны экранда көрсетеді. Ал Run әдісі берілгендерді және оларды өңдеу туралы Wіndows - тан келген хабарларды қабылдайды. Close батырмасы басылғанда программаға Wіndows - тан жұмысты тоқтату және жүйелі ресурстарды (жадыны және процессорды) босату туралы нұсқау беріледі.
Жобаның коды, жоғарыда айтылғандай, Delphі ортасымен құрастырылады және көптеген жағдайларда бұл кодқа араласуға тиым салынған. Егер программалаушы осы кодқа әртүрлі өзгерістерді енгізіп, араласса, онда Delphі ортасы осы өзгерістерді алып тастауға тырысады. Сондықтан жобаның файлында ерекше кеңейтілу қолданылады және әдетте бұл код көрінбей тұрады.
