
- •5В070300- «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған өндірістік практикасынан өтудің әдістемелік нұсқауы
- •Мазмұны
- •1. Пайдалану облысы
- •2. Нормативті сілтемелер
- •Өндірістік тәжірибе университетпен практика өткізу туралы шартқа отырған кәсіпорындарда университет бойынша бұйрықпен өткізіледі.
- •(Алғашқы кәсіптік дағдылар және білімдер алу)
- •3.1.1 Практика мақсаты
- •3.1.2 Практика міндеттері
- •3.1.3 Практика мазмұны
- •3.1.4 Практикаға жеке тапсырма
- •3.2.1 Практика мақсаты
- •3.2.2 Практика міндеттері
- •3.2.3 Практика мазмұны
- •3.2.4 Практика жеке тапсырмалар
- •(Диплом алдындағы, квалификациялық практика)
- •3.3.1 Практика мақсаты
- •3.3.2 Практика міндеттері
- •3.3.3 Практика мазмұны
- •3.3.4 Практикаға жеке тапсырма
- •4. Практиканы ұйымдастыру
- •4.1 Өндірістік практиканың мазмұны, жақтардың міндеттері
- •4.2 Жеке тапсырмалардың мазмұны
- •5 Студенттердің тәжірибе бойынша есеп беруі
- •5.1 Студенттердің өндірістік тәжірибесі бойынша есеп беруі
- •5.2 Есепті рәсімдеу
- •6. Практика бойынша есепті қорғау
- •6.1 Жалпы ережелер
- •(Атауы)
3.2.4 Практика жеке тапсырмалар
Ақпараттық жүйе есептерінің бірнеше алгоритмдерін салыстырмалы талдау жүргізу
Нақты экономикалық немесе ұйымдастырушылық үрдістің имитациялық моделін құру.
Кәсіпорынның ақпараттық жүйе шартында нақты қолданбалы программалар пакетін (немесе пакет бөлігін) байланыстыру (генерация жүргізу).
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесі үшін деректер банкінің құрылымын құру.
Сәйкес талқылаулар және есептеулермен ақпаратты жинау, тіркеу және беру жүйесін құру.
Бағыныңқы жүйенің біреуінен есеп қойылымын құру.
Басқарудың нақты процестері бойынша операцияны зерттеудің оптимизациялық есептерінің математикалық моделін құру.
3.3 3-өндірістік практика
(Диплом алдындағы, квалификациялық практика)
3.3.1 Практика мақсаты
Диплом алдвндағы(квалификациялық) практика студенттердің оқу ының соғғы этапы; ҚР МСТ 3.08.329-2006 23 желтоқсан 2005 ж. №779 ҚР Министрлік бұйрығы бойынша өткізіледі, студенттердің барлық аралық аттестациядан өткеннен кейін, білімге минималды талаптар орындалғаннан кейін өткізіледі.
Диплом алдындағы практика мақсаты дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау немесе нақтылау, дипломдық жобалау үшін материалдар жинақтау, аяқталған диплом жұмысының негізгі бір бөлігі болатын ақпараттық жүйелер немесе программалық құралдар құру бойынша құрушы-мамандармен бірге практикалық жұмыс.
3.3.2 Практика міндеттері
Практика міндеттері:
дипломдық жұмыс тақырыбына байланысты функционалдық есептер функционалдық ішкі жүйелер құру және жобалау практикалық дағдыларын алу;
экономикалық ақпараттық жүйелер жобалау әдістемесін, экономикалық ақпараттық жүйелер жобалау кезінде қолданылатын МСТ және стандарттарды зерттеу;
кәсіпорындардың экономикалық ақпараттық жүйелер функционалдауының тиімділігін зерттеу, кәсіпорындардың экономикалық ақпараттық жүйелер жұмысын және қиындықтарын талдау;
ақпараттық жүйелер жобалау негізгі этаптарын автоматтандыру әдістерін және типтік жобалық шешімдерді қолдану арқылы экономикалық ақпараттық жүйелер жобалау принциптерін зерттеу;
нақты экономикалық ақпараттық жүйелерді экономикалық талдау тәжірибесін меңгеру.
3.3.3 Практика мазмұны
Диплом алдындағы практика кезінде студенттер дипломдық жұмысқа материал жинақтаумен қатар ағымдағы кәсіптік есептерін шешуде қатысу керек. Олар экономикалық ақпараттық жүйелер есептерін құрушылар, экономикалық есептер программистерінің, маркетинг бойынша экономистер және т.б. жұмыс орындарында қызмет істеуі мүмкін.
Студенттер қарастыратын негізгі мәселелер шеңбері:
кәсіпорындағы басқару негізгі принциптері және әдістері, оларды жетілдіру бойынша мәселелермен танысу;
экономикалық ақпараттық жүйелер құрылымы және функционалдық мүмкіндіктерімен танысу;
кәсіпорындағы экономикалық ақпаратты жинақтау, алмасу және өңдеу технологиясын зерттеу;
экономикалық ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған перспективті жобаларды зерттеу;
ақпараттық жүйелер ішкі жүйелерін жобалау әдістерін зерттеу;
ақпараттық жүйелердегі жаңа техника функционалдық мүмкіндіктерімен техникалық сипаттамаларымен танысу;
құрылатын жүйелер және программалық қамтаманы патентті жасау;
ақпараттық жүйелер экономикалық тиімділігін есептеу әдістерін зерттеу;
локальды есептеу желісінің құрылымын зерттеу жіне құру.
Студенттерге ақпаратты жинақтаудан басқа дипломдық жобалау кезінде қолданылатын арнайы әдебиет және басқару материалдарын алу үшін кәсіпорын библиотекасымен, техникалық ақпарат бюросымен, стандарттау бөлімімен тығыз қарым-қатынас орнату керек.
Кәсіпорын қажеттіліктеріне және мамандық профиліне байланысты дипломдық жұмыс тақырыбы және дипломдық жұмысқа тапсырма практиканың бірінші аптасында қалыптасады. Дипломдық жұмыс тақырыбы практика өтетін кәсіпорын үшін нақты және өзекті болу керек. Практика өту кәсіпорынына байланысссыз дипломдық жұмыс тақырыбы кафедра отырысында бекітілу керек.