
- •5В070300- «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған өндірістік практикасынан өтудің әдістемелік нұсқауы
- •Мазмұны
- •1. Пайдалану облысы
- •2. Нормативті сілтемелер
- •Өндірістік тәжірибе университетпен практика өткізу туралы шартқа отырған кәсіпорындарда университет бойынша бұйрықпен өткізіледі.
- •(Алғашқы кәсіптік дағдылар және білімдер алу)
- •3.1.1 Практика мақсаты
- •3.1.2 Практика міндеттері
- •3.1.3 Практика мазмұны
- •3.1.4 Практикаға жеке тапсырма
- •3.2.1 Практика мақсаты
- •3.2.2 Практика міндеттері
- •3.2.3 Практика мазмұны
- •3.2.4 Практика жеке тапсырмалар
- •(Диплом алдындағы, квалификациялық практика)
- •3.3.1 Практика мақсаты
- •3.3.2 Практика міндеттері
- •3.3.3 Практика мазмұны
- •3.3.4 Практикаға жеке тапсырма
- •4. Практиканы ұйымдастыру
- •4.1 Өндірістік практиканың мазмұны, жақтардың міндеттері
- •4.2 Жеке тапсырмалардың мазмұны
- •5 Студенттердің тәжірибе бойынша есеп беруі
- •5.1 Студенттердің өндірістік тәжірибесі бойынша есеп беруі
- •5.2 Есепті рәсімдеу
- •6. Практика бойынша есепті қорғау
- •6.1 Жалпы ережелер
- •(Атауы)
4.2 Жеке тапсырмалардың мазмұны
Практика кезінде студент барлық жұмыс түрлерін, оларды орындау мерзімін, сонымен қатар осы жұмыстарды тексеру және бақылауға жауаптылар фамилияларын көрсететін практика күнделігін жүргізу керек.
Жеке жоспар-графигі практика басталған уақытқа дейін 3-5 күннен кешіктірмей өндірістен практика жетекшісімен бірге университеттен практика жетекшісі құрастырады. Өйткені студенттерді пайдалану бірнеше жұмыс орындарында ғана мүмкін, бірақ жеке жоспар-графикте әрбір студентті жұмыс орындары бойынша уақыттың жалпы бюджетін бөлуді көрсету керек.
Әрбір студент практикаға кетер кезде, программа және жоспар-графиктен (күнтізбелік жоспар) басқа, өзінің практика жетекшісінен жеке тапсырма алады,
Жеке тапсырмаларда практикадан өтетін жеріне байланысты практика уақытында студентке өндіріс бөлімшелеріне қолданылатын есептерді шешуге қажет сұрақтар тізімі келтірілуі керек. Жеке тапсырма студентті материал жинауға және есепті орындау кезінде шешуге қажет сұрақтарды шешуге бағытталуы керек.
Жеке тапсырмалар мазмұны мен оларды орындау мерзімі кафедрамен құрастырылады және кәсіпорынмен мақұлданады. Практикаға жіберілген кезде кафедрадан практика жетекшісі әрбір студенттің практика күнделігіне оны орындау мерзімін көрсету арқылы жеке тапсырмалар жазады.
Жеке тапсырмалардың мысалға алынған тематикасы оқудың әртүрлі периодтарында оқылатын пәндердің жұмыс программаларына сәйкес келеді. Жеке тапсырмалар тақырыбы практика базасы есебінің спецификасы есебімен түзетілуі мүмкін.
Студенттерге практикаға берілетін тапсырмалар:
Экономикалық процесс моделін құру.
Жеке модуль немесе экономикалық ақпараттық жүйенің кішігірім есептерін программалау тілінде программа құру.
Есептеу машинасында программа кітапханасының құрылымын ұйымдастыру.
Құрылымды, қолдану облысын және ақпараттық-іздеушілік жүйелерді меңгеру.
Нақты қолданбалы экономикалық программалар пакетін зерттеу.
Экономикалық ақпараттық жүйенің бар деректер базасын оқыту және оны дамыту бойынша ұсыныстар.
Жаңа ақпараттық технологиялар, базалық ақпараттық үрдістер моделін ендіруді оқыту.
Ақпараттық жүйе есептерінің бірнеше алгоритмдерін салыстырмалы талдау жүргізу.
Нақты экономикалық немесе ұйымдастырушылық үрдістің имитациялық моделін құру.
Кәсіпорынның ақпараттық жүйе шартында нақты қолданбалы программалар пакетін (немесе пакет бөлігін) байланыстыру (генерация жүргізу).
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесі үшін деректер банкінің құрылымын құру.
Сәйкес талқылаулар және есептеулермен ақпаратты жинау, тіркеу және беру жүйесін құру.
