
- •1 Орталық Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орны
- •1.1 Орталық Қазақстанның табиғаты және табиғи ресурстарына экономикалық географиялық тұрғыдан баға беру
- •2.1 Орталық Қазақстанның қалалары мен ауылдық елді мекендері бойынша табиғи өсім мен өлу динамикасына әсер етуші факторлар
- •Сурет 1. Орталық Қазақстан ауданының ұлттық құрамы картасы
- •1998-2012 Жылдары Қарағанды облысындағы халық санының өзгеруі [39]
- •2010-2013 Жылдардағы Қарағанды облысында жұмысқа жарамды жастар аралығындағы көші-қон [39]
- •2.2 Орталық Қазақстан ауданының экономикалық белсенділігі
- •Сурет 3. 2012-2013жж. Сыртқы көші-қон өзгерісі
- •Сурет 6. 2013 жылдың айлары бойынша ірі және орта кәсіпорындардағы бос орындар саны.
- •Сурет 7. Қарағанды облысы бойынша 2013 жылғы іі тоқсандағы жұмыспен қамтылған халықтың пайыздық өлшемі
- •2.5 Халықтың еңбек төлемі және тұтыну бағасының индексі
- •Сурет 9. 2011-2013 жылдардағы Қарағанды облысындағы инфляция
- •Сурет 10. Абай қаласының өнеркәсіптерінің жылдық табысы
- •2014 Жылдың 1 қаңтарында халық саны 51,1 мың адам және 2012 жылдан 1 % артқан.
- •2010–2013 Жылдар кезеңінде Шахтинск қаласының еңбек нарығында жағдай жұмыссыздық деңгейі төмендеуімен және экономикалық белсенділік деңгейімен сипатталады [42].
- •3.1 Орталық Қазақстанның экономикалық даму жағдайы және экономикалық даму бағыты
- •3.2 Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экологиялық жағдайының әлеуметтік-демографиялық жағдайға әсері
- •2013 Жылғы деректер бойынша кәсіпорындардың рұқсат етілген шектің (реш) көрсеткіштері[32]
2.2 Орталық Қазақстан ауданының экономикалық белсенділігі
Қарағанды қаласының маңында 8 серіктес қалалар, қала типті поселкелер Қарабас, Ақтас, Шахан пайда болды. Қалалардың көпшілігі кен орындары бар жерде, салынып жатқан зауыттар жанында, электростанция немесе теміржолдардың бойында пайда болды. Қазіргі таңда Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының жүргізген мемлекеттік реформасына байланысты әртүрлі формадағы шаруашылықтың жеке меншік және әртүрлі формадағы шаруашылық түрлері бар. Қалалардың экономикалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайы түпкілікті өзгерді. 1991-2005 жылдар аралығында 236 мемлекеттік кәсіпорындар АҚ мен серіктес АҚ болды, 47 АҚ-ның мемлекеттік пакет акциялары инвестициялық тендерге түсті. Орталық Қазақстан инвестициялық саясат жүргізуде, оны енгізуде республика көлемінде 1-ші облысқа айналды. Мысалға, ірі кәсіпорындар қатарына: «ААҚ Қазақмыс», «ААҚ Қарағанды маргарин зауыты», «ААҚ Қарағанды конфеті», «АҚ Қарағанды нан», «ААҚ Қарағанды полиграфия», т.б. Көпшілік кәсіпорындар ААҚ мен ЖАҚ құрып, Қарағанды қаласынан тысқары жерлерде де пайда болды. Соның бірі көмір «Миттал Стил» Теміртау құрамында бірнеше шахталар мен кәсіпорындар жұмыс жасайды. Қарағанды қаласының кәсіпорындары жылына 1212 мың т тас көмір, 179 млн квт сағат электр энергиясын, 342 мың ккал жылу энергиясын өндіреді. Басқа кәсіпорындарға қарағанда Қарағанды қаласының өзінде орналасқан кәсіпорындардың өзіндік үлесі өте жоғары. Қарағанды қаласының өзіндік салмағы 9,4% құраса, облыс бойынша халықтың 38%, облыс көлемінде жұмыс істеуші халықтың 34,1% құрайды. Әкімшілік аумақтық құрылымы жағынан 2-ші ірі қаласы Балхаш. Балхашқа жұмысшы поселкелері Гүлшат пен Саяқ та қосылады. Алғашқы Балхаш қаласының салынуына 1931 жылы Балхаш мыс қорыту зауытының, Қоңырат байыту фабрикасына байланысты Балхаш көлінің жағалауында салынуы басталды. Қалада алғашқы жылдарда 40 мың адам тұрса, 1959 жылы -53 мың адам, 1970 ж -76 мың, 1975 ж -81 мың, 1989 ж -101мыңға дейін өсіп, 1991-2005 жылдар аралығында 74,7 мыңға дейін азайған [32, 33].
Қала экономикасында 254 кәсіпорын, оның 5 кен өндіру, өңдеуші 19, құрылыспен он кәсіпорын айналысады. Облыстық өнеркәсіп өнімінің 16%-ы Балхаштағы «ААҚ Қазақмыс» корпорациясының кәсіпорындары береді.
