Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 вариант каз 2012 .DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
857.6 Кб
Скачать

ВАРИАНТ 1

Есеп 1

Жол апатынан кейін 34 жастағы ер адам жедел көмек көрсету қызметімен ауруханаға жеткізілді. Тексерген кезде: екі аяғында да белсенді қозғалыстардың жойылғандығы, тізелік, ахилл рефлекстерінің болмауы, аяқтарының анестезиясы анықталған.

1. Тізе буыны қапшығының артқы бөлігін қандай нерв иннервациялайды:

  1. +шонданай, асықты жілік, жалпы асықты жілік шыбығы

  2. шонданай, жалпы асықты жілік шыбығы

  3. сан нерві, жалпы асықты жілік шыбығы

  4. асықты жілік, жалпы асықты жілік шыбығы

  5. сирақтың артқы аймағының терең нерві

2. Қимылдату аппаратының қызметінің бұзылуын қандай нейрондардың деструкциясымен түсіндіруге болады?

A. бүйірлік мүйіздердің ассоциативті нейрондарының

B. жұлын ганглийінің сезімтал нейрондарының

C. артқы мүйіздің ассоциативті нейрондарының

D. +алдыңғы мүйіздің мотонейрондарының

E. артқы мүйіздің кеуекті затының ендірме нейрондарының

3. Жұлынның қандай сегменттері зақымдалғанда тізенің сіңір рефлекстерінің жойылуы байқалады?

А. III және IV мойын сегменттері

В. VI және VII кеуде сегменттері

С. V және VI мойын сегменттері

D.+ III және IV бел сегменттері

Е. I және II сегізкөз сегменттері

4. Аяқ-қолдарындағы белсенді қозғалыстардың жойылуы қалай аталады?

А. тетраплегия

В. +параплегия

С. парапарез

D. гемиплегия

Е. гемипарез

Есеп 2

Менингитпен ауыратын науқаста (ми қабығы қабынуы) үлкен бас миының үлкен жарты шарлар қыртысында нейрондар зақымдалған. Адамның бас миы қыртысының құрылысты-функциональды сипаттамасын айтыңыз.

5. Ми қандай қабықтары бар:

A. қатты, торлы, кемікті

B.+ қатты, жұмсақ, өрмекші

C. өрмекші, тамырлы, қатты

D. тамырлы, өрмекші асты, торлы

E. фиброзды, тамырлы, қатты

6. Мидың үлкен жарты шарларының құрылысының кестесінде молекулярлық қабатты анықтаңыз.

A.+ 1

B. 2

C. 3

D. 4

E. 5

7. ОЖЖ-нің қызмет етуінің негізгі принциптеріне не жатады?

A. +біріктіруші, рефлекстік

B. бейімделуші, тежегіш

C. қозғыш, доминантты

D. рефлекстік, кешіктіргіш

Е. жинақтаушы, жеңілдеткіш

8. Менингеальды белгісіне не жатады?

  1. Ласегтың

  2. +Брудзинскийдің

  3. Оппенгеймнің

  4. Броун-Секардың

  5. акинетико-ригидті

Есеп 3

Бүйрек үсті безі – әр түрлі гормондар комплекстерін түзілетін көп аймақтар бар күрделі эндокринды без. Сау адамда бездің құрылысты-функциональды сипаттамасын айтыңыз.

9. . Бүйрек үсті безіне қандай шанды футляр түзеді:

А.іш перде арты

В. бүйрек алды

С+. бүйрек арты

D. көлденең

Е. көк еттік

10. Бүйрек үсті безінің екі даму негізі бар, оның қабықтық және милық заттарының құрылымы күрделі болады. Норадреналин және адреналин өндіретін жасушалар қай жерде орналасқан?

A. 1

B. 2

C. 3

D. 4

E.+ 5

11. Төмендегі түсініктемелердің қайсысы норадреналинге қатысты?

А. парасимпатикалық жүйке жүйесінің медиаторы болып табылады

В. + симпатикалық жүйке жүйесінің преганглиялық ұшында өндіріледі

С. бүйрек үсті безінің қыртыстық затында синтезделеді

D. гликогенолиз бен липолизді тежейді

Е. қатты күш түскенде және эмоциялық стресс кезінде метаболиттер түрінде несеппен қарқынды түрде шығарылады

12. Катехоламиндердің көптеп өндірілуімен жүретін клиникалық симптомдар қандай патологияның көрінісі?

