Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гаухар Орталык Казахстан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
418.62 Кб
Скачать

1998-2012 Жылдары Қарағанды облысындағы халық санының өзгеруі [39]

Жылдар

Жалпы өсім

Табиғи өсім

Көші – қон өсімі

1998

869

15494

-14630

1999

-15078

13350

-28428

2000

-25945

8976

-34921

2001

-44215

7601

-51816

2002

-26992

2974

-29966

2003

-21726

319

-22045

2004

-25777

-14

-25791

2005

-29313

176

-25489

2006

-15208

422

-15630

2007

-17083

-547

-16536

2008

-16000

300

-14340

2009

-15400

350

-12200

2010

-14300

340

-11400

2011

-10000

400

-9200

2012

-8884

530

-9400

Кетушілер мен келушілердің арасында техникалық мамандық иелері бар,олар 35,3 және 35,9% құрады, 2 орында педагогикалық мамандығы бар 15,5 және 15,4%, 3 орында экономикалық мамандығы бар кетушілер 14,4% ал келушілердің 15,4% медициналық мамандығы болды. Эмигранттар мен иммигранттардың негізін жұмысшылыр мен қызметкерлер, 60,25% эмигранттар, 60,3% иммигранттар құрады. Үй шаруашылығында әйелдердің өзіндік салмағы 7,6 және 7,5%, жұмыссыздар 15,1% және 17% көрсетті. Кетушілердің 5% студенттер, ал келушілерде студенттер болмады. Ал, зейнетткерлердің өзіндік салмағы, келушілер 15,3% кетушілер 6,6% көрсетті.

Кетушілердің көпшілігі өмір сүрудің жеңілдігі Германияға, оған кетушілер 35%, 37% Ресейге, 10,5%-АҚШ, 9,4% - ТМД елдеріне, 3% - Канадаға, 2,3% - Австралия мен Израильге, 1,9% - Грецияге, 4% - Белгия,Франция, Швеция, Швейцарияға кетті.

Кетушілердің 19,3% жанұя жағдайымен, 47,3% туыстарымен тұрғысы келетіндігін, 16,2% балаларына білім беру мақсатында, 4,2% некеге тұру үшін, 4,6% өте жақсы жағдайда бала туу үшін, 2,9% некелесу мақсатында болды.

Ал келушілердің 34% туыстарымен тұру үшін, 11,3% некеден шығу мақсатында, 7,5% некеге тұру үшін, 7,5% білім алу үшін, 5,3% тұрғын үй алу мақстында, 5,7% жұмыстың жоқтығына байланысты болды. Келушілердің 3,8% тарихи отанына келуге тілек білдіруі, 7,5% денсаулығына байланысты, 1,9% жағдайының ауырлығын, 3,8% ұлтаралық қақтығысты айтты. Келушілердің 16,4% ешқандай себеп жоқ, тек орын ауыстыруды көздеді [33]. Алтыншы кестеде осы келген иммигранттардың келуге дейінгі және келгеннен кейінгі табыс көзі көрсетілген.

Кесте 4

Иммигрантардың келуге дейінгі және келгеннен кейінгі табыс көзі % бойынша [41]

Табыс көзі атаулары

Бұрынғы тұрған орнында (келуге дейін)

Жаңа тұрғын орнында (келгеннен кейін)

Жалақы

50,0

40,4

Стипендия

-

-

Зейнетақы

18,8

15,4

Жәрдемақы

3,1

3,8

Туыстарымен бірге

25,0

34,6

Басқа

3,1

5,8

Жалпы

100,0

100,0

1991 жылы Қарағандыға келушілер 61169, 2003 жылы 13397 адам болды, кетушілер 1991 жылы 2003 жылы 9200 адам болған. Кейінгі 2006-2007 жылдары кетуге қарғанда еңбек жасындағылардың келуі жоғары болды. Бұл Қарағанды қаласының экономикалық деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Ірі қалалар халық шаруашылығына қажетті маман кадрларды даярлайтын орталық. Мысалы, Қарағанды халық шаруашылық салаларының ірі орталығы, мұнда қоғамдық және аумақтық еңбек бөлінісі жеткілікті.