Орталық Қазақстандағы ірі өнеркәсіпті орталықтардың бірі бұл – Жезқазған қаласы. Қарағанды мен Жезқазғанның арақашықтығы 580 км. Жезқазған қаласы 1954 жылы Кеңгір суқоймасының бойында бой көтерген түсті металлургияның ірі орталығы. Жезқазған қаласының құрамына Кеңгір, Талап, Малшыбай сияқты селолық Жезқазған жерінде 20-дан астам пайдалы қазбалар, атап айтсақ: мыс, күміс, қорғасын, мырыш, кадмий, күкірт, алтын, осьмий, т.б. кездеседі. Қалада ААҚ Қазақмыс, ААҚ жылы сумен қамтамасыз ету, ААҚ электро байланыс, ЖАҚ көркем, ААҚ Полиграф, АҚ Жезқазған редмет, ААҚ Қазфторчермет, АҚ Жезқазған жолдары, Жезқазған басқармасы Сантехмонтаж, АҚ Жезқазған филиалы Имстальком, т.б. кәсіпорындар қала экономикасын 76,4%-ын беруде. Өнеркәсіп өндірісінде ААҚ Қазақмыс корпорациясының үлесі жоғары. «Казақмыс Корпорациясы» республикада шығарылатын шақпақталған қара мысты, аффенажды цехтар – аффенажды алтын мен күмісті, мысты, мыс концентратын, мырыш және мырыш концентратының өнімдерін береді. Халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайын көтеруде осы кәсіпорындардың үлесі жоғары. Саран қаласы облыстағы Ақтас, Дубов, 50 жылдық атындағы, Саран, Сокур көмір шахталары орналасқан өнеркәсіпті қала. Қалада 3 байыту фабрикасы, темір бетон зауыты, 2 кірпіш зауыты, 1 резинотехникалық бұйымдар шығаратын Қарағанды зауыты жұмыс жасауда. Облыс көлемінде Теміртау қаласының да алатын орны ерекше. Қарағанды қаласынан 35 шақырым солтүстік-батыста, Нұра өзенінің сол жағалауында бұрынғы Самарқанд поселкесі, қазір Теміртау деп аталады. Теміртау қаласы қара металлургия өнімінің 100%-ын, химия өнімінің 84%-ын, 80% металлды емес минералды өндіріс өнімдерін шығарады. Облыстағы кіші қалалардың қатарында Абай қаласы, Шерубай-Нұра көмірлі ауданының негізінде 1949 жылы қабырғасы қаланған. Ауданның рельефінде Қоянды, Ақшоқы, Спасск таулары жатыр.
1959 жылы Абай қаласында 18 мың халық, 1970 жыл -34 мың, 1975 ж - 44 мың, 1989 ж -45 мың, қазір 50 мыңдай халық тұрады. Абай қаласы Абай ауданының орталығы, қалаға 7 поселке: Оңтүстік, Топар, Изумплут, Қараған, Қызыл және 10 ауылдық елді мекендер қарайды. Абай қаласының кәсіпорындары: «АҚ Оңтүстік Топар кен басқармасы», «ЖШС Құю-механика мыс зауыты», «ЖШС Абай электросеть», «Абай шахтасы», «Жылу комбинаты», т.б. Көпшілік кәсіпорындары Қарағанды қаласының кәсіпорындарымен тығыз байланысты.
2.3 Орталық Қазақстан ауданының көші-қоны және тұрмыс деңгейі
2013 жылғы қаңтар-тамызда көші-қон ағымының және халық ағымының төмендеуі байқалды. 2013 жылғы қаңтар-тамыз ішінде сыртқы көші-қон ағымында келушілер қарқыны 3,3%-ға өсті, ал кетушілер саны 13,4%-ға қысқарды. ТМД елдерінен келгендер саны 2012 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 6,5%-ға өсті, алыс шет елдерден келгендер саны 15,7%-ға кеміді. ТМД елдеріне кеткендер саны 14%-ға, ал ТМД елдеріне кірмейтін елдерге кеткендер 6,7%-ға кеміді. Халықаралық көші-қон ағымында ТМД елдерімен алмасу басым болып сақталып отыр. Олардың үлесіне келгендерге 88%-дан және кеткендерге 90,7%-дан келеді. 2013 жылғы қаңтар-тамызда көші-қон кемуі басқа елдермен алмасуда 953 адамды құрады, оның ішінде ТМД елдерімен кему 899 адамға, ал алыс шет елдерімен 54 адамға байқалды. Сонымен қатар 3-ші суреттен өткен жылдың қаңтар-тамызында көші-қон теріс айырым мөлшері жақын шет елдермен 1302 адамды, ал алыс шет елдермен 40 адамды құрады. Жалпы республикалық деңгейде облысқа келушілер саны 5,3%-ды, облыстан кеткендер – 13,6%-ды құрады.2012-2013 жж сыртқы көші –қон өзгерісін сурет 3-тен көре аласыздар.