  1. Кушинг синдромының

  2. микседеманың

  3. +феохромоцитоманың

  4. Кон синдромының

  5. тиреотоксикоздың

Есеп 4

Қалқанша без ағзаның негізгі алмасым реттеліп отырады, кальцийдің гомеостазын, тіндердің өсуін және нақтылануын қамтамасыз етеді. Қалыпта, гипер- және гипофункцияда бездің құрылысты-функциональды сипаттамасын айтыңыз.

13. Қалқанша безінің төменгі бөлігінің шекарасын атаңыз:

  1. кеңірдектің 1-2 жартылай сақинасы

  2. кеңірдектің 3-4 жартылай сақинасы

  3. +кеңірдектің 5-6 жартылай сақинасы

  4. кеңірдектің 7-8 жартылай сақинасы

  5. кеңірдектің 10-12 жартылай сақинасы

14. Қалқанша безінің құрылысының кестесінде мүшенің нормофункциялық көрінісін анықтаңдар.

A. 1

B. 2

C+. 3

D. 4

E. 5

15. Тироксин ағзаның қандай қызметтеріне әсер етеді?

А. бауырда гликогеннің жинақталуы, қандағы қант деңгейі, май алмасуы

В. бұлшықетте гликогеннің жинақталуы, қандағы қант деңгейі, көмірсу алмасуы

С. қандағы қант деңгейі, тамырлар тонусы, ішектердің қимылы

D. кальций алмасуы, фосфор алмасуы, ұлпаның қозғыштық деңгейі

Е. + жылу өндіруі, ақуыз алмасуы, ұлпаның өсуі мен жіктелуі

16. Қалқанша без қандай гормондарды түзіледі?

А. +тиреоидті гормондар;

В. катехоламиндер;

С. глюкокортикоидтар;

D. эстрогендер;

Е. минералокортикоидтар

Есеп 5

Ауыз қуысында сілекей ферменттердің әсер етуінен тамақтың көмір-су компоненті қорытылады. Сілекейдің бактерицидті әсері бар. Сау адамның сілекей бездерінің құрылысты-функциональды ерекшеліктерін айтыңыз.

17. Жақ асты сілекей безіне қандай шандыр қапшық түзеді:

  1. мойынның І шандыры

  2. +мойынның ІІ шандыры

  3. мойынның ІІІ шандыры

  4. мойынның IV шандыры

Е. мойынның V шандыры

18. Кестеде шықшыт сілекей безін анықтаңыз.

A+. 1

B. 2

C. 3

D. 4

E. 5

19. Құлақ маңы безі қандай секрет бөліп шығарады?

А.+ серозды

B.шырышты

C.аралас

D.қою

E.муцинге бай

20.. Құлақ маңы бездердің ұлғаюы және ауызы құрғауы науқастың қандай патологиясы туралы дәлелдейді?

  1. гастритке

  2. + эпидемиялық паротитке «свинка»;

  3. микседемаға

  4. эзофагитке

  5. В12- тапшылықты анемияға

Есеп 6

Дәрігердің қабылдауына келген науқас астың өтуі қиындап, жұту кезінде түйілу сезіміне шағымданды. Өңештің ауруға шалдығуы туралы жорамал жасалды. Патологиялық өзгерістердің сипатын анықтау үшін дені сау адамның өңешінің құрылымдық-қызметтік сипаттамасын беріңіз.

21. VІ және VП мойын омыртқалар деңгейінде өңештің қандай тарылуы орналасқан:

  1. қолқалық

  2. бронхтық

  3. + жұтқыншақ

  4. көк еттік

  5. кардиалдық

22. Ас қорыту түтігінің бөлімдерінің кестесінде өңешті анықтаңыз.

A. 1

B+. 2

C. 3

D. 4

Е. 5

23. Адамда өңештің қозғалғыш қызметін қандай әдіспен зерттейді?

А. баллонографиялық

B+. рентгеноскопиялық

C. гастрографиялық

D. радиотелеметриялық

E. эндорадиозондтау

24. Өңеш зақымдануына қандай белгі жатпайды?

  1. дисфагия

  2. тамақ жұтқанда төс артында ауырсыну

  3. өзгермеген, қорытылмаған тамақпен құсу

  4. +30мин тамақ қабылдағаннан кейін эпигастральды аумағында ауырсыну

  5. Қыжылдау