Жүргізілген сауалнама бойынша көші қонға негізгі әсер етуші фактор деп экономикалық жағдайды айтты. Ірі қалалардағы көші-қонға әсер етуші фактор-халықтың өмір сүру жағдайы, қалаларда әртүрлі өнеркәсіп, ғылыми зерттеу кәсіпорындары мен мекемелері,қоғамдық, әкімшілік, оқу және мәдениет мекемелері баршылық.

Кесте 5

Қазақстанға келгеннен кейінгі иммигранттардың өмір сүруіндегі өзгерістері [39]

Өмір шарттары

Жақсарды

Төмендеді

Бұрынғы жағдайда қалды

Жауап беруге қиналады

Отбасылық жағдайлары

29,5

11,4

54,5

4,6

Денсаулық жағдайлары

33,3

9,5

57,2

-

Тұрғын үй жағдайлары

44,7

23,4

25,5

6,4

Күнделікті жағдайлары

37,8

28,9

28,9

4,4

Еңбек шарты

25,7

22,9

45,7

5,7

Оқу шарты

28,6

4,8

42,8

23,8

Экологиялық орта

20,0

17,5

30,0

32,5

Ұлтаралық байланыстар

17,5

10,0

37,5

35,0

Күнделікті жағдайлары

37,8

28,9

28,9

4,4

Материалды жетушілік

19,1

36,2

38,3

6,4

Еңбек шарты

25,7

22,9

45,5

5,7

Оқу шарты

28,6

4,8

42,8

23,8

Экологиялық орта

20,0

17,5

30,0

32,5

Ұлтаралық байланыстар

17,5

10,0

37,5

35,0

Теміртау- Қарағандыдан кейінгі ірі өнеркәсіпті орталық. 1991-2003 жылдары келушілер 4 есе азайса, кетуден ең жоғарғы көрсеткіш 1994 жылы- 10495 адам. Одан кейінгі жылдары кетушілер азайып, келу көбеюде.

Абай қаласына 1991-2003 жылдары келушілер 5 есе өсіп, кетушілер 2 есе болған. 1994 жылы 5229 адамға жеткен, қазіргі таңда жаппай кету өте аз.

Балхаш қаласында сыртқа кеткендер 1994 жылы 6575 адамды құраған, 1995 жылы кетушілер 2 есе азайып, кейінгі кезде бұл үрдіс баяу жағдайда өтуде. Осы көрсеткіштерден жалпы Орталық Қазақстан бойынша кетудің шыңырау шегі жаппай кету 1994 жылы байқалғанын, қазіргі жағдайда бұл үрдістің баяу өтіп жатқанын байқаймыз. Теріс сальдо Шахтинскіде, ал серіктес қалалар бойынша Абай мен Саранда байқалғанын көреміз. Дәл осындай жағдай Орталық Қазақстандағы ауылдық елді мекендерде де байқалады.

Республика бойынша облыс аралық көші-қон табиғи процесс, бірақ кейінгі 10 жылда Орталық Қазақстанда қалаға қарай көшу кең етек алған. Бұл әртүрлі жағдайларға,біріншіден жұмыстың жоқтығы, екіншіден өмір сүру деңгейінің төмендігі, үшіншіден айлықтың уақытынды берілмеуі, төртіншіден ауылдық елді мекендерге өмір сүру жағдайының жоқтығы т.б. Қазір республика бойынша ең төменгі көрсеткіш 12,6 % болса, орташа республикалық 47,1% көрсетіп отыр. 2002-2003 жылдарға дейін көші-қон сальдосы өте күрт өзгеріп отырған, 2004-тен бастап біршама тұрақтанған. Абай, Жаңаарқа, Қарқаралы аудандарында сальдо көрсеткіші төмен болған.

