Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мет указ по проф практике каз_13-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
205.31 Кб
Скачать

3.2.1 Практика мақсаты

Өндірістік практиканың негізгі мақсаты жобалау әдістемесін меңгеру, жеке есептер мен ақпараттық жүйелердің бағыныңқы жүйесін ендіру және эксплуатациялау, ақпараттық жүйелерді өндіретін автоматтандырылған құралдар мен жүйелерді меңгеру, ақпараттық жүйелердің бағыныңқы жүйелерін зерттеу және жобалау тәсілдерін меңгеру.

3.2.2 Практика міндеттері

Мамандық профілі бойынша практика міндеттері мамандық бойынша студенттердің кәсіптік білімдер және дағдылар алу, нақты кәсіпорын іс-әрекетін зерттеу кезінде жалпы кәсіптік білімдерді оқу кезінде алынған білімдерді кеңейту және жүйелеу, практикалық тәжірибе алу, кәсіптік ойлауды дамыту, жұмыс коллектив жағдайларында ұйымдастырушылық іс-әрекет біліктіліктерін дамыту.

Сонымен қатар өндірістік практика мақсатына мыналар жатады:

  • ақпараттандыру объектісінің жоба алдында зерттеу әдістерін практикада оқыту, ақпараттық жүйе моделін құру кезінде зерттеу нәтижесінің жүйелік талдауын жүргізу;

  • деректер базасы мен білімнің практикалық тәжірибесін алу;

  • ақпараттық жүйе шартында ақпаратты тіркеу, жинау және беру технологиясын оқыту, периферийлі, терминальды, есептеу техникасының сипаттамасымен және оны эксплуатациялау ерекшеліктерімен танысу;

  • экономикалық ақпараттық жүйелерде есептеу техникасы мен есептеу желісіне қызмет көрсету танымын алу;

  • экономикалық ақпаратты өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастырудың нақты әдістерін оқыту;

  • ақпараттық жүйелердің функционалдау шартында ақпаратты классификациялау және кодтау жүйелерімен танысу;

  • ақпараттық процестер сипаттамасын талдау және оларды жобалау үшін алғашқы деректерді құру;

3.2.3 Практика мазмұны

Өндірістік практиканы өту кезінде студент мыналарды білуі қажет:

  • Кәсіпорынмен, оның өндірістік, ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымымен, экономикалық сипаттамасымен және кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерімен танысу.

  • Кәсіпорында қолданылатын ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялық құралдарды меңгеру.

  • Кәсіпорында (мекемеде) ақпараттық жүйелер бойынша негізгі жобалық шешімдерді меңгеру.

  • Ақпараттық жүйелерді жобалау, енгізу және эксплуатациялау әдістемесімен танысу.

  • Берілген кәсіпорында ақпаратты жинау, тіркеу және өңдеу технологиясымен меңгеру.

  • Жүйенің ғылыми-техникалық деңгейінің бағасын берумен кәсіпорында ақпараттық жүйе жағдайын меңгеру.

  • Кәсіпорында ақпаратты жүйені ендіру кемшіліктерін, олардың бағасы мен оларды ортану бойынша нақты ұсыныстарды шығару.

  • Ақпараттық жүйе бойынша, сонымен қатар жаңа жүйелерді ендіру бойынша ұсыныстар құру.

  • Нақты жұмыс орындарында жұмыс істеудің практикалық тәжірибесін алу.

  • Ақпараттық технологиялар құру кезінде информатика облысында жобалау әдістерін пайдалану.

  • Ақпараттық жүйелерді жобалау практикасында жүйе теориясы әдісін пайдалану.

  • Ақпараттық жүйелер мен олардың бағыныңқы жүйелерін жобалау кезінде қазіргі қолданбалы программалар пакетін, программалау тілдерін пайдалану.

  • мекеме құжаттарын меңгеру;

  • кәсіпорын құрылымын меңгеру, қандай функционалды бөлімшелер кәсіпорын құрамына кіреді, олардың әсерлесу және өзара бағыну моделін құру, кәсіпорын құрылымының ары қарай даму мүмкіндігі бойынша нақты ұсыныстар беру.