Бағыныңқы жүйенің біреуінен есеп қойылымын құру.
Басқарудың нақты процестері бойынша операцияны зерттеудің оптимизациялық есептерінің математикалық моделін құру.
Жергілікті есептеу желісінің схемасын оқыту және құру.
5 Студенттердің тәжірибе бойынша есеп беруі
5.1 Студенттердің өндірістік тәжірибесі бойынша есеп беруі
Практика аяқталғаннан кейін практикант жазбаша есеп береді де оны практика жүргізуші жетекшісіне кәсіпорындағы практика жетекшісінің қолы қойылған күнделік және күнтізбелік жоспарын тапсырады.
Практикалық есеп беру студенттің негізгі құжаты болып табылады,онда оның практикада істеген жұмысы,алған ұйымдастырушылық және техникалық білімін көрсетеді.
Жалпы есеп А4 форматтың 30 (20-40) бетін құрау керек.
Төменде тәжірбиенің есебі ретімен берілген.
1. Титулдық бет.
2. ТӘЖІРИБЕГЕ ТАПСЫРМА. Студентке тәжірибе бағдарламасымен бірге нақты бір тапсырма беріледі. Тапсырманың ұсынылатын құрылымы: жұмыс тақырыбы, негізгі есеп, жұмыс мазмұны, орындалған есептің мазмұны.
3. МАЗМҰНЫ.
4. КІРІСПЕ.
5. Объектінің техникалық-экономикалық мінездемесі.
Объектінің техникалық-экономикалық мінездемесі тәжірибеден өтетін объектінің сипатын береді.
Бұл сипаттамаларды келесілер көрсетілуі керек:
Ұйым атауы;
Ұйым қызметінің саласы;
Қызметкерлердің жалпы саны;
Ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымы;
Экономикалық мінездемесі және кәсіпорынның қызметінің көрсеткіштері;
Ұйымның негізгі болімдерінің қысқаша мінездемесі.
Содан кейін студенттің практиканы өткен бөлімінің сипаттамасы жасалады.
5. Ұйымдағы ақпаратты өңдеу технологиясы (кәсіпорын).
6. Есеп берудің негізгі бөлімі(жеке тапсырмалар): мақсат қою, мүмкін болу жолдар анализі,шешім қабылдау нұсқасы.
7. ҚОРЫТЫНДЫ. Тәжірибедегі нәтижелерді қысқаша талқылау, бірақ дәлелдер келтіру керек, түсініктеме, анализов, баға,қорытынды.
8. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
9. Ұсыныс: иллюстрациясы, таблицалары, карталары, қосымша мәтіннің мінездемесі. Соның ішінде міндетті түрде: программалық модульді және де аралық модульді құруды басып шығару.
10.Унивесритет бойынша бекітілген тәжірибе өту күнделігі .
11.Тәжірибе өту графигі.
12. Кәсіпорын басшысынан мінездеме алу.
Есеп беруді әр студент жасау керек, өздігінен және тәжірибеден кейін 1-2 күн аралығында кафедра жетекшісіне көрсету керек.
Есеп беруде негізгі тапсырманың шешімдері көрсетілуі керек, бұл студенттің тәжірибеден өтуінің негізгі мақсаты. Мұнда есептеу техника құралдарының сұрақтарына көп көңіл бөлу керек, қолданылған программалық қамтамасыз ету, экономикалық көрсеткішті есептеу әдістері, барлық модельдерді оптимизациялау, құжат айналымды ұйымдастыру және экономикалық ақпаатты өңдеудің автоматты методы, ол кәсіпорынның және ұйымның функционалдық жағдайында.
Практикада студенттердің жұмыстарының қорытындысын бағалау кезінде кәсіпорыннан практика жетекшісінің мінездемесі есепке алынады.
Кәсіпорыннан практика жетекшісінің мінездемесінде мыналар болу қажет:
практиканың басталуы мен аяқталуының мерзімдері;
студенттің жұмыс істеген кәсіпорын бөлімшесінің аты;
студент қандай сапада жұмыс істеді (инженер-программист, есептерді-ұйымдастырушы, техник және т.б.);
студент жұмысына қысқаша сипаттама;
студент-практиканттың өз басына мінездеме;
студентке сәйкес баға беру.
Мінездеме кәсіпорыннан практика жетекшісінің қолы және кәсіпорын аты бар мөрі болу керек.
Практика программасын орындамаған, жұмыс туралы кері пікір алған немесе есепті қорғаған кезде жаман баға алған студент, студенттік демалыстар кезінде қайта прктикаға жіберіледі. Басқа жағдайда ректор студенттің университтетте ары қарай оқу сұрақтарын қарастыруы мүмкін.