Қарағанды облысының қалаларына келуші қазақтардың қалаға тұрақтануы орыстарға қарағанда біршама жоғары. 2003-2006 жылдары Қарағанды облысынан 162 қазақ, ал орыстар 12834 кеткен. Көпшілік қалалық елді мекендерінде тербелмелі көші-қон, яғни жұмысқа барып қайту сияқты түрлері кең тараған. Бұл әсіресе Теміртау, Шахтинскі, Абай, Сарань қалаларында және қала маңы елді мекендері Елтай, Үштөбе және Топарда сақталуда. Көші-қонның халықтың демографиялық жағдайына әсері өте зор. 1991-2003 ж.ж. арасындағы көші-қонның әсері Қарағанды облысында айрықша байқалды. Халықтың ұдайы өсуіне көші-қонның әсері халықтың жастық жыныстық құрылымына негізделіп зерттеледі, осыған байланысты табиғи өсімге қарағанда көші-қонның халықтың саны мен ұдайы өсуіне әсері айрықша байқалады. Кетушілердің арасында еңбекке қабілетті халықтың ер адамдардың басымдылығы байқалады. 30-40 жылдардағы халықтың жаппай депортациялануы Қазақстанға саяси жер аудару сияқты сотталғандардың үлкен лагер ошағына айналуы Қарағанды облысында ремиграциялық үрдістің негізін қалады. Кетуші халықтың арасында еңбекке жарамды жастағылар 1,2 есе артық, жыныстық белсенді халықтың өзіндік салмағы өте жоғары болады. Ал көші –қондағы өзіндік үлестің бірдей болмауы жанұя құруға және туудың кемуіне негізгі әсер етуші фактор болып саналады. Қарағанды облысы бірнеше жылдарға дейін әртүрлі себептерге байланысты халқының біресе көбейіп, біресе азайып, көші-қон ошағына айналды. Сонау 1950 жылдары көші-қон динамикасы ең жоғары көрсеткіші мың адамға шаққанда елу-алпыс адамнан, кейін өсу төмендеп 1970-ші жылдары нөлдік сальдоны көрсеткен 1980 –ші жылдың басында қайтадан көші-қон өсіп, 1985 жылы бұл үрдіс бәсеңдеген. Жалпы облыс көлемінде 1970 жылға дейін халық саны механикалық өсу бойынша 1970 жылы көші-қон төмендеген. 1990 жылдың басында көші-қонда теріс сальдо қалыптасып, облыстан кейінгі 1991-2005 жылдар арсында 439.3 мың адам кеткен. Көші-қондық кему 1994 жылы байқалып, облыстан тыс жерлерге 72.6 мың адам кеткен. 1991-2003 жылы Қарағанды қаласынан 186837 адам кетіп, 119 531 адам келген, көші-қондық кему 67306 адамды құраған. Көші-қондық кему көрсеткен екінші қала Теміртау, 1991-2003ж. арасында кему 19914 адамға жеткен. Облыстағы 3-і ірі қала Жезқазғанда 1991-2003ж. аралығында 27437 адам келіп, 38242 адам кеткен, көші-қондық кему 10805 адамды құраған. Балхаш қаласында келу 30803, кету 39989 адамды құраған. Қарағандыға жақын қала Шахтинскіде көші-қондық кему 23226 адамға жеткен. Көші-қондық кему тек қалалар көлемінде ғана емес, ауылдық елді мекендерде анық байқалып, кемудің жоғарғы шегі 1994 жылы байқалған.

Облыстық статистикалық басқарма мекемелерінің зерттеулері негізінде, Қарағанды облысында кішігірім қалалардың халқы біртіндеп азайып, жастары ірі қалаларға ауысып, ауылдық жерлерде халықтың табиғи өсімі төмендеп, өлу үрдісінің көбейіп кеткендігі байқалған. Көші –қонның негізгі себептерін білу үшін кетушілердің және келушілердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері салыстырылады, яғни білім деңгейі, әлеуметтік жағдайы және қоғамдағы топқа кіруі бойынша және т.б.

Анкеталық сұрақтар нәтижесі бойынша иммигранттардың 81,1 %-ы және эммигранттардың 93,4%-ы еңбекке жарамды жастағы адамдар санын құрады. Білім деңгейі бойынша орта арнайы білімдегілер саны эммигранттар саны бойынша 35.7%-ы, 47.2% болды.

Облыстық статистикалық басқарма мекемелерінің зерттеулері негізінде Қарағанды облысында кішігірім қалалардың халқы біртіндеп азайып, жастары ірі қалаларға ауысып, ауылдық жерлерде халықтың табиғи өсімі төмендеп, өлу үрдісінің көбейіп кеткендігі байқалған. Көші-қонның негізгі себептерін білу үшін кетушілердің және келушілердің әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері салыстырылады, яғни білім деңгейі әлеуметтік жағдайы, қоғамдағы топқа кіру бойынша және т.б. 2010-2013 жылдардағы Қарағанды облысында жұмысқа жарамды жастар аралығындағы көші-қон көрінісін кесте 6 –дан көре аласыздар

Кесте 6