Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гаухар Орталык Казахстан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
418.62 Кб
Скачать

Сурет 1. Орталық Қазақстан ауданының ұлттық құрамы картасы

Облыс аумағында республика халқының 8,4%-ы тұрады. Сурет 2-ден Орталық Қазақстан халқының саны мен табиғи өсімін көре аламыз.

Сурет 2. Облыстағы халық саны мен табиғи өсім [38]

2013 жылғы қаңтар-тамызда алдыңғы жылмен салыстырғанда туылғандар санының және халық өлімінің артқанын кесте 1-ден байқауға болады.

Кесте 1

2010-20103жж. қаңтар-тамыздағы халықтың табиғи қозғалысы [35]

Атауы

Адам

Тұрғындардың 1000 адамына

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2013ж. 2012 жылға, %-бен

Туылғандар

15451

15818

17,19

17,44

101,5

Қ айтыс болғандар: оның ішінде:

10029

10457

11,54

11,61

100,6

1 жасқа дейінгі жастағы балалар

290

225

19,65

15,42

78,5

Табиғи өсім

5422

5361

5,65

5,83

103,2

Некелескендер

7586

7611

8,71

8,88

102,0

Ажырасқандар

2978

3096

3,25

3,39

104,3

ескерту * 1000 туылғандарға

Қалалық елді мекендерде табиғи өсім 3818-ден 3865-ке дейін артты. Ауылдық жерлерде табиғи өсім 6,7%-ға төмендеді және 1496 адамды құрады.

2013 жылғы қаңтар-тамыз бойы тұтас облыс бойынша 15818 туылғандар тіркелді, бұл 2012 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 367 адамға немесе 2,4%-ға көп. Туылудың жалпы коэффициенті орта есеппен тұрғындардың 1000 адамына 17,19-ден 17,44 туылуға дейін жоғарылады. Облыста туу деңгейі орташа республикалықтан 22,6%-ға төмен [13,38].

2013 жылғы қаңтар-тамызда облыста 10457 адам өлді, бұл 2012 жылғы қаңтар-тамыздан 428 адамға (4,3%) көп. Халық өлімінің жалпы коэффициенті (халықтың әрбір 1000 адамына өлгендер саны) 11,54 тен 11,61 промильге дейін артты. Оған қоса облыста өлім деңгейі орташа республикалықтан 27,7%-ға асады.

Өлім себептері арасында, бұрынғысынша, қан айналымы жүйесінің ауруларынан болған өлім басым болып қалуда. Бұл себептен өлгендердің үлес салмағы 2013 жылдың қаңтар-тамызында 56,8%-ды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда олардың саны 6,9%-ға артты. Өлім себептерінің осы тобында суицидке байланысты өлім 3,1%-ға артты, кісі өлтіру нәтижесінде 1,6 есе кеміді, алкогольды улану оқиғалар саны 11,6%-ға төмендеді. Жұқпалы және паразиттік аурулардан өлгендер саны 6,2%-ға азайды. Тыныс органдары ауруынан өлгендер 5,8%-ға кеміді, ас қорыту органдары ауруынан өлгендер 14,2%-ға артты. Ісік ауруларынан өлгендер саны 4,3%-ға кеміді.

Жанама себептерден өмірін қиған адамдар саны 4,5%-ға артқанын кесте 2-ден көре алмыз.

Кесте 2

Өлімнің негізгі себептері бойынша өлгендер құрылымы [31]

Атауы

Өлгендер саны, адам

Үлес салмақ, %

2012ж.

қаңтар-тамыз

2013ж.

қаңтар-тамыз

2012ж.

қаңтар-тамыз

2013ж.

қаңтар-тамыз

Барлығы

10 029

10 457

100,0

100,0

қан айналымы жүйесінің аурулары

5 552

5 937

55,3

56,8

ісік

1 237

1 184

12,3

11,3

жазатайым жағдайлар, улану және жарақат

1273

1330

12,7

12,7

тыныс жүйелерінің аурулары

430

405

4,3

3,9

ас қорыту жүйелерінің аурулары

472

539

4,7

5,1

жұқпалы және паразиттік аурулар

289

271

2,9

2,6

басқа да аурулар

776

791

7,7

7,6

2013 жылғы қаңтар-тамызда облыста 1 жасқа дейінгі жастағы 225 нәресте көз жұмған, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 65 оқиғаға кем. Мұнымен бірге сәбилер шетінеуінің коэффициенті әрбір 1000 туылғанға 19,65-тен 15,42 өлген балаға немесе 21,5%-ға төмендеді. Сәбилер өлімінің себептері құрылымында туа біткен кемістіктен, перинатальді кезеңде (жүктіліктің 28-ші аптасынан бастап, туу мен нәресте өмірінің алғашқы 6 күнін қоса) олардың үлесі тиісінше 55,5%-ды және 24%-ды құрайды [11].

