Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мет указ по проф практике каз_13-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
205.31 Кб
Скачать

1. Пайдалану облысы

5В070300- «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған өндірістік практикасынан өтудің әдістемелік нұсқауы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 5В070300-«Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған.

Бұл нұсқау өндірістік практикасын ұйымдастыру мен өткізуге арналған негізгі талаптар мен ережелерден тұрады.

Әдістемелік нұсқаудың мақсаты практиканы ұйымдастыру мен оған жетекшілік етуді жүйелендіру мен регламенттеу болып табылады.

2. Нормативті сілтемелер

Бұл өндірістік практикасына арналған әдістемелік нұсқау берілген өндірістік практикасына арналып құрылған және осы өндірістік практикасы бойынша жүргізілетін оқу процесін ұйымдастырудың реті төмендегі құжаттардың ұсыныстары мен талаптарына сәйкес құрылған:

5В070300 "Ақпараттық жүйелер" мамандықтағы бойынша жалпы білімдік мемлекеттік стандарты, КР МЖБС 5.03.005-2009, Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігінің 2009 жылдың 31 шілде №366 бұйрығымен іске асыру енгізілді.

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті бакалавриат және жоғары арнайы білім мамандықтарының оқушылары кәсіптік практикасы туралы Ережелер» жинағы, 05.12.2013 жылдың басылым №1.

3 ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ТҮРЛЕРІ

Өндірістік тәжірибе университетпен практика өткізу туралы шартқа отырған кәсіпорындарда университет бойынша бұйрықпен өткізіледі.

Практиканың базасы ретінде мынандай мекемелер және өнеркәсіптер алынуы мүмкін:

  • мекеме - өндірушілер;

  • қаржылық мекемелер;

  • банктер және бағалы қағаздар биржалары;

  • қорлар;

  • коммерциялық фирмалар;

  • ғылыми – зерттеу ұйымдары;

  • мемлекеттік және муниципалды мекемелер.

Өнеркәсіптің нақты түрі – практика базасы университеттің өкімі бойынша әрбір студентке жеке бекітіледі.

2,3,4 курс студенттерінің практикасы «жоо-өндіріс» жүйе бойынша оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптарына сәйкес болып және кәсіптік есептерді шешуде ғылыми, шығармашылық әдістердің дағдыларын дамытуға бағытталған.

5В070300 - «Ақпараттық жүйелер» мамандығы оқу жоспары бойынша күндізгі бөлімде 3 өндірістік тәжірибе және сыртқы оқу бөлімі бойынша 1 өндірістік тәжірибе қарастырылған.

Практика базасы ерекшеліктеріне және студентке берілген тапсырмаға сәйкес университет және кәсіпорыннан жетекшілермен уақытқа байланысты практикадан өту жоспар-графигі құрылады.

Практиканы өткізу әдістемесі практика түріне байланысты болатын келесі бөлімдерден тұрады: практика мақсаты, практика міндеттері, практика мазмұны, практикаға жеке тапсырмалар, дәрістер және экскурсилардың жуықты тематикасы, өндіріс экономика және ұйымдастыру сұрақтары, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері.

Әдістеме бөлімдері: практика бойынша студенттердің есебі, практиканы басқару, ұйымдастыру сұрақтары практика түріне байланысты емес берілген.

3.1 1-өндірістік практика

(Алғашқы кәсіптік дағдылар және білімдер алу)

3.1.1 Практика мақсаты

Кез-келген практиканың жалпы мақсаты – оқу мерзімінде алған теориялық және практикалық білімдерін бекіту және ұлғайту.

Сонымен қатар өндірістік практика мақсатына мыналар жатады:

  • Кәсіпорынның нақты практикалық жұмысымен танысу;

  • Кәсіпорын құрылымы мен онда қызмет ететін басқару жүйесін меігеру;

  • өндірістік-қаржылық қызметті ұйымдастыру тәжірибесін меңгеру, кәпіорын және ұжыммен басқару;

  • кәсіпорынның ақпараттық құрылымын меңгеру;

  • кәсіпорында пайдаланылатын ақпараттық технологияларды меңгеру;

  • өндірістік есептерді шешу үшін кәсіпорынмен пайдаланылатын программалық және техникалық құралдармен танысу;

  • практика жүргізілетін нақты кәсіпорын қызметі мен практика мақсатымен байланысқан теориялық сұрақтардан біреуін қарастыру;