
- •5В070300- «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған өндірістік практикасынан өтудің әдістемелік нұсқауы
- •Мазмұны
- •1. Пайдалану облысы
- •2. Нормативті сілтемелер
- •Өндірістік тәжірибе университетпен практика өткізу туралы шартқа отырған кәсіпорындарда университет бойынша бұйрықпен өткізіледі.
- •(Алғашқы кәсіптік дағдылар және білімдер алу)
- •3.1.1 Практика мақсаты
- •3.1.2 Практика міндеттері
- •3.1.3 Практика мазмұны
- •3.1.4 Практикаға жеке тапсырма
- •3.2.1 Практика мақсаты
- •3.2.2 Практика міндеттері
- •3.2.3 Практика мазмұны
- •3.2.4 Практика жеке тапсырмалар
- •(Диплом алдындағы, квалификациялық практика)
- •3.3.1 Практика мақсаты
- •3.3.2 Практика міндеттері
- •3.3.3 Практика мазмұны
- •3.3.4 Практикаға жеке тапсырма
- •4. Практиканы ұйымдастыру
- •4.1 Өндірістік практиканың мазмұны, жақтардың міндеттері
- •4.2 Жеке тапсырмалардың мазмұны
- •5 Студенттердің тәжірибе бойынша есеп беруі
- •5.1 Студенттердің өндірістік тәжірибесі бойынша есеп беруі
- •5.2 Есепті рәсімдеу
- •6. Практика бойынша есепті қорғау
- •6.1 Жалпы ережелер
- •(Атауы)
3.1.2 Практика міндеттері
Кәсіп бойынша алғашқы дағдылар және білімдерді алу үшін практика міндеттері ретінде студенттердің жалпы кәсіптік және арнайы цикл пәндерін терңдетіп оқуы, мамандық бойынша практикалық және кәсіптік білімдер алу.
Өндірістік практика студенттердің практикалық оқуының келесі сатысы болып табылады. Өндірістік практиканың негізгі міндетін келесі түрде топтастыруға болады:
ақпараттандыру объектісі ретінде практика базасының ұйымдастырушылық құрылымын оқыту, объектінің функционалдау ерекшеліктері, ұйымдастырушылық құрылымды схема түрінде көрсету;
кәсіпорын, бөлімше, қызмет функцияларын талдау, бөлімшелердің функционалдау құрылымын көрсету, функционалды құрылымдарды схема түрінде көрсету;
тәжірибе өтетін жұмыс орнынана автоматтандырылған жұмыс орнын, ақпараттық ішкі жүйе, анықтамалы-ақпараттық сайт құру;
кәсіпорында бар ақпараттық жүйелердің ерекшеліктерін оқыту, сонымен қатар ақпаратты жинау, өңдеу және беру құралдары;
ақпараттық жүйелер мен ақпараттар банкін құру үшін ақпараттық және есептеу техникасының құралдарын таңдау және пайдаланушы тәжірибесін оқыту;
деректер базасын құру принциптерін, оның міндеттері мен функционалдау ерекшеліктерін оқыту, сонымен қатар оларды құрастырудың практикалық тәжірибесін алу;
ақпараттық жүйелердің құрылымымен, элементтерімен танысу;
ақпараттық процестер сипаттамасын талдау және оларды жобалау үшін алғашқы деректерді құру;
нақты программалау құру жолымен алгоритмдік тілдер мен программалау білімдерін бекіту;
нақты қаржылық, инвестициялық, қорды, өндірісті және басқа іскер құжатнаманы оқыту;
қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау сұрақтарымен танысу;
мамандық бойынша ары қарай оқу процесінде теориялық материалдарды жақсы меңгеруге көмектесетін белгілі бір практикалық білімдерін алу;
курстық жұмыстар мен жобаларды орындау үшін қажет материалдарды дайындау және жүйелендіру;
өндірістік ұжымда сөйлесудің бірінші тәжірибесін алу.
3.1.3 Практика мазмұны
Практиканың танысу бөлімі өндіріс сипаттамасы және кәсіпорын құрылымы мен онымен басқару, құрылымы мен шешілетін есеп және кәсіпорында ақпаратты өңдеу туралы жалпы көріністі береді. Студентті практикант ретінде жұмыс орнына отырғызған уақыттан бастап, оларға кәсіпорындағы еңбекті қорғау ережесі мен ішкі тәртіп ережесі таратылады, онымен танысу керек.
Практика орын бойынша бөлу және барлық практикамен жетекшілік ету кәсіпорынның нақты бөлімшелері мен қызметтерінде жүзеге асады.
Практиканың бірінші бөлімі студенттің кәсіпорынмен жалпы танысуын, оның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымын, экономикалық ақпараты сипаты мен мазмұнын қарастырады. Жеке тапсырмаларда көрсетілген бөлімшелерде зерттеледі.
Екінші бөлім нақты жұмыс орнында жұмыс істеуге, жұмыс істеу тәжірибесін алуға, сонымен қатар жұмыс орнында зерттеу материалдарын өңжеу және есеп құруға арналады.
3.1.4 Практикаға жеке тапсырма
Әрбір студент практикаға кетер кезде, программа және жоспар-графиктен (күнтізбелік жоспар) басқа, өзінің практика жетекшісінен жеке тапсырма алады.
Жеке тапсырмалар мазмұны мен оларды орындау мерзімі кафедрамен құрастырылады және кәсіпорынмен мақұлданады. Практикаға жіберілген кезде кафедрадан практика жетекшісі әрбір студенттің жұмыс дәптеріне немесе практика күнделігіне оны орындау мерзімін көрсету арқылы жеке тапсырмалар жазады.
Жеке тапсырмалардың мысалға алынған тематикасы оқудың әртүрлі периодтарында оқылатын пәндердің жұмыс программаларына сәйкес келеді. Жеке тапсырмалар тақырыбы практика базасы есебінің спецификасы есебімен түзетілуі мүмкін.
Студенттерге практикаға берілетін тапсырмалар:
Экономикалық процесс моделін құру.
Жеке модуль немесе экономикалық ақпараттық жүйенің кішігірім есептерін программалау тілінде программа құру.
Есептеу машинасында программа кітапханасының құрылымын ұйымдастыру.
Құрылымды, қолдану облысын және ақпараттық-іздеушілік жүйелерді меңгеру.
Нақты қолданбалы экономикалық программалар пакетін зерттеу.
Экономикалық ақпараттық жүйенің бар деректер базасын оқыту және оны дамыту бойынша ұсыныстар.
Жаңа ақпараттық технологиялар, базалық ақпараттық үрдістер моделін ендіруді оқыту.
3.2 2-өндірістік тәжірибе (мамандық профилі бойынша)