2013 жылғы қаңтар-тамызда АХАЖ органдарында тіркелген неке саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 25-ке (0,3%), ажырасулар саны 118-ге (4%) артты. Мұнымен бірге тіркелген ажырасулардың некеге арақатынасы біршама төмендеді. Мәселен, егер 2012 жылғы қаңтар-тамызда 1000 некелескен жұпқа 392 ажырасудан келсе, ағымдағы жылдың қаңтар-тамызына 406 болды [41].

Қарағандыда 2013 жылғы қаңтар-тамыз бойы 2012 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда туғандар саны 8,2%-ға, өлгендер саны 2,4%-ға артты және сәйкесінше 5847 және 3601 адамды құрады. Халықтың табиғи өсімі өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 19,1%-ға өсті және 2246 адамды құрады.

1991-2002 жылдары аралығында Орталық Қазақстан қалалары бойынша сыртқы көші-қон 250015 адамды, алыс шет елге 108366 адам, жақын ТМД елдеріне кету 141664 адамды құрады. 1991-2003 жылдар аралығында халықаралық көші-қонның 56,6% ТМД елдеріне кету байқалды.

Алыс шет елге Орталық Қазақстаннан Германияға, Израильге, Грецияға, АҚШ-қа кетушілер көп болды. 1993 жыл 8 ай ішінде Германияға 8000 адам, Израильге 144, Грецияға 81, АҚШ 48, Австралияға 8 адам кеткен. Соған қарамастан қайтып келушілер аз емес, 2002 жылы 26,8 мың адам, 2001 жылдан 15% көп болған. Облысқа 2000 жылы- 2424 адам, 2001 жылы - 2970 адам, 2002 жылы- 3397 адам келген. Келушілер арасында жақын шет елдерден (ТМД), Ресейден келгендердің көрсеткіші жоғары. Облыс аралық көші-қонда 2003 жылы 5681 адам, оның көпшілігі Шығыс Қазақстаннан – 634 адам, Жамбыл облысынан – 895 адам, Оңтүстік Қазақстаннан – 828 адам, Батыс Қазақстаннан – 93 адам, Атыраудан – 37, Маңғыстаудан – 38 адам келген. Кетушілір арасында 6,4 мың адам, келушілерге қарағанда 153 адам аз болған. Ақмола облысына – 874 адам, Алматы облысына – 697, Астанаға -1374, Алматыға – 1204 адам кеткен. Аудандар бойынша кетушілер Қарқаралы мен Шет ауданына тиесілі.

Керісінше келушілер қалаларға және Бұхаржырау мен Абай аудандарының үлесінде. Сонымен көші-қонға негізге әсет етуші факторлар: экономикалық, әлеуметтік, этникалық, экологиялық. 1991-2003 жылдар аралығында кеткендер саны 649490 адамды құрады, оның ішінде ТМД елдеріне кетушілер 5656 адам, Азербайджанға 16, Белоруське 156, Қырғызстанға 11, Молдоваға 19, РФ-ге 4696 адам, Тәжікстан 2, Өзбекстан 25, Украина 149 адам кеткен [6].

Қарағанды қаласынан шығысқа қарай 221 қашықтықта Қарқаралы ауданы орналасқан, ауданда 52762 халық тұрады, оның 26482-сі еркектер (50%), 19337 -і әйелдер (50%), кейінгі жылдары халық 33,1 мың адамға азайған.

Орталық Қазақстанның тағы бір ауданы – Ұлытау ауданы. Аудан 1938 жылы құрылған, 1999 жылы халық саны 20430 адам, оның 10401 ер адамдар (50,9%), 10029 әйелдер (49,1%). 2003 жылдың басында ауданда халық 17,2 мыңға дейін азайған. 1991-2001 жылдар аралығында келушілер 5595, кетушілер 12218 адам болды. Көші – қон сальдосы - 6623 адам болды [30,31].

Қазіргі кезеңде көші – қон үрдістері әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың ең бір негізгісі және көпқырлысы болып табылады. Көші – қон әсерлі және күрделі құбылыс болып отыр. 1990 жылы Қарағанды облысының көші – қон үрдістері дамуында 2 кезеңді: 1991-2000 ж., 2000 жылдан қазіргі кезеңге дейінгіні атауға болады. 2 кезеңде миграциялық белсенділік жыл сайын төмендей бастады. 1991-1997 жылдары жалпы өсімнің өте төмен екендігі, ал 1998 жылдан бастап төмендеудің азайғаны көрінеді.

Кесте 3